» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық  қарым-қатынастары казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық  қарым-қатынастары на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе.
1. Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы.
1.1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы.
1.2. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастардың басты бағыттары.
1.3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Қазіргі таңдағы Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары.
2.1 Қазақстан мен Түркия республикасы арасындағы халықаралық байланыс
2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген.
1923 жылы 29-қазанында Мұстафа Кемал Түркия Республикасын жарияалады. Мұстафа Кемал Түркия Республикасының бірін-құрылыс, құқықтық қатынастар, мәдениет және тұрмыс сапаларында реформалар жүргізді. Экономика саласында бірсыпыра прогресшіл шаралар жүзеге асырылды. Шетел концессиялары түгел дерлік жойылды және сатып алынды, ұлттық банктер құрды, бірқатар жаңа темір жол, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды.
Сонымен тұңғыш Түркия Президенті Мұстафа Кемал болжағандай 57 жылдан кейін Кеңес Одағы ыдырай бастады.
«1990 жылы тұнғыш рет Түркияадан мәдениет министірі Намук Кемал Зейбек ресми сапармен Қазақстанға келеді. Ол Қазақстан мен Түркияның мәдени байланыстарын дамыта түсу жөнінде бірнеше келісім шарттарға қол қояды. Бұл келісім шарт бойынша Түркия мемлекеті Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауйдің кесенелерін қалпына келтіруді өз мойындарына алады».
«1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і Президентінің шақыруы бойынша Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Осы сапар кезінде Н.Назарбаев пен Тұрғыт Озал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде мәдениеттерінің, тілдерінің, рухани мұра мен дәстүрлердің ортақтығы біріктіретін екі ел халықтарының саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялы, мәдени, гуманитарлы, хабарламалық және басқа салалардағы ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылды».
Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. Бірақ айта кететін бір нәрсе 1992 жылы Стамбулда Түркі мемлекеттерінің бас қосуында Түркияның Президеті «Түркішілдік Одағын» құруға ұсыныс жасағанда Н.Назарбаев қол қоюды қарсылық білдірді Өзбекстан Президенті Ислам Каримовта бұл ұсыныстан қол қоюдан бас тартты.
Ал 1994 жылы екінші түрік мемлекетінің басшыларының бас қосуы болды. Бұл бас қосуда Н.Назарбаев түркі мемлекеттерінің Президенттеріне Еуразия одағын құруға ұсыныс жасады. «Н.Назарбаев бұл одақ әскери емес, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдениеттер қарым-қатынастарың дамуы үшін еді».
«Қазақстан мен Түркия арасында 9-жылдық дипломатиялық қарым-қатынаста 66 құжатта қол қойып, оның ішінде 49 мемлекет аралық құжатта қол қойылды».
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Түркия Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынас кең қанат жайды. Екі елдің арасында сауда қатынасы 1992-жылы 30 миллион АҚШ доллары болса, 1997жылы-360 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2000 жылы-460 миллион АҚШ долларын құрады.
Қазақстан территориясында Түркия кәсіпорындары Қазақстан кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуде «Қазіргі кезде Қазақстанда қазақ-түрік бірлескен 321 кәсіпорындары бар».
Осы кәсіпорындар Қазақстанда қазіргі таңда ТМД елдерінің арасында ішкі өнім шығарудан бірінші болып отыр. Екі елдің арасында транспорт пен коммуникация қарым-қатынасы да дамып келеді.
«1995 жылы Түркия Президенті Сүлеймен Демирел мен Н.Назарбаев екеуі экономикалық ынтымақтастыққа келісім шартқа қол қойды.» Бұл келісім шартқа «негізінен Қазақстанның Каспийдегі мұнайын Түркияның территориясы арқылы Еуропа базарына шығару туралы келісім шартқа қол қойылды»
Сүлеймен Демирел екі ел арасында транспорт қатынасы туралы мынандай ұсыныстар айтты: Бұрынғы орта ғасырлық сауда жолы Жібек жолын қалпына келтіру, Иран мен түркіменстан арасындағы темір жол арқылы Түркия мен Қазақстан арасындағы темір жол қатынасын орнату. Кавказ территориясынан тас жол қатынасы және Каспий теңізі мен Волга ме Дон өзендері арқылы кеме қатынасын орнату туралы ұсыныс жасады.
Туысқан ел арасында мәдениет қатынасы дамуда. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі ел арасында мереке тойлар өткізу мен мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды. 1995-1996жылдары Түркия мен Қазақстан мәдениет күндері болды.Түркия қазақ халқының ақындары мен жжазушылардың мерей тойларын қарсы алды. Олар «Абайдың-150 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығының мерей тойлары және конферецияларда өткізілді».
«1996-1998 жылдары аралығында Қазақстан мен Түркия арасындакғы мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі хаттамада мәдениет министірі Т.Мамашев пен И.Қақарман қол қойды».
Бұл хаттамада мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды одан әрі тереңдету туралы мәселелер қамтылған. Атап айтқанда түрлі фестивальдер, конференциялар ұйымдастыру, кино апталықтарын өткізу тағы басқа шаралар қарастырылды.
2000 жылы қазан айының 19-21 күндері аралығында Түркия халқының ежелгі ХҮ ғасырлық тарихы бар Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын тойлады. «Бұл мереке тойға Түркі халықтарының мәдени министрлері келді. Және бір айта кететін жайт Түркия Республикасының 10-Президенті Ахмет Неджет Сезер қатысты».
«Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі рестраврацияланды. ХҮІІІ ғасырда қазақ хандарының үш жүз болып біріктрілген Абылай ханның мәйіті Ақсарайға арулап қайта қойылды. Түркістанның 1500 жылдық тойына Қазақстан ғалымдары «Түркістан энциклопедиясын» жарыққа шығарды. Бұл энциклопедияда түркі халқының тарихы мен мәдениеті туралы жазылған».
Қазақстан мен түркия Республикасы арасында ғылым мен білім саласында да ерекше орны бар.
Екі туысқан елдің ғылымдары конференциялар ұйымдастырылды.Бұл конференцияларда екі елдің ғылымдары өздерінің бағалы материалдарын алмастыру, әдебиет шығармаларын және тағы басқа еңбектерін аудару туралы шешім қабылдады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан қаласында 11 мыңдай студент оқиды, оның 500студенті Түркия азаматтары. Шымкент қаласындағы бөлімінде 6000 мыңдай студент оқиды, оның 100 студенті Түркия азаматтары. 1995 жылы Алматы қаласында Сүлеймен Демирелдің атынан ақылы университет ашылды.1991-1992 жылдары Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ-түрік лицейі ашылды. Қазіргі таңда 30-ға жуық қазақ-түрік лицейлері бар.
Қазір лицейде 6 мыңдай қазақ жастары оқиды. Олар қазақ, ағылшын, түрік тілдері жүргізіледі және компютермен де сабақтар жүргізіледі.
Осылайша Қазақстан мен Түркия Республикасының жан-жақты салада қатынастарын дамуы тарихи құбылыс сипатын алып отыр. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып отыр. Осыған орай мен осы жұмысымда арнайы зерттеу жасап оқулық жұмысын жасауды көздедім.
Сонымен Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым-қатынастары туралы сол кездерде бірқатар еңбектер мен кітаптар, ғылыми мақалалар жарыққа шыға бастады.
Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне жазды.
Н.Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады.
1996 жылы Түркия Республикасында Қазақстан мен Түркия Республикасының 5 жылдық дипломатиялық, экономикалық мәдениет қарымқатынастары мен екі елдің 5 жылда жасалған келісім шарттар туралы жазылған еңбек шықты. Фейзуллах Будак ежелгіден қазіргі қазақстанның тарихы туралы өз еңбегін түрікше жазып шығарады .
2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессорлары мен оқытушылары Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым қатынастары туралы зерттеп өз еңбектерін жазып шығарды . 1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 5 жылдық білім жетістіктері туралы еңбек жазып шығарды . Нарибаев М. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қатынастары туралы мақаласын жазды. Бұл мақалада Түркия мен қазақстанның екі жақты экономикалық қатынастары, инвестиция, біріккен кәсіпорындар, сауда қатынастары туралы жазды
Н.Назарбаев 1994 жылы Түркияға ресми сапармен барғанын және түркі тілдес халықтардың Еуразия Одағын құру туралы «Халық Кеңесі» газетіне жазып шығарады . Ибрагим Қазақстанның Түркияменг экономикалық қатынасы мұнай саласы мен сауда қатынасы туралы «Түркия мен Қазақстан» деген мақаласын жазады .
1. Қазақстан мен Түркия қатынастарының дамуы және оның қәзіргі кезектегі мәселелері
1.1 Қазақстан Республикасымен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы.
Дипломатиялық қатынастар – «Халықаралық құқық ережелеріне және тәжірибесіне сай, мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды ұстаудың негізгі нысаны» .
Дипломатия-дегеніміз ол Мемлекеттің сырқы саясатын жүргізу тәсілі, яғни ол әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы, белгілі бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістер шет елдегі мемлекет және Үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сырқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктерінің, ресми қызметі: мемлекеттің сырқы саяси мәселелерін және мақсаттарын жүзеге асырушы халықаралық конференциялардағы делегациялар, сонымен қатар мемлекеттің шетелдегі азаматтардың және мекемелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметі.
«Дипломатия» ұғымын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдетумен, сонымен қатар қалықаралық қатынастарды болдырмау не реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен байланыстырады.
Тәжірибедегі ең негізгі және ең кең тараған дипломатиялық тәсілдер мыналар: жоғарғы және жоғарғы деңгейдегі ресми және басқа визиттермен келіссөздер: дипломатиялық конгресстер, конферециялар, кеңестерімен кездесулер, екі жақты және құжаттарды бекіту, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдегі, дипломатиялық хат алысу, дипломатиялық құжаттардың құрылуымен көп жақты дипломатия аса маңызды мәнге ие болды.
Мемлекеттің дипломатиялық қызметін Үкімет тікелей басқарса-сыртқы істер ведомствосы оны жүзеге асырды.
1990 жылы сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССРО-інің Президенті болып сайланды. Н.Назарбаев Қазақ КСР Конституциясы мен 1995 жылы 25 қазан айында қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туалы Декларацияға сәйкес жұмыс істеуді қазақ КСР сырқы істер Министірлігі де негізгі бағыт етіп ұстанып Декларацияның 14-бабында былай делінген: «Қазақ КСР-інің халықаралық қатынастардың дерьес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүддесіне Біріккен ұлттар ұйымының және мамандандырылған мекемелердің қызметіне қатысуға құқығы бар.
Республика шет мемлекеттермен экономикалық және сауда байланыстарын еріктілік пен тең құқылық принциптерінсақтай отырып, өзара шаттар негізінде құрады, сыртқы экономикалыққызмет мәселелері дербес шешеді».
1991жылы 4 наурызда Алматыдағы Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал арасында келіссөз болды, «тұңғыш рет екі елдің өзара экономикалық сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын кеңейту жөнінде 11 баптан тұратын келісім-шартқа қол қойылды».
Қазақ КСР сыртқы істер министірі А.Х.Арыстанбекова мен Түркия Республикасының сырқы істер министірі, А.Куртджебе Альптемочин арасындағы екі министірліктің өзара кеңестер жасауы туралы хаттамаға қол қойылды. «КезіндеҚазақстан Үкіметі 1994 жылдан бері республикада сыртқы істер министірлігі құрылғалы мынадай хаттамаға бірінші рет қол қойып отыр» . Екі ел сыртқы істер министірліктері Қазақ КСР-і менТүркия Республикасы арасындағы екі жақты келісімділіктің жүзеге асыруымен қол қойылған хаттамалардың орындалуы жайлы бір-бірін үнемі хабардар етіп отыр. Сол сияқты екі ел мекемелері өзара қарым-қатынастық жағдай туралы, сонымен қатар екі жақтың да мүддесіне сай келетін халықаралық өзекті проблемалар, сыртқы-саясаттық, экономикалық және қаржылық мәселелері туралы кеңес жүргізіп отыруға келісті........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 14 | 22.01.2019


Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумы, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін