Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық

 Экономика | Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................3
Ι Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда - экономикалық қатынастар ........................................................................................тан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастарының даму тарихы........................................................................................................5
1.2 Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын сараптау............9
ΙΙ Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың мүмкіндігі.......................................................................13
2.1 Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы мұнай факторының рөлі.....13
2.2 Мұнай тасымалдау сферасындағы Қытаймен ынтымақтастықтың даму тенденциясы.................................20
Қорытынды.......................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................26

Кіріспе
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым - қатынас сонау Ұлы Жібек жолының кезінде ақ басталған. Ол кезде созылып жатқан шексіз далада көпестер көрші мемлекетерден бастап, алыс елдерді сауда сатықпен айналысып кезетін. Бүгінгі күні Қытай сол баяғы Ұлы жібек жолын жандандыруға мүдделі екені бәрімізге аян.
Қытай қазіргі таңда экономикалық, саяси және әскери жағынан алпауыт мемлекеттердің бірі болып отыр. Сонымен қатар ол ядролық держава статусына да ие. ҚХР Азия Тынық мұхиты аймағы және Оңтүстік Шығыс Азияда өзінің геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда. Сондай - ақ ол Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. Оның геостратегиялық мүддесі десекте қателеспейміз. Қытайдың қарқынды жатқан экономикасының әрі қарай дамуы үшін көп мөлшерде көмірсутек қажет. Ол мұнайдың 60%- на жуығын Араб елдерінен алады. Осы маршруттың арақашықтығы да ұзын және бұл аймақ саяси тұрақсыз. Сондықтан Қытай Қазақстанның мұнай - газ секторында өзіндік орынды иеленгісі келеді. Ол осы салаға инвестицияны да құйып жатыр. Құбырлар салып, жаңа жобаларды іске асыруға ұмтылуда. Сондай - ақ екі елдің арасында сауда саттық қарқынды дамып жатыр. Аталмыш курс жұмысының өзектілігі - аспан асты елін Қытайдың Қазақстандағы экономикалық мүдделерін қарастырып, зерттеу.
Курс жұмысының - мақсаты екі елдің экономикалық байланысы қандай дәрежеде екенін зерттеп, сараптамалық жұмыстарды жүргізу.
Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды:
1. Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық қатынастарын қарастыру;
2. Екі елдің арасындағы сауда экономикалық қатынастарының деңгейіне баға беру;
3. Тауар айналымының көрсеткіштерін кесте күйінде көрсету және осы арқылы дұрыс мәлімет беру;
4. Елдер арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жай күйін зерттеу;
Осы курс жұмыстың тарихнамалық негізін әр түрлі зерттеулер мен
мерзімді басылымдар құрайды.
Жұмысты жазуда К.Л. Сыроежкиннің «Проблемы Современного Китая и безопасность в Центральной Азии» атты кітабы өте құнды болды. Бұл зерттеуінде автор қазіргі Қытайдың өзекті мәселерін ашып көрсете алған. Қазіргі кездегі Қытайдың өзінің батыс аймағына (ШҰАА) аса көңіл аударып жатқаны туралы жазады, бұл аймақ шығысқа қарағанда экономикалық әлеуметтік жағынан өте төмен болғандықтан, Қытай ШҰАА ны дамыту туралы үлкен концепция қабылдады. Осы концепцияны дамытуда Қазақстанның рөлін автор өте дұрыс көрсеткен. Қазақстаннан келетін энергоресурстардың көп бөлігі осы аймақты дамыту мақсатында жұмсалынады.
«Казахстан и Китай: стртегическое партнерство в целях развития» атты жинақта жылғы халықаралық конференциялардың материалдары жазылған. Жинақта Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың потенциялы мен инвестициялық саясаты туралы көптеген мәліметтер алуға болады. Отандық ғалымдармен қоса, Қытай елінің беделді өкілдерінің де сараптамалық зерттеулері туралы жазылған құнды еңбек.
«Қазақстан Спектр» мерзімдік басылымында Б.К. Султановтың «Политика России, КНР и США вновых геополитических реялиях» атты мақаласында Қытайдың Орталық Азияда, әсіресе Қазақстандақы экономикалық мүдделері туралы жазылған.
Осы мерзімдік басылымындағы М. Асанбаевтің «Қазақ қытай қатынастардың өзекті аспектілері» атты мақаласында көп жағдайда экономикалық аспетілерін атап өтеді. Бұл зерттеу де курс жұмысын жазуда құнды болды.
Курс жұмысы екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда сауда экономикалық қатынастарға тоқталған, ал екінші таруда энергетикалық сектордағы ынтымақтастық туралы мәліметтер берген.
Ι Тарау. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда - экономикалық қатынастар.
1.1 Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастарының даму тарихы
1992 жылы қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылып, Қазақстан мен Қытай екі жақты қарым - қатынастардың құқықтық базасын құру мақсатында нақты дипломатиялық іс - қимылға көшті.
1992 жылы ақпанда Премьер - министр С. Терещенко ҚХР - ға ресми сапармен келді. Келіссөздер нәтижесінде Пекинде бірқатар құжаттарға қол қойылды, оның ішінен төменгілерді бөліп көрсетуге болады:
• Сауда - экономикалық және ғылыми - техникалық ынты-мақтастық жөнінде үкіметаралық комиссияны құру жөніндегі келісім.
• Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін ашу туралы келісім (Қорғас (Қазақстан) - Хоргос (ҚХР), Достық (Қазақстан) Алашанькоу (ҚХР), Бахты (ҚР) - Покиту (ҚХР) өткізу пункттерін ашу туралы келісім) [4,122]
1992 жылы сыртқы істер министрлері өзара сапарлармен алмасты.
Тиісті келіссөздер қорытындысы ретінде Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге тамызда қол қойылды (1994 жылғы 18 тамызда бекітілгеннен кейін күшіне енді). Тараптар өзара инвистициялардың шарттары, принциптері, режимі және туындайтын дауларды шешудің тәртібі туралы уағдаласты
Қазақстан 1990 жылдардың басында ақ Қытайдың негізгі Орталық Азиялық әріптесіне айналды. 1993 жылы қазанда ҚР президенті Н. Назарбаев ҚХР ға ресми сапармен барады, сапар барысында достық негіздері туралы бірлескен декларацияға қол қойылады.
1990 жылдардың ортасынан бастап екі ел арасындағы сауда саттықтың тұрақты өсуі басталды. 2000 жылы сауда саттық ауқымы 1,2 млрд доллардан астам болды. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орынға шықты, сөйтіп Қытайдың маңызды сауда серіктесіне айналды. Қытай инвестицияның ауқымы 580 млн долларға жетті. Бұл біздің еліміздің экономикасына тартылған барлық шетелдік инвестициялардың 4,5 пайызы. Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында экономикалық байланыстарды одан әрі ұлғайтуға, сауда саттықты кеңейтуге екі жақты мүдделілік білдірілді. Мәселеге осылайша қарау екі елің ұзақ мерзімді мүдделеріне және олардың экономиклық дамуының мүмкіндіктеріне толық сәйкес келеді.
1999 жылғы 23-27 қарашада Президент Н. Назарбаевтың Қытайға ресми сапары болды, оның нәтижесінде үшінші мыңжылдық қарсаңында екі елдің саяси және экономикалық өзара іс қимылының басымдықтары бекітілді. Мемлекеттер басшылары көп қырлы ынтымақтастық одан тереңдетуге екі жақты мүдделілікті білдірді және өз елдерінің үкіметтеріне барлық туындайтын мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды. Екі жақты қарым қатынастарда бар ізгілік пен өзара түсініктің ахуалын Қытай басшысының төмендегідей мәлімдемесінен байқауға болады: «Халықаралық жағдай қандай өзгеріске түссе де Қытай барлық уақытта Қазақстанның сенімді досы және ізгі көршісі болады» [4,125].
2001 жылғы 12 - 13 қыркүйекте болған ҚХР мемкеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің Қазақстанға ресми сапары экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану және қазіргі бар проблемаларды шешу көзқарасынан туындады. Келіссөздер кезінде тараптар екі жақты қатынастардың жай - күйіне кешенді түрде талдау жүргізді, тауар айналымының құрылымын жетілдіруге және оның көлемін ұлғайтуға, өзекті проблемалар бойынша келіссөздер тетігін дамытуға бағытталған бұдан былайғы іс - қимылды белгіледі. Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің басшылары бірқатар келісімдерге қол қойды, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық ( ауыл шаруашы-лық дәнді дақылдардық карантині) туралы келісім бар.
Соңғы жылдарда Қазақстан мен Қытай арасында сауда экономикалық сферадағы байланыстар айтарлықтай дамып келе жатыр, екі елдің қатынастарының әлеуметтік - саяси және экономикалық негізі нығаюда және өзара саяси сенім тереңдеуде.
Қазіргі таңда Қазақстан тұрақты және сенімді әріптес, Қытаймен кең ауқымды және өзара тиімді сауда - экономикалық байланыстардың нығаюы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметініндегі басты бағыттардың бірі болып табылады. Екі елдің сауда - экономикалық және инвистициялық ын-тымықтастығының мүмкіндігі туралы айтқанда олардың көрсеткіштерін келтіру керек
Бірінші кешекте ҚХР мен ҚР арасындағы экспортты - импорттық операциялардың көлемінің өсуін салыстыру арқылы байқауға болады.
Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда операциялар (млн долл.) [3, 143]
1996 1997 1998
Жалпы көлемі 10152 591 4241 10797,8 6497 4300,8 9785,4 5435,8 43496
Оның ішінде Қытай 494,7 458,9 35,8 489 442,2 46,8 433,7 382,1 50,6
% 4,87 4,53 4,43
1999 2000 2001
Жалпы көлемі 9275,0 5592 3683 13852,2 8812,2 5040,0 15085 8639,1 6446
Оның ішінде Қытай 554,5 473,1 81,4 825,7 673,7 152,0 832,2 659,6 172,6
% 5,99 5,96 5,53
2002 2003 2004
Жалпы көлемі 16254 9670 6584 21335 12927 8408 32877 20096 12781
Оның ішіндеҚытай 1336,2 1023 313,2 2177,6 1653,1 524,5 2727,6 1967,3 769,3
% 8,22 10,21 8,30
Екінші кезекте ҚХР дің Қазақстан экономикасына құйып жатқан тікелей инвестициясының көлемі жылдан жылға өсіп жатыр, яғни Қытайдың Қазақстандағы инвестициялық белсендігінің артуын көре аламыз
Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялар (млн долл.)
1993-1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004
Жалпы көлемі 6505,3 1587,2 4544,6 4073,5 4106,36 4607,60 8423,73
Оның ішінде:
Қытай 411,7 49,6 211,9 64,7 64,73 248,61 393,47
% 6,33 3,13 4,46 1,59 1,58 5,40 4,67
Осы арқылы Қытайдың инвестициялық саясатын тұжырымдауға болады. Алайда соңғы жылдардағы мәліметтер болмағанымен, оның инвестициясының көп бөлігі мұнай құбырларын салуға жұмсалынғаны айдан анық. ҚХР дің Қазақстандағы негізгі инвестициялық саясаты сауда мен қызмет көрсету саласынан кенетен мұнай газ секторы мен инфрақұрылымдық объектілерге байланысты ірі инвестициялық жобаларға өтті.
1.2 Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын сараптау
Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда операциялар көлемі өскеніне қарамастан, Қазақстанның сыртқы сауда балансында Қытайдың үлесі тек 10% ғана құрап отыр
Кейбір парадокстарға көңіл бөліп кетпеуге болмайды.
Біріншіден, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының 75% - ын тек бір ғана оның аймағы ШҰАА құрайды.
Екіншіден, тек қана тауар көлемі емес, сондай ақ оның түрлерін есепке алсақ, Қазақстанның пайдасына оң сальдоны көре аламыз. Тауар түрлері сан түрлі және жүк тасымалының ең негізгі қақпасы болып «Дружба – Алашанькоу» табылады. Тауарлардың пайыздық үлесі де әр түрлі: түсті металлдар - 9%; қара металлдар - 26%; мұнай - 15%; окатыш - 9%; химикаттар - 1%; орман өнімдері - 2%; тұтыну тауарлары - 5%; металолом - 27%; тыңайтқыштар - 4% және т.б. Қытай Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанның нарығын жаулап алуда. Қазақстантек тауарды шикізат күйінде шығарып жатыр, ал Қытай сол шикізаттан жасалған дайын өнімді нарығымызға енгізуде[2,117].
Қытай Халық Республикасына Қазақстанның экспорты
Өнім атаулары 2004 жыл, млн АҚШ доллары 2005 жыл, млн АҚШ доллары Өсім деңгейі, %
Минералды өнімдер 669,7 685,9 2,36
Химия және онымен байланысы бар өнеркәсіп тауарлары 90,0 129,7 36,6
Тері, жүн және оның өнімдері 122,8 219,5 44,1
Мата және мата өнімдері 13,2 32,0 58,6
Электротехникалық құрал жабдықтары және басқа да жабдықтар 7,4 8,7 14,9
Қара металлдар 1,1 1,3 15,4
Қазақстанға ҚХР-дан келетін импорт
Өнім атаулары 2004 жыл, млн АҚШ доллары. 2005 жыл, млн АҚШ доллары Өсім деңгейі, %
Тірі мал және мал өнімдері 61,2 85,3 28,3
Көкөніс өнімдері 8,4 6,9 - 21,7
Тамақ өнімдері, сусындар, уксус, табак 10,1 13,3 24,1
Минералды өнімдер 63,2 61,3 - 3,1
Химия және онымен байланысы бар өнеркәсіп тауарлары 62,9 61,8 - 1,8
Пластмасса, каучук және олардан жасалатын бұйымдар 34,5 54,4 36,6
Ағаш және ағаш өнімдері 3,6 9,5 62,1
Ағаштан жаса-латын қағаздар мен басқа да қағаз түрлері
Растительные материалы 5 13,7 63,5
Мата, мата өнім-дері 51 56 8,9
Аяқ киім, бас киім, және басқа да тауарлар 11 29,8 63,1
Тас, цемент, гипстен жасалған бұйымдар 69,7 66,8 - 4,3
Қара металлдар 1 2,5 60
Машина және электроникалық құрал-жабдықтар 225,8 435,1 48,1
Су және әуе көліктернің жаб-дықтары 49,8 88,2 43,5 ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!