Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар

Курстық жұмыс: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар

Курстық жұмыс: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар казакша Курстық жұмыс: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар на казахском языке
Мазмұны
І . Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтың мақсаты мен міндеті.
1.2 Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар түрлері
1.3 Мектеп информатика курсы бойынша сабақтан тыс курстық жұмысқа талдау жасау жаңа технологияларды пайдалану.
1.4 Оқушылардың информатикадан білім сапасын жетілдіру
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады.
Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Оқушылар информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттерде қалыптасады. Сонымен қатар, жеке адамны табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады.
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме – мектеп оқушыларымен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ-ның болуы қажет.
Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында, оқу-өндірістік камбинаттарындағы мектепаралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені кампьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында беруге болады.
Дәстүрден тыс сабақ жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын дәстүрден тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Дәстүрден тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
1. Балада жағымды «Мен» - тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі
факторларға байланысты:
а) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
в) өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.
Жағымды «Мен» - тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс - әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әртүрлі жұмыстар баланың іс – тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
2. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу.
Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір – бірімен барлық жағынан қарым – қатынаста болады.
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай, әсіресе, теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь, нашақорлық, тәртіп бұзушылық тағы басқа) көбеюімен көкейкесті болып тұр.
4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
5. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс - әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы, сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртібі олардан бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу қажет.
Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі, олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын болуын талап етеді. Ондай іс – шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразі ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланбаған болып келеді, сонымен қатар, өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан, сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.
Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің білімі мен күшін көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті - әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып, әрі қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.
Жоғары сынып оқушылары – бұлар жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар, өнеркәсіп пен қызметтік саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моральдық тұрғыдан жетілген жәнежоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл – ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз - өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.
Мектепте кампьютерлердің пайда болуы оқушылардың сабақтан және мектептен тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер береді. Информатикадан жүргізілетін қосымшы сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктерін арттырады. Ол өзінің алдынына мынандай міндеттер қояды: а) информатиканы және оның қолданылуларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту; б) ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру; в) информатика мен кампьютерды қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға қамтамасыз ету; г) оқушылардың бос уақытымен демалысын ұйымдастыру.
Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі сынып оқушыларын өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың кампьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етудін дайындау – маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.
Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультактивтік курстар, экскурсия, олимпиадалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. Оларға кампьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқытатын және күндізгі мектептері, мектептен тыс жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады.
Информатика курсын жоғарғы кластардан төменгі буынға көшіру қажеттілігін осы бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дәлел ретінде информатиканы төмендегі сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып жатқан мақалалар, сондай-ақ, 1, 4, 5, 6-7-сыныптар үшін Информатикадан ұйымдастырылған үйірме жұмыстары мен факультативті сабақтарды айтуға болады.
Информатика курсының төмендегі сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде және тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде бірқатар жинақталған тәжірибелер бар. Дегенмен бұл мәселе, орта буында оқытылатын «Информатика» курсы материалдарын іріктеу, оқушылардың белгілі іскелігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау әлі де болса терең зерттеуді талап етеді.
Көптеген әдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пән ретінде жоғары сыныптарда оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптастырылуын кешеуілдетеді, бұл пәнді оқу барысында қалыптастырылатын дағды бір ғана пәнге тән емес екенін, жалпы білім беретін мәні бар болып есептелелтінін атап көрсетеді.
Информатика курсын орта сыныптарға көшіру біріншіден, информатика пәнін оқу барысында алынған іскерлік, білім мен дағдыны оқушы басқа пәндерді оқуда емін-еркін пайдалана алады; екіншіден, әртүрлі оқу есептерін шешуде компьютерді құрал ретінде пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін белсенді дамытуға мүмкіндік береді; үшіншіден, ерте жастан компьютердегі құбылыстардың моделімен жұмыс істеу дағдысын игеру есебінен оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Олай болса, бұл мәселе оқушылардың жас ерекшелігімен мүмкіндіктеріне қарай пән мазмұны мен оқыту әдістемесін түбегейлі зерттеуді талап етеді.
Сондай-ақ, Чех және Словак елдеріндегі Ян-Амос Каменский атындағы Братислов университетіндегі жасалған жұмыстарды айтуға болады. Мұнда 4-15 жас қалыптастыру мақсатында Клоун, Козлик, Робот-Карел программалары пайдаланылып оқытылады.
1. Клоун программасы – 4 жастан бастап, балаларды компьютермен таныстыратын, тышқан манипуляторы мен клавиатураны үйретуге арналған оқу-ойын программасы.
2. Козлик программасы – оқушыларды Козлик атқарушысын тікелей басқару арқылы ойыннан сызықтық алгоритм құруға үйрететін ойын программасы.
3. Ал, Робот-Карел программасы – программалау негіздерін оқытуға арналған нағызғы программалау тілі. Осындай оқыту курстары бойынша оқытылған. Бұл курстардың нәтижелері сапалы, білекті оқушылар даярлаған. Осындай мәселелерді біздің Республикамызда қолданытар жасалып қолға алсақ үлкенбір жетістіктерге жетуші едік.
Біздің Республикамыз бойынша «Қазақ мектебінде Информатика курсытық оқытудың тұжырымдамасы» негізінде жасалынып жүргізілген экспериментті бөліп айтуға болады.
Бұл курстың мақсаты:
 Оқушыларға компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың мүмкіндіктерітуралы мағлұмат беру;
 Компьютерді ойлаудың түрлерін (логикалық, проективті т.б) дамыту және қалыптастыру;
 Оқушыларда компьютермен жұмыс істеу білімі мен дағдысын, іскерлігін қалыптастыру.
Оқушылардың түрліше ойлау қызметін дамытуда мектептегі математиканың, дәлірек айтсақ, геометрияның маңызы зор. Геометрияны оқыту барысында оқушылар көптеген теоремеларментанысады. Барлық уақытта оларға дайын дәлелдеулер беріліп, оны оқушылар жаттайды. Теоременың дайын дәлелдеуімен танысу оның тек дұрыстығына көз жеткізумен шектеледі. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін дәлелдеуді өз ойымен табу қажет. Ал, мұндай дәлелдеуді оқушы өз бетімен табуы үшін оның қолына қуатты құрал қажет және дәстүрлі әдісі бойынша бұл мәселені шешудің қиынға соғатыны белгілі. Осы себепті информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар жүргізілуі тиіс.
Міне, аталған мәселені шешудің бір қадамы ретінде компьютер мен информатика курсыын дәстүрден тыс сабақтарды жүргізуге болады. Бұл оқыту жүйесі басқа дәстүрлі әдіспен салыстырғанда сапалы, тереңінен түсіндіріледі. Информатика курсы бойынша дәстүрден тыс оқыту құралы оқу жүйесін информатикаландырудың басты талабы – оқытудың хабарлау, қайта айтқызу түрінен, өздігінен білім алу, шығармашылық белсенді және өнімді түріне көшуге жағдай жасайды. Осы ортада оқушы өзінің «микро әлемін» құрып, кішігірім зерттеу жұмысын жүргізуіне мүмкіндік туады.
Мектеп информатика курсы бойынша сабақтан тыс курстық жұмысқа талдау жасау жаңа технологияларды пайдалану.
Мектеп информатика курсы бойынша дәстүрден тыс сабақтарға жаңа технология түрлері арқылы сабақ беру сонымен модульдік әдісі, деңгейлік әдісі, саралау әдісі, топтау әдісі арқылы біз оқушыны:
• оқушылардың танымдық және ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту;
• тарау бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, қойған мақсатына жете білуге дағдылану, білім дағдысын арттыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін артыру;
• логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;
арқылы оқушыға үлкен жетістіктер бере аламыз.
Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері
Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің формасы.
Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмысы кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.
Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып, нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
Информатикадан диспуттар – бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.
Сынып сағаты – информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметкер – оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарынң шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.
Көрмелерді – информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.
Микро әлемін арттыру үшін оқушының макро білімін оятатын бірнеше ойын түрлерін ұйымдастыру қажет. Сонымен ойын ретінде өтілетін дәстүрден тыс сабақ түріне талдау жасау. Бұл сабақ түрі «Кімге миллион бұйырады?» - деген атпен аталып әрбір оқушыны сприг сұрақтарымен ортаға шақырады.
Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын
қолдана отырып, нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
Бұл ойынның мақсаты:
Білімділік:
1. Оқушылардың білім деңгейін тереңдету;
2. Оқушыларға барлық өтілген тақырыптардан толық шолып білім деңгейін көрсету.
Тәрбиелік:
1. Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету;
2. Білімді, шыншылды, өжет тұлғаны қалыптастыру........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 13 | 2.02.2019



Загрузка...
Читайте также

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар информатика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курст, Курстық жұмыс: Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін