👈 қаріп өлшемі 👉

Сот жүйесі | Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты

 Сот жүйесі | Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты

Мазмұны
Кіріспе.............................................................. 3
1. Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты.............4
2. Соттарда заңды күшіне енбеген үкімдерді қайта қарау...................................10
3. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу тәртібі..............................................14
4. Қазақстан Республикасы сот жүйесін жетілдіру жолдары...............................25
Қорытынды................................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................... 28
Қосымша....................................................................................................................29

Кіріспе
Сот алқалары облыстық соттар үшін аппеляциялық саты болып табылады.Олар облыстық соттағы сот алқаларының заңды күшіне енбеген үкімдерге және шешімдерге шағым мен наразылық бойынша істерді қарауға құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 292-бабының 3,4 –тармақтарына сәйкес : «ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестірілген соттардың істері бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне,қаулыларына аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.
Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінде болып жатқан маңызды реформалар мен құқық қорғау органдары құрылымына да бірқатар өзгеріс әкелгені аян. Ендеше, мемлекеттік биліктің бір тармағы-сот билігін жүзеге асыру саласында да елеулі мәні бар жаңалықтардың енгізілуін орынды құбылыс деп бағалауға болады.
Сот төрелігін жүзеге асырушы сот органдарының басты міндеті қылмыстық істі шешу, қылмыстық заңды дұрыс қолдану және әділеттілік пен заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл мідеттерге қол жеткізу ,қоғам өмірінде азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін со арқылы қорғау қағидасының орындалағаны деп айтуға болады.
Сот билігінің пәрменін арттыра түсу сот органдарының беделін көтеруге бірден бір себеп,оның шешімінің әділдігі.Осы тұрғыдан қылмыстық сот өндірісінде қаулыланатын процессуалдық құжаттардың қоғамдық қатынастарды ролі аса зор болмақ.Оның ішінде әділ сот төрелігінің жаршысы пәрменді нәтижесі болып табылатын-үкімнің ықпалы ерекше. Өйткені,біріншіден ,үкім –сот төрелігінің актісі,екіншіден,мемлекеттік биліктің бір тармағы –сот билігінің шешімі деп танылады.Әр бір сотпен қаралатын қылмыстық іс бойынша әділ сотты жүзеге асыру бұл заңмен белгіленген тәртіпте істі талқылау,объективті іс жүзінде шешу,іс бойынша объективті ақиқатты анықтап, ол бойынша заңды және негізделген үкім шығару.Үкім арқылы белгілі бір іс шешіліп қана қоймайды, сонымен қатар,заңдылық бекітіліп, құқық бұзушылықты жоюға әрекет жасайды жіне азаматтарды саналы құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелейді.
1. Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Алқаның негізгі міндеттері:
1) аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидаттапрды сапалы іріктеуді қамтамасыз ету және оларға үсынымдар беру;
2) судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
«Қазақстан Республикасының біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі №234 ҚР Заңының 1-бабына сәйкес Алқа:
1) аудандық немесе оған теңестірілген сотта,сондай-ақ жоғары тұрған соттарды судья болып жұмыс істеуге тілек білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдайды және аудандық немес оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасы қызметіне тағайындау туралы ұсыным береді;
2) судья қызметіне ораналасу үшін біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың есебін жүргізеді;
3) аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасының орнынан түсуі немесе орнынан түсуі немесе орнынан түсуін тоқтату туралы мәселелерді қарайды және аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасын қызметінен босату туралы ұсыным шығарады.
Өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін Алқаның мемлекеттік органдардан,лауазымды адамдардан ұйымдардан ,азаматтардан қажетті ақпараттар мен құжаттар сұратые алдыруға және алуға,сондай-ақ өз жұмысына мамандарды тартуға құқығы бар.
Судьяның бос қызмет орнына орналасуға кандидатуралар іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетін мерзімі мен орны туралы хабарламаны Алқа конкурс өткізуден бір ай бұрын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
Судья қызметіне Алқаның ұсынымын алуға арналған конкурсқа:
1)судьялар;
2)судья қызметіне біліктілік емтихандарын тапсырған және судьялар резервіне енгізіліп,тағылымдамадан өткен судьялыққа кандидаттар қатыса алады.
Облыстық соттың құрамы,құрылымы және өкілеттігі. Облыстық соттар төрағадан,сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады және қадағалау алқасының,азаматтық істер жөніндегі сот алқасының,қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес Облыстық сот төрағадан,алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық соттың органдары мыналар:
1)қадағалау алқасы;
2)азаматтық істер жөніндегі алқа;
3)қылмыстық істер жөніндегі алқа
4)соттардың жалпы отырысы
Облыстық сот алқаларының өкілеттігі айқындалған:
1.Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі-алқалар төрағалары,ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.
2.Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
3.Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сөт төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.
Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімінен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда ,оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша от алқаларының біріне жүктеледі.
Барлық судьялар облыстық соттарда тиісті төрағалар басқаратын алқалар бойынша бөлінген.Сот алқаларының құрамын облыстық соттың төрағасы бекітеді.
Облыстық соттың сот алқалары заңмен олардың қарауына жатқызылған қылмыстық, азаматтық істерді қарай әрі шеше отырып,бірінші сатыдағы сот ретіне жұмыс істейді.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының қарауына бірінші саты бойынша тізбесі заңда (ҚР ҚІЖК-нің 291- бабының 2-тармағы) көзделген қылмыстар туралы істер жатады, ал азаматтық істер бойынша соттылық ҚР АІЖК-ң 28 бабында айқындалған.
Заңнамада аудандық(қалалық) соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне (шешімдеріне) шағымдар мен наразылықтарды аппеляциялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі алқалардың қарауы көзделген.
Сот алқалары заңда көзделген жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарауға да құқылы.
Істерді қарау нәтижесі бойынша алқалар шығарған сот актілеріне қадағалау тәртібімен ҚР Жоғарғы Сотының тиісті сот алқаларына наразылық және шағым бере алады.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 15-бабына сәйкес облыстық сот алқасы төрағасының мынадай өкілеттіктері бар:
1.Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндетерін атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етеді;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4)сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5)соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;
6)заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.
Облыстық сотта жұмысты ұйымдастыру.Облыстық және оған теңестірілген соттың қызметіне жалпы басшылықты заңмен кең ауқымды өкілеттіктер кешені берілген оның төрағасы жүзеге асырады.
Сот алқаларының төрағаларына алқаның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттер жүктелген.Осы мақсаттарда олар сот (алқа отырыстарында төрағалық етеді және істі баяндайды,бірінші саты бойынша істерді қарайды),ұйымдастыру (судьяларды тағайындайды және істерді қарау үшін құрамдарды жасақтайды, азматтардың жеке қабылдауын жүргізеді,алқаның қызметі туралы есептер ұсынады) функцияларды да жүзеге асырады.
Облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары сот кеңсесінің көмегімен жұмысты ұйымдастырады.
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Жоғарғы соттың органдары мыналар:
1)қадағалау алқасы;
2)азаматтық істер жөніндегі алқа
3)қылмыстық істер жөніндегі алқа
4)соттың жалпы отырысы.
Сот алқалары олардың төрағалары мен Жоғарғы Соттың судьяларынан тұрады;олардың құрамын Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 19-бабында Жоғарғы Сот алқасының құрамы айқындалған:
1. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөнінідегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын-алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.
2. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады
4.Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Көрсетілген Заңға сәйкес Жоғарғы Соттың сот алқалары бірінше саты бойынша, аппеляциялық, сондай-ақ қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот істерін құрайды.
Сот алқалары бірінші сатыдағы сот ретінде ҚР Жоғарғы Сотының құзыретіне Заңмен жатқызылған азаматтық, қылмыстық істерді қарайды және шешеді. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шығарған үкімдерге аппеляциялық та ,қадағалау тәртібімен де наразылық келтірілуі және шағым берілуі мүмкін.Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімдері оларды жария еткеннен кейін дереу заңды күшіне енді және тек сот қадағалауы тәртібімен Жоғарғы Соттың Қадағалау алқасына (ҚА) наразылық білдірілуі мүмкін .
Сот алқалары облыстық соттар үшін аппеляциялық саты болып табылады.Олар облыстық соттағы сот алқаларының заңды күшіне енбеген үкімдерге және шешімдерге шағым мен наразылық бойынша істерді қарауға құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 292- бабының 3,4 –тармақтарына сәйкес : «ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестірілген соттардың істері бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне,қаулыларына аппеляциялық шағымдар ,наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.
ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы:
1)облыстық және оларға теңестірілген соттардың істерді бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарған, аппеляциялық тәртіппен қаралмаған үкімдері мен қаулыларына ;
2)облыстық және оларға теңестірілген соттарың қадағалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары ,ұсынымдары бойынша істерді қадағалау тәртібімен қарайды
Аппеляциялық қаулылар мен ұйғарымдарға ҚР Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасына сот қадағалауы тәртібімен наразылық келтірілуі (ал қылмыстық істер бойынша –шағым берілуі) мүмкін.
Сот функцияларын жүзеге асырумен қатар сот алқаларында сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі ,оларды қарау үшін материалдар дайындалады және т.б
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы
1.Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья болып табылады және cудья міндеттерін атқарумен қатар:
1)алқаның сот отырыстарында төрағалық етеді;
2) сот статистикасын жүргізу ,заңдарды қолданудағы сот практиксын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді ;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы ақпарат береді;
5)Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2.Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқа судьяларының біріне жүктеледі (Сот жүйесі туралы Конституциялық Заңның 21 –бабы)
ҚР Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың Төрағасынан және жалпы отырыста жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Қадағалау алқасының сот алқаларынан айырмашылығы сот істерін тек қадағала усатысы ретінде қарайды; сотпен қатар ұйымдастыру функцияларын да жүзеге асырады.
Қадағалау сатысындағы сот ретінде қадағалау алқасы:
1) бірінші саты бойынша істі қарау кезінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқасының үкімдеріне ,қаулыларына;
2) аппеляциялық және қадағалау тәртібімен істі қарау кезінде шығарылған ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа қаулыларына ;
3) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 458-бабының үшінші бөлігінде кқрсетілген негіздер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына қадағалау наразылықтары ,ұсынымдар бойынша істерді қарайды.
Тұрақты жұмыс істейтін сот алқасынан айырмашылығы Қадағалау алқасының отырысы жиі,қажеттілігіне қарай кемінде айына бір рет өткізіледі.Қадағалау алқасы оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда заңды болып табылады.Қадағалау алқасы қаулысы дауыс беруге қатысқан Қадағалау алқасы мүшелерінің көпшілік ашақ дауыс берумен қабылданады және оған төрағалық етуш қол қояды.
Қылмыстық істер бойынша Жоғарғы Соттың сот алқасы мәжілістеріне қатысу бөлімінің бастығы:
- бөлім жұмысын басқарады және бақылайды, бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте болады;
- бөлім жұмысының жоспары бойынша ұсыныстар енгізеді, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры және оның орынбасарларының жоспарлық іс шаралары, бұйрықтары, жарлықтары және өкімдерінің, Бас прокуратураның алқа және шұғыл жиналыстары шешімдерінің сапалы орындалуларын қамтамасыз етеді;
- қылмыстық істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының апелляциялық, қадағалау сатыларында қарауға бөлім прокурорларының сапалы қатысуын қамтамасыз етеді, апеллятор-прокурорлардың апелляциялық қорытындыларын қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында істердің қаралу нәтижелері бойынша қорытындылардың, ескертулердің төмен тұрған прокурорларға уақытылы жолдануын ұйымдастырады, олар бойынша шаралар қолданылуын бақылайды, талдау-әдістемелік бөлімін тиісті талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
- келіп түсетін шағымдарды, өтініштерді, материалдарды және қылмыстық істерді бөлім қызметкерлеріне бөліп береді, оларды бақылау және шешу сапасын қамтамасыз етеді және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
- құқық қолдану тәжірибесі бойынша ұсыныстар дайындайды, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық мәжілісі мен қадағалау алқасының жұмыстарына қатысуы үшін материалдар дайындайды;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының апелляциялық және қадағалау тәжірибесін қорытындылайды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық мәжілісіне қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесі бойынша түсініктер беру туралы ұсыныстар әзірлейді;
- бекітілген тақырыптар бойынша бөлім жұмысын, шағымдар мен өтініштердің қаралу жұмыстарын талдайды, төмен тұрған прокуратуралар басшыларының есептерін тыңдау бойынша ұсыныстар енгізеді;
- талдау жұмысы бойынша өзге құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
-азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
- бұқаралық ақпарат құралдарында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жайында жұмыс ұйымдастырады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы