Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

 Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

Мазмұны

КІРІСПЕ..............................................................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ БЮДЖЕТКЕ ТҮСУІН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ.......................7

1.1. Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.......................................................................................................7

1.2. Актобе қаласы бойынша Салық Комитетінің сипаттамасы...........................................16
1.3. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы............................................23

1.4. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар.............................................24

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар...........................................................24
1.4.2. Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар................................................ 25

1.4.3. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар...........................................................27

1.4.4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар......................................................28

1.4.5. Математикалық жабдықтау.............................................................................................. 31

1.5. «Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы……………..………34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................37

1. САЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ БЮДЖЕТКЕ ТҮСУІН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі болып табылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Әрбір Қазақстан Республикасының азматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.
Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын сондай – ақ мемлеккет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Қандай да болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу механизмінің элементтері:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
Салық салу субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі – табыс, мүлік еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорлрады пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық салынуға байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы айқындалады. Салық тсавкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық төлеу мерзім – салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы есептеледі.
Басқа да міндетті төлемдер – бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ адам. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға).
Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.
Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.
Бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының ззаңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де , мынандай тәртіппен іске асырылады:
а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді , содан кейін акциздер және баж салығы ;
б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралың (Алмата, 24-сәуір, 1995 жылы);
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік актілері.
Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға: жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік құралдарына салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз, баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. /18, 20-бет/
Қазақстан Республикасының салық жүйесін мемлекетпен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтармен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілері, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіліген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай түрлерге бөлінеді:
• корпорациялық табыс салығы.
• жеке табыс салығы.
• қосылған құн салығы.
• акциздер.
• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
• әлеуметтік салықтар .
• жер салығы.
• көлік құралдары салықтары.
• мүлік салығы.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алымдардың түрлері:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Жылжымайтын мүлікке құқтарды және олармен жасалған мәмілерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Радиоэлектрондық құралдардың және жиілігі жоғарғы құралдарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым .
• Дәрі- дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
• Аукциондардан алынатын алым.
• Елтаңбалық алым.
• Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиалық алым.
• Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері.
• Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
• Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Сыртқы ( көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж.
Мемлекеттік баж.
Кеден төлемдері:
• Кеден бажы.
• Кеден алымдары.
• Төлемақы.
• Алымдар.
Тағы айта кететін бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салық болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
• қосылған құнға салынатын салық;
• акциздер;
• бағалы қағаздармен ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?