Ақпараттандыру | Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметіақпараттық жүйені жобалау

 Ақпараттандыру | Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметіақпараттық жүйені жобалау

Мазмұны

І.Кіріспе бөлім
1.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
1.3. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4. Математикалық жабдықтау
1.5. «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты
есептеу және төлеу тәртібі.
2.2.Салық төлеушілердің міндеттемелері және жауапкершілігі
2.3. Программалық жабдықтау
2.4.Бағдарламалық жабдықтау құрылымы.
2.5. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Қорытынды
3.2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды немесе жеке тұлғалар мемплекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала соңғы озық технологияларды падаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

1.3. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Ақпараттық жабдықтау
2-кесте
Элементтер Сипаттамалар
Ақпараттық технология Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі Реляциондық
Кодтау жүйесі Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

1.4.2. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
Ақпаратты алу.
Ақпаратты түрлендіру.
Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:
Ақпаратты жинау және тіркеу;
ақпаратты өткізу;
машиналық тасығыштарды дайындау;
ақпаратты өңдеу;
ұйымдастыру техникасы.
Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

Техникалық құралдар кешені
3-кесте.
Техникалық құралдар атауы Физикалық модуль Сипаттамалары
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 Процессор
Зерделік сақтаушы құрылғы
МҚДЖ
Монитор
Перне тақтасы
Тышқан Іntel, 2.4MHz

512Mb
80Gb
19 дюймдік
105 батырмалы
2 баспалы
Принтер Принтер HP LaserJet
Факс – модем Факс – модем Sony – 42S
Телефон Телефон Panasonіk

1.4.3. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.
Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:
Мәліметтерді басқаруда ;
мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
деректі программалық әдістерін;
дискретті программалар әдістерін;
үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды
орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.

Программалық жабдықтау
4-кесте
Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
ОЖ Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0
MS Offіce XP Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphі 7 Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
МББЖ Paradox 7 Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.
Қорғау
ОЖ паролі Желіге енуді бақылайды.
МББЖ паролі МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
Вирусқа қарсы программа Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.
1.4.4. Математикалық жабдықтау
Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. «Есепке алу және талдауң ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
Типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:
Математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
Қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.
Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
программаның орындауы жолына бақылау енгізу;
Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет.
1.5. «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.

Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.
Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)
«Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалдық сызбасы 2-ші суретте көрсетілген:
Концептуальная схема
Жүйе Сипаттама
Тип ЭАЖ
ЭАЖ Желі
Желі корпоративті
Желі топологиясы Аралас
Жалпыжүйелік технолотия Мәліметтер базасын қолдану
Кодтау жүйесі Фасеттік
2.1.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты
есептеу және төлеу тәртібі.

Салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді және белгіленген ставкаларды ескере отырып, салық салынатын табыстың шамасына сүйеніп, салық сомасы дербес анықталады.
Салық салынатын табыс есептелген кезде түсім, басқа да кірістер сондай-ақ шетел валютасымен шеккен шығын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операция (төлем) жасалған күнгі ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Салық қызметі салық салынатын уақыт біткеннен кейін бес жыл ішінде есептелген салық сомасын есептеуі немесе қайта қарауы мүмкін.
Негізінен қолдағы ақша қаражатымен жұмыс істейді немесе оларды жұмыс істейтін қызметкерлер саны шектеулі заңды тұлғалар жөнінде салық қызметі салық төлеу тәртібін патенттердің немесе салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің жеңілдетілген жүйесі негізінде белгілейді.
Бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған, сондай-ақ салық салу объектісін, анықтау мүмкін емес жағдайда, салық қызметі органдары салық салу объектісі мен салықты тікелей және жанама әдістер (активтер, айналым, өндіріс шығындарды және т.б.) негізінде анықтайды.
Сол сияқты басқа тұлғалар мен органдар аталған табыстың алыну заңдылығын даулаған жағдайда, табыс салық салуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына көрсетілген жағдайда,соттың немесе төрелік соттың шешімі бойынша, табыс бюджетке алынуға жататын болса, онда аталған табыстан одан төленген салық сомасы шегеріліп алынады.
Егер салық төлеуші байланысты тараппен өзінің коммерциялық және қаржы операцияларында тәуелсіз кәсіпорындар арасында қолданылғаннан өзгеше баға қолданса, онда салық салу мақсатында салық қызметі салық төлеушінің табысын пайда болған баға айырмасын қарай түзетеді. Мұндай операцияларды жүргізу кезінде салық қызметі бұл операцияларда олардың шынайы болмасын анықтау және айып салу мақсатында басқаша бағалай алады.
Барлық салықтарға қатысты баспа-бас операциялар бұл операцияларды салық есеп-фактураларымен міндетті түрде ресімдей отырып, қолданылып жүрген бағалар бойынша өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) сату ретінде қарастырылады. Салық есеп-фактураларында баспа-бас операциялардың құны кемітілген жағдайда салық қызметі салық төлеуші қолданған бағаларды ескере отырып, салық салу объектілерін түзетеді және Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзғаны үшін белгіленген санкцияларды қолдана отырып, салықтарды қайта есептейді.
Өнімді алмасу немесе оны өтемсіз бері кезінде заңды тұлғаға салық салу мақсаты үшін мәміле сомасы аталған мәліме жүзеге асырылған айға есептелген содай немесе ұқсас өнімді сату орташа сарапталған бағаны негізге ала отырып, сондай немесе ұқсас өнімді оның соңғы сату бағасынан, бірақ іс жүзіндегі өзіндік құнынан төмен болмайтын деңгейінде анықталады.
Бюджетке төленетін салықтың ағымдағы жарнасы көзделген ставка мен өткен айдағы қаржы нәтижесін негізгі ала отырып, әрбір айдың 20-нан кешіктермей енгізіледі.
Салық органы филиалдар мен бөлімшелердің тармақталған жүйесі бар төлеушінің өтініші мен салық төлеушінің орналасқан жері бойынша өзге төлеу мерзімін белгілеуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен 20 күннен артық болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында табыс салығын төлеген кезде есептелінеді.
Есептелетін соманың мөлшері Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ставкалар бойынша есептелген сомадан аспауы тиіс.
Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс жасау туралы декларацияны салық төлеушілер салықты тіркейтін жердегі салық қызметі органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі