» » » Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ
I ТАРАУ.
1.1. Бухгалтерлік есеп формалары.
1.2. Есеп регистрлері.
1.3. Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі.
1.4. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері.
II ТАРАУ.
2.1. Стандарттар - қаржылық есеп беруді дайындау ережелері.
2.2. Бухгалтерлердің кәсіби этикасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер:

1.1. Бухгалтерлік есеп формалары.
1. Мемориалдық-ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақталушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу - тіркеу журналында, сонынан Бас Журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Аи біткен соң синтетикалық және аналитикалық цюттардың мэліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап
1.2. Есеп регистрлері.
Ағымдағы есептік жазбалар жүргізілетін, арнайы түрде жолма-жол сызықтар салынатын парақтар есеп регистрлері деп түсіндіріледі. Бұл есеп жұмыстарының екінші кезеңі. Оларда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы, шығу көздері туралы мәліметтер топтастырылып, жүйеленеді. Есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша есептемелер жасалынды. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде сыртқы түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі есеп регистрлері қолданылады. Бос парақтар (журнал-ордерлер, ведомостер), карточкалар (карточкада сақталады) және кітаптар (кассалық, депозитке салынған жалақы және т.б.) пайдаланылады.
Есеп регистрлерінің қайсысын таңдау ұйымының есеп саясатында алдын-ала ескертіледі.
Мазмұны мен міндеті жағынан есеп регистрлері мынадай болып бөлінеді:
А синтетикалық есеп;
В аналитикалық есеп;
С синтетикалық және аналитикалық есепті үйлестіретін есеп регистрлері;
Синтетикалық есеп регистрлерін түзеуге есеп кестелерін жолма-жол сызудың шахматтық түрі негіз болып салынған. Мұндайда аналитикалық есеп жүргізілетін регистрлердің құрылымы мен мазмұны аналитикалық есеп объектілеріне, есеп «міндеттеріне. субъектінің шаруашылық іс-әрекетін оперативті бақылау мен басқаруға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Материалдық құндылықтарды қадағалау үшін кәсіпорында заттай және ақшалай көрсетілетін әр түр жөніндегі күн сайынғы түсу мен жүмсалу туралы дәл мәліметтер болуы қажет. Жабдықтаушьшармен өзара есептесу операциялары бойынша әрбір жекелеген жабдықтаушы немесе одан алынған материалдар партиясының әрбіріне есеп айырысулардың жағдайы жайлы нақты мәліметтер болуы тиіс. Сондықтан тауарлы-материалдық қорлардың аналитикалық есебі регистрлері жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша аналитикалық есеп регистрлерінен айырықшаланады.
ЗЭДц«, өйткені бір жазба әлденеше рет қайта-қайта (мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалык регистрлерде) жазылады. Аналитикальқ есеп тым көп, әрі синтетикалық есептен бөлек жүргізіледі, шаруашылық іс-әрекетг бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажетті көрсеткіштерді жинау өте қиын.
451 шоты бойынша мемориалдық ордер
2. Есептің журнал-ордерлік формасы. Негізгі ерекшеліктері:
• шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық-позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлер қолданылады;
• бірқатар журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;
• жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіреді;
• бақылау мен есепті жүргізу үіпін қажетті қөрсеткіштер қөлеміндегі операциялар бейнеленеді;
• журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.
Журнал-ордерлер дегеніміз – едәуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тобына ашылады. Ал ішіндегі мәліметтер алғашқы құжаттардың негізінде күн сайын жинақталады. Ай соңында қорытынды есептеліп, Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітаптың негізінде баланс пен есеп беру жасалады.
Есеп-қисаптың журнал-ордерліқ формасын қолдану есептің көп еңбек сіңіру қажеттілігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, оның бақылаушылық мәнін арттырып, есеп құруды жеңілдетуге жол ашады.
Алайда бұл форманың да кемшіліктері бар, бұлар – мәліметтерді қолмен толтыруға бейімделген және есепті механикаландыруды қиындататып журнал-ордерлерді түзеудің күрделілігі мен қолайсыз молдығы.
3. Есептің автоматтандырылған формасында (бухгалтерлік есепті компьютерде жүргізу) жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.
Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды қолдану механикаландыруды, көбіне есеп-қисап процесін автоматтандыруды; есеп мәліметтерінің өте дәлдігін; есептің ширақтығьш; есеп қызметқерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-қызмет аясын атқарудан босатуды және шаруашылық қызметті бақылау жэне талдаумен шұғылдануға мүмкіндік беруді, есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Есептің қарапайымдандырылған формасы - шағын кәсіпкерлік субъеюгілеріне
арналган, әрі небәрі екі регистрді көздейді: шаруашылық операциялары есебі кітабы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикальщ есеп регистрлері болып табылатын тиісті объектілер (негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және т.б.) есебінің регистрлері. Кітап пен ведомостің мәліметтерін баланс пен есеп беруді жасау үшін қолданады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі» мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған берілетін әдістемелік ұсыныстармен реттеледі.
Бухгалтерлік есеп формаларын таңдау құқы субъектілердің өздеріне берілген. ұсынылатын формалар негізінде олар өздерінің формаларын жасайды, есеп регистрін жетілдіреді және ақпаратты өңдеудің жалпы әдістемелік принциптері мен технологиясын сақтай отырып, мәліметтерді тіркеу мен өңдеу бағдарламаларын жасауға болады.
1.3. Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады.
Бухгалтерлік есептің бұл тәсілінің көмегімен субъектінің құралдары жайлы, олардың іс жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және реттеледі.
Шаруашьшық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылык туындауы мүмкін:
• табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға айналу, төгілу);
• құралдарды кабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);
• есептеу кезіндегі қателіктер — арифметикалық қателіктер, алғашқы құжаттардағы жаңылыстар, құжаттык мәліметтерді қате көрсету;
• ұрлық, қымқыру, кем өлшеу - материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату кезіндегі, ақша жэне басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай-ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.
Айырмашьшықтарды құралдардың нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін оқтын-оқтын салыстыру негізінде түгендеу жолымен анықтауга болады.
Түгендеуді (инвентаризация) өткізу тәртібі мен мерзімдерін субъект басшысы №24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есеп стандартына және оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі І департаментінің 1998 ж. 6 наурыздагы «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі туралы» 47 бұйрығымен (өзгерістермен және толықтырулармен) бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу қорытындыларын рәсімдеу тәртібі белгіленген. Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес анықтайды.
Мынандай түгендеулер болады:
1. Толық. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты. Әдетте түгендеуді мынандай мерзімдерде өткізеді:
• негізгі құралдарға - кемінде жылына бір рет (1 қарашадан ерте емес);
• ғимараттарды, үйлерді және негізгі құралдардьщ тағы басқа жылжымайтын объектілерін - 2-3 жылда бір рет;
• күрделі қаржы - жылына бір рет (1 желтоқсаннан ерте емес);
• аяқталмаған өндіріске - 1 қаңтарға қарай;
• күрделі жөндеудің, алдағы кезеңдердің шығындарын - тоқсанында (квартал) бір реттен кем емес;
• мүнай өнімдерін - айына бір реттен кем емес;
• банкпен есеп айырысуларды - жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына орай;
• қаржылық органдармен есептесулерді - токсан сайын;
• ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем емес;
• балансаралық есептер (еншілестерімен, тәуелділермен, заңды тұлғалармен бірлесіп бақыланатындармен) - әрбір айдың бірінші күнінде;
• басқадай дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды - жылына екі рет;
• баланстың басқа баптарын - келесі есепті жылдың 1 қаңтарына.
2. Жекелеген. Қаражаттардың бір түрін (кассадағы ақшалай қаражат) қамтиды. Жыл бойы материалдық-құндылықтарды сактау мақсатымен жүйелі түрде жүргізіледі.
3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі.
4. Кенеттен - материалдық-жауапкершілікті тұлғалар ауысқанда басшынын өнімі, тергеу органдарының талабы бойынша.
5. Жоспардан тыс - стихиялық апаттан (өрттен және т.б.) кейін, сондай-ак қаражатты ай сайын түгендеу.
Сонымен қатар, түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебі мен баланысының шынайылығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бұл мақсат үшін құрамында субъект басшысы (комиссия төрағасы), бас бухгалтер, құрылымдық бөлімше басшысы, қызметтің бас мамандары бар тұрақты түгендеу комиссиясы құрылады.
Ол құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі алдын-ала жүмысты жүргізеді; түгендеу өткізуді ұйымдастырады және жүмысшы комиссия мүшелеріне нұсқау беруді іске асырады; түгендеу барысында тұрақты бақылау жүргізеді, тауарлы-материалдық қорларга түгендеу жүргізудің дұрыстығына бақылау жасайтын тексерушілерді ұйымдастырады; қоймалық есеп жүргізу мен түгендеудің аралық кезеңдерде құндылықтарды сақтаудың дұрыстыгын, түгендеудің қорытындысын (артық шығу, кем шыгу) тексеруі; қажет жағдайда қайтадан толық түгендеу өткізеді; жетіспеушілікке немесе құндылықты бүлдіруге жол берген адамдардан алынған түсініктемелерді, сонымен қатар баска да бұрмалаушылықтарды қарайды және анықталған жетіспеушілікті, кұндылықты бүлдіру салдарынан болған жоғалтуларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстар енгізеді.
Түгендеуді тікелей өткізу үшін субъекті басшысының бұйрығымен құрамында комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері (мамандар мен бухгалтерия қызметкерлері) бар жүмысшы комиссиясы құрылады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: almira777 | 208 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Реферат: Экономика | Есеп саясаты
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Есеп саясаты
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі
Реферат: Экономика | Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ШОТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ШОТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Ұйымның  қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті
Курстық жұмыс: Экономика | ТЕПЕ-ТЕҢДІК ПРИНЦИПТЕРІ,БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МАҢЫЗЫ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ТЕПЕ-ТЕҢДІК ПРИНЦИПТЕРІ,БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МАҢЫЗЫ
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік құжат
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік құжат
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан  Республикасының заңы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы
Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік  есепті  ұйымдастыру - Бастапқы  құжаттарды  ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру - Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Бухгалтерлік есеп саясаты мен  аудитті жетілдіру мәселелері
Дипломдық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде  ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін], курстык жумыс ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлик есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бухгалтерлик есеп жобалар ку, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін