Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
І бөлім.Бухгалтерлік есеп негіздері..............................................................5
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы....................................................5
1.2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру принциптері.....................10
1.3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу
принциптері......................................................................................................18
1.4. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты...................................23
ІІ бөлім. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жолдары...........................31
2.1. Бастапқы құжаттар және олардың мазмұны..........................................31
2.2. Құжаттарды классификациялау, стандарттау және үйлестіру.............35
2.3. Шаруашылық фактілерін құжаттау және құжатайналысы……...........42
ІІІ бөлім. Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерінің
халықаралық стандарттары.......................................................................54
3.1. Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттілігі.............................................54
3.2. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау.....................................55
3.3. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп
жүйесін жетілдіру............................................................................................57
Қорытынды....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................64

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа мамандар даярлау мен оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді.
Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» (счетоводттар) қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондақтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін. бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу мен оларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Қаржы саясатын тиімді бағытқа салу, экономикалық модельдер құрып, салыстырмалы талдау ісін күнделікті экономикалық өмірге қосу мақсатымен әр түрлі үлгідегі модельдер жасау керектігі туындайды. Бұл үшін кез келген шаруашылық ұйымдарында мерзімдік даярланатын бухгалтерлік есеп ақпараттарының негізінде жасалынатын баланстың атқаратын рөлі өте зор. Бухгалтерлік баланс, мұның құрылымы мен құрамы, жекелеген баптары, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, тәжірибеге енгізілген ең жақсы қолданбалы модель болып табылады.
Бұл жұмыстың мақсаты:
- бухгалтерлік есептің маңызы мен мазмұнын, оның негізгі мақсатын түсіндіру;
- есеп жүйесінің нышандары мен ақпараттық базаның қалыптасуын зерделеу;
- ұйымдардағы экономикалық үрдістің қалыптасу кезеңдеріне қарай шаруашылық фактілерінің сабақтастық жолдары мен қалыптасуын негіздеу;
- бухгалтерлік есептің атқаратын міндеттері мен нышандары маңызын ашып түсіндіру;
- бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қаржылық және басқарушылық есептің орны мен негізгі мақсатын, объектілерін сипаттау;
- ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың принциптерін және бухгалтерлік аппарат құру мүмкіндіктерін көрсету;
- бухгалтерлік кәсіптің мәнін және Қазақстандағы бухгалтерлік есеп мамандарын кәсіби даярлау мен қайта даярлаудың қажеттілігін сипаттау мен жүйеге келтіру жолдарын көрсету;
- халықаралық тәжірибе негізіне сай есеп қызметін атқарушылардың Кодексін және этикалық норманың мәні мен мәнісін көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін заңдылық және нормативтік тұрғыда реттеу қажеттілігін сипаттау.
I бөлім. Бухгалтерлік есеп негіздері
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы
Меншік иелігінің кез келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп жургізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы-материалды құндылықтары, негізігі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады. Сондықтан бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалык қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән мен мағына, алғы шарт және міндетті түрде орындалуға тиісті нақтылы үрдіс болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті қамтамасыз ету бағытында құрылуы керек. Шаруашылық фактілері экономикалық үрдістің кезеңдік негіздерін құрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін болып қалыптасады.
Ол мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1) активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
2) инвестициялар келтіру;
3) қаржылық активтерді (экономикалык ресурстарды) қаржыландыру және несиелік міндеттемелер қабылдау;
4) қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік үрдістің өзгерістері мен қалыптасуын есепке алу;
5) өндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының есебін жүргізу;
6) түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
7) бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін қамтамасыз ету және түскен таза пайданы өндіріс үрдісін кеңейту мен ары қарай жетілдіруге, бұлардың қорлануын қалыптастыруға жұмсау.
Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып, ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап, талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтьш ерекше бағыттағы айрықша жүйе.
Қандайда болмасын есеп ақпараттары мен көрсеткіштерін, мұндағы цифрларды экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік есеп нарықтық катынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан-жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпараттар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды.
Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып, сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде де бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек етуі керек.
Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон кеңістігі мол. Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тән шешім қабылдау, тексеру мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау, заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәні мен мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек.
Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі - мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.
Енді бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталайық. Жалпы есеп жүйесінде қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады.
Байқау принципі деп - шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні немесе объектіні көзбен көруді айтамыз.
Өлшеу принципі деп - натуралдық өлшеммен берілген есеп объектісін ақшалай өлшемге айналдыруды айтады.
Тіркеу принципі деп - бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.
Сонымен байқау, өлшеу және тіркеу принциптері бірімен-бірі тығыз байланысқан, бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп таныуымыз керек.
Бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні және бұл жүйені жүргізу мен аяқтау үрдісі, ең әуелі бухгалтерлік есеп негізін біліп үйренуден, қаржы есебін жүргізу тәсілдерінен, басқару есебіндегі көрсеткіштерді бағалай білуден, қаржылық қорытынды есепті сапалы жасаудан, сондай-ақ ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық жағынан талдаудан тұрады.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар қазіргі кездегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық және қаржы салаларындағы қызметкерлерге, т.б. тұлғаларға қызмет көрсетеді. Потенциалды қаржы салымшы инвесторлардың, басқа да несиелендіруші заңды тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат - таза табыстың көлемін арттырып отыру үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі қалыптасқан ақпараттарды хабарлап отыру қажеттігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп деп - ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты әдетте коммерциялық бағыттағы және меншікті ұйымдар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақапараттарды ары қарай өңдеу жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты арнайы пәндік, ұғымды туындатады.
Бухгалтерлік есеп пәні деп - ұйымдардың шаруашылық өміріндегі (меншігіндегі) активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісіндегі қозғалыстарды байқап, өлшеп, тіркеп, жинақтап, үздіксіздік жолдармен құжаттап, қорытындылайтын үрдісті айтамыз.
Бухгалтерлік есеп көптеген әдістер мен принциптерді, арнайы ережелерді зерттейді.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады.
Бірінші деңгейде бухгалтерлік есептің тіркеу қызметі және көптеген шаруашылық фактілері мен экономикалық өзгерістерін жинақтау, ақшалай өлшемге айналдыру қызметі орындалады.
Екінші деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі мәселелері атқарылып, әртүрлі әдістерді, ережелер мен принциптерді қолдана отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде жасалған қорытынды ақпараттар жүйесіндегі шаруашылық фактілерінің маңызы бағаланып өлшенеді, шашыранды фактілер жинақталып талданады.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бу, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін