Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ казакша Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ на казахском языке

Мазмұны
КІРІСПЕ
I ТАРАУ.
1.1. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі.
1.2. Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары.
1.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі.
II ТАРАУ.
2.1. Бухгалтерлік құжаттар.
2.2. Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу.
2.3. Вексельдер есебі.
2.4. Басқарушылық есептің әдістері және тәсілдері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деәгеидегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің каржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Бухгалтерлік есеп - экономиканың білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны ссепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара - білуі тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құкықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
Осы тақырып негізінде Казақстан Республикасы бухгалтерлеріне, экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне төмендегі тақырыптарды оқып түсінуге мүмкіндік береді:
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесін;
- бухгалтерлік терминологияны;
- есеп пен қаржылық есеп берудің негізі принциптерін;
- бухгалтерлік есептің стандарттары мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ұсынған талаптарға сәйкес бухгалтерлік есеп әдістемелігі мен оның ұйымдастырылуын;
- қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және олардың шаруашылық қызметі туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін;
- шаруашылық кызметін жүзеге асыру барысында субъектілердің ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуін;
- бухгалтерлік есептің экономиканы басқару жүйесіндегі ролін;
- бухгалтерлік есептің бақылау-ақпараттық ролін;
Курстық жұмыста баяндалған материалдармен қатар нормативті құжаттар, алғашқы құжаттардың нысандары мен типтік бухгалтерлік жазулардың үлгілері берілген, оларды оқу мақсатында да, қаржылық және өндірістік қызметте де қолдануға болады.
I ТАРАУ.
1.1. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын ролі.
Бухгалтерлік есеп - субъектілерді пайдаланушылардың қарауына ұсынатын қаржы¬лық ақпаратының сипаты мен көлеміне байланысты. Пайдаланушылар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, инвесторлар немесе несие берушілер, әлде бірлесе отырып іс-қызмет жүргізушілер. Әр қилы экономикалық шешім қабылдауда олар субъектінің қаржылық және басқадай есептеріне сүйенеді.
Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың екі негізгі топтары бар:
• ішкі;
• сыртқы.
Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді. Олар:
• субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;
• субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.
Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді:
• қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
• қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;
• сатып алушылар.
Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер:
• салық органдары;
• реттеуші органдар;
• статистикалық органдар;
• басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.). Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады;
• берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немеее сату жайлы шешім қабылдауға және субъектінің диви¬дент төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;
• тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер;
• тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушылар және басқа сауда кредиторлары;
• сатып алушылар. Оларға субъектің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субъектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;
• қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар субъектінің еңбекақымен және басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделілік танытады;
- ресурстарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;
- көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылардың қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.
Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, онын нәтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.
1.2. Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары.
Стандарттар - каржылық есеп беруді дайындау ережелері.
Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары қомитеті (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франция, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың кәсіби бухгалтерлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар - Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мүшелері БЕХСК-ның мүшелері болды.
Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттары комитеті (ҚЕХСК) барлық жерде қабылданып, ұстану үшін 41 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.
ЕХСК-ның басты мақсаты - егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну;
• міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
• ақпараттық жүйе құру принциптері;
• осы ақпараттың сапалық сипаттамалары;
• қаржылық есеп беру элементтері.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары негізінде жасалған бухгалтерлік есептің 29 отандық стандарттары қолданыста жүр.
1.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі.
Бухгалтерліқ есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:
а) қаржылық есеп берудің мақсаттары;
ә) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі принциптері;
б) қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану ж2не өлшеу.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды;
- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (ақшалай қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған - қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару);
- субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;
- басшы органдардың жұмысын бағалауға;
Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет, мысалы, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына, проценттерді төлей ала ма, кредиттерді жауып, табысты бөле ала ма дегенді анықтайды.
Бұл үшін оларға субъектінің каржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.
Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтемділігін, төлем қабілеттіліғі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабыл¬дауға қабілеттілік әсер етеді.
Өтемділік, төлем қабілеттілігі - қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтеғеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.
Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігі, пайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілетін бағалаған кезде пайдалы.
Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.
Түсініктеме жазбада (пояснительная записка) пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндеғі қосымша мәліметтер болады.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары белгіленді;
1) субъектінің, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толық және күмәнсіз сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) субъектінің шаруашыльщ іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге (есептеу мен үздіксіз қызмет) және саналық сипаттамаларға (негізгілері - түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстармалылығы) сәйкес жасалады.
Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың негізгі құралы болып табылады.
Элементтер - қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп бе¬рудің тұжырымдамасы 7 элемент (активтер, міндеттемелер, капитал (таза активтер (ф. №1), кірістер, шығыстар, пайда, шығындар, зияндар (ф. №2)) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері (атрибуттары) болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің стандартгарына сай мынадай принциптер қабылданған:
Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған с»тінде есепке алынады, зияндар, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі ж»не қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пай-даланушылар үшін өте маңызды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика жоба, Курстық жұмыс: Экономика | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін