» » » Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе----------------------------------------------------------3-5 б
І Бөлім. Бухгалтерлік есеп және оның
атқаратын қызметтері
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік---------6-7 б
1.2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері--7-8 б
1.3. Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары--8-18б
Бөлім 2. Бухгалтерлік есеп мәліметтері және олардың атқаратын қызметі.
2.1. Бухгалтерлік мәліметтерге жалпы түсінік-----19-21 б
1.3. Бухгалтерлік мәліметтердің жіктелуі------------21-22 б
1.4. Мәліметтер айналымы-------------------------------22-29 б
Қорытынды----------------------------------------------------30- б
Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------31-

Кіріспе
Бухалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай- ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес" деген болса оның әріптесі Р.А. Фаулки есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы - деп атаған. Бұхгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бұхгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталыжәне өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығытуралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.
Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп мынаны талап етеді.
1. Дәлелділік. (точность)
2. шыншылдық.
Өз уақытының яғни барлығы өз уақытымен болуы шарт.
Бухгалтерлік есепті оқуда біз мынандай обьектілерді негізге аламыз.
1. Негізгі және айналмалы капитал.
2. Осы капиталдың шыққан көзі
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат - бухгалтерлік мәліметтердің мәні мен маңызын зерттеу және жүргізілу тәртібін талдау болып табылады. Бухгалтерлік жүйенің елдің экономиикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде бухгалтерлік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда бухгалтерлік есепті бақылау мен қадағалау
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, Шаруашылық – қаржылық қызметті және оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады. Аудиттің пайда болуы ең алдымен кәсіпорынның басқаруымен тікелей айналысатындар (әкімшілік, менеджерлер) мен оның қызмет етуін қаржыландыратын тұлғалардың (жеке меншік иелері, акционерлер, инвесторлар) мүдделерінің бөлініп кетуімен байланысты. Соңғылары кәсіпорынның басқарушылары мен оған бағынышты бухгалтерлері ұсынған қаржылық ақпараттарға сене алмады да сенгісі келмеді. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, әкімшіліктер жағынан алдаудың едәуір жиі болуы қаржы салымдарының тәуекелінің ұлғаюына әкелді. Акционерлер әкімшілік ұсынған есеп беру кәсіпорынның қаржы жағдайын анық көрсететіндігіне, оларды алдамағандығына сенімді болғысы келеді. Қаржы жөніндегі ақпараттарының дұрыстығын тексеру және қаржылық есеп беруді растау үшін акционерлердің пікірінше сенуге болатын адамдар шақырылды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер, аудиторлардың қызметіне қажеттіліктің артуына әкелді. Бұл кезде аудиторлық тексерудің сапасы мен міндеттілігіне қойылатын талаптар тез арада қатая түсті және бұл сияқты қызметтерге нарықтық сұраныс өсті. Дағдарыстың аяқталысымен дерлік барлық елдер жылдық есеп берулердегі ақпараттар көлеміне және бұл есеп берулердің басылып шығуы мен аудиторлардың қорытындыларына міндетті шарттар енгізе бастады. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті құрал болып табылады. Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудитттің атқаратын ролі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің өр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырыс берушілер талабына сәйкес олардың қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті, оның құрылымы және ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес анықталады. Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында басқару жұмысының құндылығын, тиімділігін анықтау. Жалпы ішкі аудит жан – жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті.
Сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін,
сенімділігін, оның аудит барысындағы ролін анықтайды. Ондағы
негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау.
Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік – экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді.
Сонымен, ішкі аудит қызметінің әрекеті ірі кәсіпорындардағы ішкі бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде болуы қажет. Осы жағдайда нәтижелігін бағалау критерийлері толықтық, шығындар мен тиімділік болуы керек.
Бөлім 1. Бухгалтерлік есеп және оның
атқаратын қызметтері
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
Көптеген адамдар бухгалтерлік есепті - кәсіби мамандарға ғана түсінікті және солар ғана пайдалана білетін жоғары техникалық мамандық деп ойлайды. Ал шын мәнінде әрбір адам оны күніне пайдаланып жүргенін байқамайды. Бухгалтерлік есеп - шаруашылық қызметтердің қорытынды мәліметі. Мысалы телефон ақысын төлегенде, чек жазып бергенде,табыс салығының декларациясын толтырғанда т.б жағдайларда сіз есеп концепциясын пайдаланасыз және бухгалтерлік мәліметтермен жұмыс жасайсыз.
Бухгалтерлік есепті бизнестің тілі депте атайды. Әрбір менеджер, аналитик немесе инвестор бухгалтерлік есеп жөнінде білуі тиіс егер ол іскерлік әлемінде табысты жұмыс істегісі келсе.
Бухгалтерлік есептің басты мақсаты - шешім қабылдау үшін аналитиктерді мәліметтермен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.
Бухгалтерлік есеп мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.
Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп удерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
1. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталынады.
2. Есеп деректері жіктелініп және оларды бухгалтерлік
есеп шоттарына, бухгалтерлік есеп тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.
3. Мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
4. бухгалтерлік есеп удерісінің қорытындылама сатысында ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты – бұл есепті пайдаланушыларға
кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайын және олардың қозғалысы
туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлға осы кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы болып саналады.
1.2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері
Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.
Бухгалтерлік есеп мынандай обьектілерді негізге алады.
1. Негізгі және айналмалы капитал.
2. Осы капиталдың шыққан көзі
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартында төмендегідей принціптер анықталған;
1. есептеу
2. үздіксіз
3. түсініктілік
4. мәнділік
5. маңыздылық
6. сенімділік
7. бейтараптық
8. сақтық
9. толықтылық
10. салыстырмалық
11. дәйектілік
Бухгалтерлік есеп принциптерін мұқият орындау. Бұл постулат қаржылық ақпаратының дұрыстығына тағы басқа шаруашылық мәліметінің ақиқаттығына кепіл болатын бухгалтерлік есеп екенін анықтайды. Себебі, барлық экономикалық мәліметтер бухгалтерлік есеп арқылы жүйеге келтіріліп, әртүрлі ақпарат мазмұнын құрайды.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынға күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға
болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып
табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде
жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы
Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі)мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіп орынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп – төлем тізімдемдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.
Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша журген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс жоспарына сай).
Бастапқы құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде – шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде – корреспонденцияланушышоттың кредитібойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.
Жеке тізімдемелердегіқаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың
сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалар).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы – шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Полную версию материала можете скачать через 50 !!!!

Автор: almira777 | 55 |


Загрузка...
Читайте также
Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жолдары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жолдары
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан  Республикасының заңы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп қағидалары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп қағидалары
Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  |  Бухгалтерлік есеп саясаты мен  аудитті жетілдіру мәселелері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есе, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін