Тарих | Император Юстиниан билеген Византия империясы

 Тарих | Император Юстиниан билеген Византия империясы

Мазмұны

І Кіріспе..........................................................................................................................3

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Император Юстиниан билеген Византия империясы.............................4
2.2. Юстинианның заңдары....................................................................................10
2.3. Юстинианның сыртқы саясаты. Батыстағы қанды шайқастар.............13

ІІІ Қорытынды.........................................................................................................17
У Сілтемелер.............................................................................................................18
ІУ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................19


2.1. Император Юстиниан билеген Византия империясы.
Халық бұқарасының бұларға деген сүйіспеншілігін туғызған ариандықтардың осынау бүлікшілдік рухы еді. Ариандықтар қозғалысының әлеуметтік және шірқеуге қарсылық мәнде болғандықтан, әлбетте, Никей жиналысы жақтастары тарапынан ариандықтарды қатты қуғынға ұшыратуға әкеліп отырғаны әбден заңды еді. Бірақ бірте-бірте ариандықтар ристократияға айнала бастады да, өзінің әлеуметтік бағытынан, әрі бүлікшілдік рухынан мүлде дерлік жұрдай болды. Ресми шіркеуге қарсы басқа да дінсіздер қозғалыстары болды. Олардың сыртқы көрінісі дінге қарсы күрес болып көрінгенімен, көбіне-көп мұның астарында халықтың әлеуметтік талап-тілегі жататын. Мысалы, V ғасырдың 30—40-жылдарында Сирия жерінде несториандықтар (дінсіздікті насихаттаушы, яки осы қозғалыстың бастаушысы Несторияның атымен аталған) дейтін дінсіздер ілімі пайда болды. Ариандықтар тәрізді несториандықтар да құдайдың «үшке бөлінуі» жөніндегі догматты сыңға алды, және Христостың құдай болып тумағанын, нағыз адам Ккейпінде болғанын дәлелдейтін пікірлер тудырды. Несториандықтар Христосты тек алла тағала уақытша, әрі айрықша сана берген, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам ретінде ғана мойындады. Несториандықтардың негізгі өзегі — діншілдер еді және олардың жақтастары орталық үкімет пен үстемдік құрушы Шіркеуге қарсы сепаратистік көңілдегі Шығыс провинциялардағы (Сирия, Месопотамия, Египеттің бір бөлігі) көпестер қауымы болатын. Несториандықтардың осылайша оппозицияға шығуы халық бұқарасы тарапынан қолдау тапты. 431 жылы Эфесте (Кіші Азия) өткен дүние жүзілік діни жиналыста несториандықтар ілімі үстемдік құрушы шіркеу тарапынан айыпталды, бұлар діннен безгендер деп жарияланды және қатал қуғынға ұшыратылды. Монофизиттіктер деп аталған тағы бір дінсіздер қоғамы да қуғынға ұшырады. Бір қызығы бұлар ариандықтар мен несториандықтарға қарама-қайшы тек Христосты ғана құдай болып жаратылған жан деп танитын және діншілдер қауымынан ариандықтар мен несториандықтар тәрізді бұл дүниедегі барлық жан рақатынан, сән-салтанаттан бас тартуы талап ететін еді. /1/
Монсфизиттер ілімі империяның шығыс провинцияларының— Сирияның, Палестипаның және Египет халқының қалың көпшілігін қамтыды. Бұл провинциялардағы көпестер, ірі жер иеленушілер, жоғары діни басшылар үшің монофизиттік-несториандық тәрізді, олардың орталық өкімет пен константйнопольдік патриархатқа қарсы сепаратизм күресініңтууы болды. Халық бұқарасы болса, оларды монофизиттердің аскеттікті уағыздауы, жоғары діни басшылар арасындағы пайдакүнемдік пен азғындыққа қарсы күрес жариялауы еліктірген еді. 451 жылы Халкидонда өткен шіркеу жиналысында монофизиттер діннен безгендер ретінде айыпталды. /1/
Халықтар бұқарасының көтерілістері шайқалтқан және әлсіреткен Батыс Рим империясы V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті, әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді. Император Юстиниан билеп-төстеген кезде (527—565) әлі де болса құл иеленушілікті сақтап келген Византия мемлекеті уақытша нығая түсті.
VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийский осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заңдық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». /2/
Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды. Пұтқа табынушылар мен дінсіздерді Юстиианның аяусыз қудалауы — ел ішінде, әсіресе оның шығыс провинцияларында, наразылық тудырды, 529 жылы Палестинада самаритяндар бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер парсылықтармен одақ құрды. /2/
Қисапсыз салықтар қанауына ұшыраған халық бұқарасының аразылығы және дінсіздерге, соның ішінде монофизиттерге арсы ұйымдастырылған қудалаушылық салдарынан 532 жылы Византиядағы халықтар қозғалысының ішіндегі ең қаһарлысы бұрқ ете түсті, бұл тарихта аты қалған әйгілі «Ника» көтерілісі еді. Бұл көтеріліс Константинопольдегі цирктік партиялар егендердің өз ара шайқасьшың шиеленісуіне де байланысты болды. Византия тұрғындарының ең бір сүйіп көретін өнер орны ат ойнататын алаң мен цирктегі сан түрлі спорт ойындары еді. Сонымен бірге цирк — Римдегі тәрізді Констан-тинопольде де әлеуметтік-саяси күрес орталығы, халықтың көп жиналатын орны болатын, халық бұқарасы осы арада түрлі ойындарды көруге келген императорлармен кездесе алатын және оларға өздерінің талап-тілектерін білдіре алатын. Цирктік партиялар, спорттық қана емес, сонымен бірге саяси ұйымдар болатын, тек бір қызығы олар цирктегі ат жарыстарына қатынасатын арбакештердің үстіне киген киімдерінің түсіне сәйкес аталатын: айталық венеттер («көкшілдер»), праиндер («жасылдар»), лавкалар («ақтар»), және русийлер («қызылдар»). Өте-мөте венеттер («көкшілдер») мен прасиндер «жасылдар») партияларының айрықша маңызы болды. Цирктік партиялардың әлеуметтік құрамы мейлінше ала-құла болатын. Венеттер партиясының басында сенаторлық аристократия мен ірі жер иеленушілер тұрса, ал прасиндер партиясы —империяның шығыс провинцияларымен сауда жасайтын көпестердің және ірі қолөнер эргастерилер иелерінің мүддесін қорғайтын. Әйтсе де цирктік партиялар Византия қалаларындағы димдермен де байланысты еді, сондықтан олардың құрамына қалалардың орта және кедей топтарына жататын димдердің қатардағы қарапайым мүшелері де енетін. Прасиндер мен венеттер өздерінің діни нанымы жөнінен де бір-бірінен өзгеше еді. Венеттер ортодоксальдық шіркеулік діни нанымы провославиені жақтайтын да, ал прасиндер діннен безген онофазиттерді қостайтын еді. Юотиниан венеттер партиясын сүйейтін және прасиндерді барынша қудалауға салатын, ал мұрын өзі олардың үкіметті өлердей жек көруіне әкеп соғып еді. Көтеріліс 532 жылғы 11 январьда үкімет саясатына наразы опозициядағы партия прасиндердің («жасылдардың»)Константинополь циркіндегі (ипподромындағы) қимылдарынан басталды. Бірақ көп ұзамай «жасылдарға» олардың қарсыластары венеттердің («көкшілдердің») бір бөлігі кеп қосылды; екі партияның да төмеягі сатыда тұрғандары салық қанауы мен чиновниктер тілемсектігіне қарсы күш біріктірді. Көтерілісшілер үкімет мекемелері мен ақсүйектердің үйлерін қирта және өртей бастады. Түс-тұстан көтерілісшілердің «Жең!» (грек тілінде «Ника») деген ұрандары естіліп жатты. Көтерілістің «Ника» аталуы да осы себепті. Император және оның жақтастары Сарайда қоршауда қалды, үкіметке қауіп төнді. Юстиниан астанадан қашып кетуді ұйғарды. Бірақ осы тұста Юстинианның жұбайы, императрица Феодора үлкен өжеттілік пен табандылық танытты. Ол қашу деген ойдан қайтуды және дереу шабуылға шығуды талап етті. Тап осы кезде көтерілісшілер арасында алауыздықтуа бастап еді, «көкшілдер» партиясының бір топ аристократтары бұл іске халықтың қалың бұқарасы араласқанын көргеннен соң дереу райынан қайтты. Құрамында Юстинианның әскери қолбасшылары Велисарий мен Мунд басқарған варварлық тайпалар дружиналары бар үкімет әскерлері циркке жиналған халыққа тұтқиылдан шабуыл жасап, кескілескен ұрыс салды, осы тұста ғана 30 мыңнан астам адам қаза тапты, қан судай ақты. Көтеріліске қатынасқан сенаторлар жер аударылып, үй-мүліктері кәмпелескеленді, димдер болса өздерінің саяси маңызынан айырылды. «Ника» көтерілісінің тас-талқан болып күйреуі Юстиниан саясатының реакциялық бағытқа шұғыл бет бұрыс жасауымен ерекшеленді. Алайда империядағы халықтар қозғалысы мұнымен тыншыған жоқ. Өте-мөте балқандық провинциялары — Фракия мен Иллирияда, сонымең бірге осыған шектес — Реция, Паннони және Норика аймақтарында қимылдар жасаған скамарлар (оларға «қарақшылар» деген ұғымды беретін «скамарлар» деп ат қойған Рим жазушылары болатын) шабуылдары өжет те батыл болған. Скамарлар отрядтары қашып-пысқан құлдар, колондар және кедей шаруалардан жасақталған еді. Олар ақсүйектердің поместьелеріне ғана емес, қалаларға да шабуыл жасайтын. Дені жалдамалы варвар тайпаларынан тұратын үкімет әскерлерінің солардың жағына шығып кетуі де жиі кездескен. /3
2.2. Юстинианның заңдары
Империяны нығайтуда Юстиниан кезінде Рим заңдарының бір тұтас бірігуінің (кодификация жасалынуының) зор маңызы болды. Қоғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер, өнім өндірудің құл иелену-шілік дәуірдегі әдістерінің іріп-шіруі және VI ғасырда империяда феодалдық құрылыстың пайда бола бастауы — ежелгі праволық нормалардың қайта қаралуын қажет етті. Аса кернекті юристерден құралған комиссия қысқа мерзім ішінде (528—534 жылдар аралығында) Римнің заң ғылымдары жиынтығының (юриспруденциясының) аса бай мұрасын қайта қарау жөнінде ұшан-теңіз жұмыстар істеді және «Азаматтық праволар жинағын» жасап шығарды. Ол алғашында үш бөлімнен тұратын: 1 Юстинианның «Кодексі—Рим императорларының (Адрианнан бастап Юстинианға дейін) түрлі азаматтық істер жөнінде қабылдаған аса маңызды заңдарының 12 кітаптық жинағы. 2. «Дигестер» немесе «Пандекттер»— Римнің атақты юристердің ең бір құнды пікірлері топтастырылған 50 кітаптық жинақ. 3. «Институциялар» - бүкіл Римдік азаматтық праволар жөніндегі осынау заңдар жиынтығына кіріспе сөз тәрізді қысқа ғана жетекші құрал іспесті. /4/
534 пен 565 жылдар арасында Юстинианның өзі шығарған заңдары кейін осы «Азаматтық праволар жиынтығының» төртінші өлімі ретінде құралды да, ол «Новеллалар» деп («Жаңа ар» деген мағынаны береді) аталды. «Новеллаларда» заңдық ойлар классикалық Рим праволарының шеңберіндегідей қысымның аздау болған сол кезеңнің қажетін ескеріп
алғаны байқалады. УI ғасыр заңдарында, сол кезеңдегі бүкіл қоғамдық өмірде-тәрізді ежелгі құл иеленушілік дүние мен жаңадан туындап келе
жатқан феодалдық құрылыс арасындағы тартыс айқын аңғарады. VI .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!