Курстық жұмыс: Экономика | Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары

Курстық жұмыс: Экономика | Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары казакша Курстық жұмыс: Экономика | Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................2
1. Банктер қызметінің мәні
1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі...................6
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым-қатынас...................................................................................12
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты
2. Банктік операциялары есебі
2.1.Қазақстанның банктік операциялары.........................................24
2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері.................................................................................................28
2.3.
3. Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
3.1.Депозиттік операциялар басқармасы.........................................40
3.2.Депозиттік операциялар есебі......................................................44
3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары...............................49
Қорытынды........................................................................................69
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар......................................................................................53

Кіріспе
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық мемлекеттік, аудиторлық құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден: мысалы, ауыл шаруашылық ауданындағы банк-өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудан ұтымдылығын талдау жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операцияларының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдына әр түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымында алуан түрлі болады.
Ұйымдастырушылық құрылымының барлық түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық құрылымына, банктің алдына қойған міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі депозиттерді сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттық Банкпен, банктердің ассоциациялары және қаржы министірлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын нормативтік бағаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры, мемлекеттік бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылырдың қосқан қаражаттары есебінен құрылады.
Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрін ұсынады, сонымен, олар халықшаруашылығын ақша деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды.
Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген, Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы «Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20 процент көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30 процент мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15 процентке дейін төмендеді».
Дегенмен, банктердің дәстүрлі – базалық қызметі экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады.
Несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Барлық несие – қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары ( зейнет ақы – жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру номостерін сату және т.б. ) рұқсат етілген деп бөледі.
Депозиттік мекемеге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз – жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар, депозиттік еместерге сақтандыру номинациялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.
Демек, банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздың және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
1 сызба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқару құрылымы
Банктер қызметінің мәні
1.1 Банктер қызметінің мәні және нарықтық экономикадағы ролі.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді орындаудан сипаттауға болады. Кез – келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Депозиттік – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қаржы делдалы рөлін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметімен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайларда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанының өзінде – ақ мүмкін болады. Шынында банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады. Банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әт түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Үшіншіден, депозиттік қарыздық операциялардың процесінде депозиттік банктердің эмиссиясы іске асады. Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді./15/
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
• ақылы негізгі депозиттерді тарту;
• заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
• клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
• банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
• лизингтік операцияларды жүзеге асыру т.б.
Ұлттық Банктің арнайы лизензиялары бар болса, банктер басқа
да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде халықтың ақшалай салымдарын қарау. Операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құрауға болады:
• уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
• экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
• қолма – қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
• инвестициялық қызметтер;
• клиенттерге басқа да қаржылық қызметті көрсету;
Банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай – ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді.
Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Банк өздерінің активтік акцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 %- нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай – ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Бірақ, соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылмаған. Елде банктердіңң депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар т.б. қаражаттарды банктерге ынтамен орналастырады, салымдар табыс әкелетіндіктен.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
• банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
• депозиттік операциялар әрекет ету керек;
• банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
• банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демек отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет, депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет.
• депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін, бұл салымларға ең төмен процент төлейді. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формада қолма – қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Депозиттің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Яғни белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу үшін бұл депозит тиімді мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды иесі алу туралы арнаулы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Ескерту мерзімдері бір айдан үш айға, үш айдан алты айға, алты айдан он екі айға дейін және бір жылдан жоғары.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Халықтық салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық саудалық және т.б. ) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Мерзімдік салымдардың басқа да түрі мерзімді депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат, олар 100 мың доллардан кем емес сомада беріледі. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тең сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі 1 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Қарапайым халыққа 500, 1000, 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Осылайша банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі – жеке және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес поссивтер салымшыларға пайыз төлеумен. Оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолумен жинақталады.
1.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым – қатынас
Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиеттермен өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның 33 – бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығын, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді.
Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдайлар , банктік қызметтердің әлдеқайда кең спектрін көрсете отырып, бір – бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.
Банктің клиентпен экономикалық жұмысы банкке клиетті тартудан бастап, яғни шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын қамтиды. Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіру жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын – ала талдау әр түрлі келісім – шарттарды дайындау және т.б. бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен пассивтерін басқару қызметі мен тығыз байланысты.
Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу т.б. әр түрлі келісім – шарттар жасасу негізінде құрылады.
Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім – шарт негізінде жасалады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар эк, Курстық жұмыс: Экономика | Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін