Экономика | Коммерциялық банктердің жіктелуі

 Экономика | Коммерциялық банктердің жіктелуі

Мазмұны

Кіріспе
1. Коммерциялық банктердің жіктелуі.
2. Коммерциялық банктердің операциялары және қызметтері.
3. Коммерциялық банктердің пассив операциялары және оның түрлері.
4. Коммерциялық банктердің актив операциялары және оның түрлері.
5. Коммерциялық банктердің шығындары мен табыстары.
6. Коммерциялық банктердің несиелік жүйесі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.


1. Коммерциялық банктердің жіктелуі.

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
 банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
 банктің жарғылық капиталын өзгерту;
 банктің Кеңесін сайлау;
 банктің жылдық есебін бекіту;
 банктің табысын бөлу;
 банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерінқұру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:
 нормативтік актілерді бекітеді;
 Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
 банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
 банктің саясаттарын жасау;
 жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
 ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:
 банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
 барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелері бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
 банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
 банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
 еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
 несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
 несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
 несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
 несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
 несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
 несиелеу шартынбекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
 берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
 банктің несиелік стратегиясын жасайды;
 несиелеу бойынша бөлімшеердің жұмысын талдайды;
 несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіреку кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.

2. Коммерциялық банктердің пассив операциялары және оның түрлері

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың Коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтің операцияларына мыналар жатады:
 салым қабылдау (депозиттер);
 клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
 өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
 банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
 репо операциялары;
 еуровалюталық несие алу.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
 коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
 банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
 басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
 депозиттер операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Қазақстанда коммерциялық банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
 пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
 акционерлік банк;
 шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.
Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады.
Бөлінбеген пайда шоты - деген ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады.
Басқарылатын ресурстар - банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер – есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құралады.
Салым - (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады.
Мерзімді салымдар - ол салыну мерзімі және проценттік өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.
Мерзімдік салымның бір түрі - депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді.
Депозиттік сертификат - ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандағы туралы берілетін жазбаша куәлік.
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын береді. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды роль атқарады.
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие коррсепонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алуы жатады.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен жасалады.
Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарғында басты валюта болып доллар есептеледі.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.


3. Коммерциялық банктердің актив операциялары және оның түрлері
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді:
 несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік (ссудалық) портфелі қалыптасады;
 инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
 кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;
 депозиттік операциялар;
 қаржылық операциялар;
 басқа операциялар.
Несие-есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілеріне байланысты топтастыруға болады:
 борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
 пайдаланатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
 қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
 борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!