Курстық жұмыс: Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар

Курстық жұмыс: Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар казакша Курстық жұмыс: Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе


1 Аксиаль роторпоршеньді машиналар

1.1 Аксиаль роторпоршеньді машиналар кинематикасы

1.2 Аксиаль роторпоршеньді машиналардың өнімділігі

1.3 Әсер етеін күштер мен моменттер

1.4 Аксиаль роторпоршеньді машиналардың негізгі көрсеткіштерін есептеу

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

1. Аксиаль роторпоршеньді машиналар

Аксиаль роторпоршеньді машиналарының сан алуан конструкциялары белгілі. Олардың ең басты ерекшелігі – цилиндрдің ротор осіне параллель, айнала кеңістікте орналасуында және ол цилиндрлердің кеңістікті механизмдермен қозғалуында. Бұл машиналарды топтау (жіктеу) келесі белгілер арқылы орындалуы мүмкін:
- конструктивті – көлбеу дисклі және көлбеу цилиндрлер блогымен;
- кинематикалық – цилиндрлер блогі айналатын және дискілер айналатын;
- реттеу тәсілі бойынша – бұрылатын дискілі және бұрылатын цилиндрлер блогымен;
- сұйықты бөлу тәсілі бойынша – жалпы немесе сфералық бөлетін және қақпашамен бөлетін;
Ең көп тараған схема – көлбеу дискілі. Бқл машиналарды ротор осі жетектік білік осімен сәйкес келеді, ал поршеньдер қозғалысы олардың дискілерінен топсалы байланысы немесе жанасуы арқылы атқарылады.
Поршеньдері дискімен топсалы байланысқан машинаның схемасы 1- суретте келтірілген.
1сурет
(1) Ротор (2) цилиндрлермен және (3) поршеньдермен цилиндерлер блогін құрайды, ол машина сорғы ретінде жұмыс істегенде (4) жетектік біліктен айналысқа келеді. Поршеньдер (5) шатундар көмегімен (6) көлбеу дискімен топсалы жалғасқан. Диск (7) тіреу подшипнигі арқылы (8) көлбеу тірекке сүйенелі және (9) топса арқылы білікпен жалғасқан.
Цилиндрлер блогі айналған кезде көлбеу дискіде көлбеу жазықтықта айналады, ал поршеньдер цилиндрлер бойымен ілгері – кейін қозғалыс жасайды және бір мезгілде жетектік біліктің айналасында айналады. Блог жарты айналыс жасағанда әр поршень сұйықты сорады, ал екінші жарты айналыста – сұйықты ықсырады. Ол үшін (10) бөлгіш дискіде екі орак бейнелес (11) және (12) арналар орындалған, олармен блог цилиндрлері кезекпен жалғасады. Бұл арналардың бірі машинаның кіреберіс, ал екіншісі шыға беріс қуыстармен жалғасады. Бұл қуыстардың қалыптары блогтың айналу бағытына байланысты, себебі блогтың айналу бағыты өзгерген кезде қуыстар орындарын ауыстырады. Цилиндрлердегі қысымды байыппен көтеруді қамтамасыз ету үшін орақ бейнелес арналардың аяғына қарай жіңішкеленуін қарастырады.
Көлбеу дискі поршеньдермен жанаса жалғасқан Аксиаль роторпоршеньді машиналарда поршеньдер (плунжерлер) бірден дискіге тіреледі, сондықтан да шатун және топса қажет емес. Ротор айналған кезде диск көлбеу жазықтықта тек үйкеліс күші есебінде айналады және поршеньдерді ілгері-кейінді қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Поршеньдердің кері қозғалысы серіппелермен қамтамасыз етіледі. Егер машина гидромтор ретінде немесе қосымша қоректендірілетін сорғы ретінде жұмыс істесе, онда серіппе қажет емес.
Көлбеу цилиндрлер блогті Аксиаль роторпоршеньді машиналардың әсер принципі (2 суретт) көлбеу дискілі машиналардағыдай.
2 сурет
Порешньдердің қозғалуы (2) ротор осі мен (3) жетекші білік арасындағы бұрыштың болуы арқасында атқарылады. Жетекші білік (4) дискімен біртұтас орындалған және дискт тік жазықтықта орналасқан. Біліктің блогпен байланысы (5) әмбебап топса арқылы атқарылады.
Блогті әмбебап топсамен жалғастырудың кемшілігі болып, топса қасиетіне байланысты блогтің бірқалыпсыз айналуы саналады. Бірқалыпсыз айналу – топса беретін жылдамдық пен момент ырғағы машинада екпіндік күштердің пайда болуына әкеледі, олар машинаның қалыпты жұмысын бұзып, оның айналу жылдамдығын шектейді. Сондықтан да дара топсалы машиналар баяу айналғыш болып табылады. Жетілдірілген түрі болып қос топсалылар саналады, олардағы бір топсаның жылдамдық ырғағы екінші топсамен жойылады. Бұл ретте екі біліктің көлбеулік бұрыштарын тең етіп қабылдайды.
1,1 Аксиаль роторпоршеньді машиналарының кинематикасы
Кинематиканы есептеуге арналған схема 3 суретте келтірілген
3 сурет

Көлбеу дискіні - бұрышына бұрған кезде поршень х – мәнінен ығысады:

(1,1)
Мұндағы R – көлбеу дискінің радиусы;
-деп қабылдаймыз

- екенін ескерсек, поршень қозғалысының салыстырмалы жалдамдығы:
(1,2)
Бұл жылдамдықтың ең жоғары мәні болғанда орын алады.

(1,3)

Поршеннің блок осі айналасындағы алып жүрме жылдамдығы:
(1,4)

Поршеннің салыстырмалы және алыпжүрмелі қозғалыстарындағы үдеулер және келесідей болады:
(1,5)
(1,6)
1,2 Аксиаль роторпоршеньді машиналарының өнімділігі

Радиаль роторпоршеньді машиналардағыдай анықталады.
Орташа өнімділігі:

(1,7)
Мұндағы =h –поршеннің ең үлкен қадамы, - блок дискінің ең үлкен көлбеулік бұрышы (....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Аксиаль роторпоршеньді машиналар жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Технология курстық жұмыстар, Аксиаль роторпоршеньді машиналар, курстык Аксиаль роторпоршеньді машиналар жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Технология ку, Курстық жұмыс: Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін