Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Темір жол саласы | Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері

Курстық жұмыс: Темір жол саласы | Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері

Курстық жұмыс: Темір жол саласы | Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері казакша Курстық жұмыс: Темір жол саласы | Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
1. Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.
2. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштерін пайдалана отырып маусымдық ауытқуды анықтау.
3. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдау бойынша келесі жылға болжам жасау.
Қорытынды

Кіріспе
Динамикалық қатардың мәліметтері тенденциялық өзгеруі мүмкін (өсуі, кемуі) және тербелісте болуы мүмкін.
Мәліметтердің тербелісте болуына кездейсоқ жағдайлар әсер етеді, оны кездейсоқ тербелістер дейді, маусымдық құбылыстар әсер етеуі мүмкін, оны маусымдық тербелімтер дейді.
Маусымдық тербеліс – белгілі бір уақыт периодында қайталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – темір жол жүк тасымалдарында қай маусым тиімді екенін есептеп шығару.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
 Маусымдық индексті анықтап, келесі жылға болжам жасау;
 Берілген мәліметтерге сүйене отырып, регрессиялық талдау жасау.
Маусымдық ауытқу қазіргі кезде қай салада болмасын жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе ол ауыл шаруашылығында, көлік, сауда, құрылыс салаларында кездеседі.
1. Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.
Әр түрлі факторлардың өзара әсері динамикалық қатармен есептеледі. Біреуі тенденция өсуімен, ал екіншісі ауытқумен сипатталады. Бұл ауытқу көрсеткішке байланысты анықталады. Мысалы, ауытқуды Уорт дәрежесінің шеңберінде, абсисса осіне параллель, тренд сызығының айналасында немесе шеңберінде іздестіруге болады. Динамикалық қатарда айлық, тоқсандық көрсеткіштермен кездейсоқ немесе маусымдық ауытқумен қарастырамыз.
Маусымдық ауытқу деп әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер жыл ішінде мезгілдің қайталамалы ауысуына байланысты азды-көпті өзгеруін айтамыз. Халық шаруашылық салаларының көпшілігінде маусымдық ауытқу кездеседі. Соның ішінде ең жиі кездесетін салаларға мынларды жатқызуға болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда және т.б.. Мысалы, ауыл шаруашылығында көктем айларынан бастап, орта есеппен, бір сиырдан сауылатын сүттің мөлшері біртіндеп өсіп, өзінің ең жоғарғы шегіне жететінін, ал маусым айынан бастап, керісінше, бұл көрсеткіш біртіндеп азая бастайтындығын көреміз.
Маусымдық ауытқудың өзіне тән жетістіктерімен бірге кемшіліктері де кездеседі, ал ол кейбір салалардың жыл ішіндегі дамуына үлкен кедергі келтіруі де мүмкін. Мысалы, маусымға байланысты еңбек ресурстары мен құрал жабдықтардың тиімді пайдаланылмай бос тұруы көбейеді, ал соның салдарынан өнімнің өзіндік құны мен шығыны арта түседі. Сондықтан маусымдық ауытқуды жан-жақты зерттеудің іс жүзіндегі мағынасы өте жоғары. Соның ішінде маусым бойынша динамикалық қатардың көрсеткіштері арқылы жыл бойына бағдарлама жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, жылдық тапсырысты маусымға қарай бөліп, әр айға жеке жоспарлауға болады.
Маусымдық ауытқудың өлшемі әр түрлі абсалютті дәреже бойынша орташа дәрежеге, ай бойынша, тоқсан бойынша немесе жыл бойынша есептейміз. Мұны маусымдық индекс деп атаймыз. Маусымдық индекс сол берілген көрсеткіштердің мәндеріне байланысты болады және соған қарай түрлі есептеу әдістері қолданылады.
Егер қоғамдық құбылыстардың орташа жылдық маусымдық дәрежелерінің даму бағыты жылдан-жылға тұрақта түрде өзгермейтін болса, онда маусымдық индексті жай орташа әдіспен есептеуге болады. Ол үшін алдамен қарастырылып отырған кезеңнін әрбір айының орташа шамасы (Уi= ∑Уі/n) анықталады. Содан кейін осы көрсеткіштердің орташа айлық дәрежесін (У0=∑Уі/n) есептейді де, әр айдың орташа көрсеткіштерін осыған бөлу арқылы маусымдық индексті анықтайды және бұл үшін мына формуланы қолданады:
Iмаус= Уі/У0*100,
мұнда Уi – үш жылдың әрбір айының орташа дәрежесі; У0- осы көрсеткіштің орташа айлық көрсеткіші.
Егер қоғамдық құбылыстырдың орташа жылдық маусымдық дәрежелерінің даму бағытында өсу немесе кему болатын болса, онда бұл тәсілді қолдануға болмайды. Себебі, жылдың басына немесе аяғына есептелген орташа көрсеткіштер маусымдық толқынды дәл көрсете алмайды. Сондықтан оны дұрыс көрсету үшін басқа әдісті қолдануға тура келеді. Оны есептеудің тәсілі төмендегідей: алдымен әр айдың нақты шамасын сол жылдағы орташа айлық дәрежесіне бөлеміз де арифметикалық орташа шаманы анықтаймыз.
2. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштерін пайдалана отырып маусымдық ауытқуды анықтау.
Жоғарыда айтылған теорияны дәлелдеу үшін төменде берілген мысал есепті шығарамыз.
Төмендегі кестеде теміржол көліктері бойынша жүк тасымалдаудың екі жылдың тоқсандық көрсеткіштері берілген.
жылдар 1 токсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
2000 310 338 348 313
2001 315 333 346 318
Осы көрсеткіштер бойынша маусымдық индексін табамыз және келесі жылға болжам жасаймыз.
2000 жылдың темір жол көліктері бойынша жүк тасымалдаудың көрсеткіштері.
тоқсан өнім көлемі, мың тонна t I маусым (Уі-Уорт) (Уі-Уорт)/Уорт (Iмаусым-100%)^2 (Уі-Уорт)^2 Утеор
1 310 1 94,7288 -17,25 -0,05271 27,78554 297,5625 325,42
2 338 2 103,285 10,75 0,03285 10,7909 115,5625 326,05
3 348 3 106,3407 20,75 0,063407 40,20471 430,5625 326,68
4 313 4 95,64553 -14,25 -0,04354 18,9614 203,0625 327,31
сумма 1309
орт 327,25
2001 жылдың темір жол көліктері бойынша жүк тасымалдаудың көрсеткіштері.
тоқсан өнім көлемі, мың тонна t I маусым (Уі-Уорт) (Уі-Уорт)/Уорт (Iмаусым-100%)^2 (Уі-Уорт)^2 утеор
1 315 5 96,03659 -13 -0,03963 15,70866 169 325,42
2 333 6 101,5244 5 0,015244 2,323766 25 326,05
3 346 7 105,4878 18 0,054878 30,116 324 326,68
4 318 8 96,95122 -10 -0,03049 9,295062 100 327,31
сумма 1312
орт 328
Маусымдық ауытқуды анықтау үшін екі жылдық көрсеткіштер бойынша әр тоқсанға жеке орташа тәуліктік тасымалданған жүк көлемін анықтаймыз және ол төмендегі формуламен есептеледі:
Уі= (У1+У2)/2,
онда, У1=(310+315)/2=312,5
У2=(338+333)/2=335,5
У3=(348+346)/2=347
У4=(313+318)/2=315,5
Енді барлық уақытты бірге алғандағы жалпы орташаны анықтаймыз. Ол үшін арифметикалық орташа шаманың жай түрінің формуласын қолданамыз және ол келесі түрде беріледі:
У0= ∑Уі/n;
У0= ∑Уі/n =(312,5+335,5+347+315,5)/4=327,6
Енді маусымдық ауытқуды анықтау үшін келесі формуланы қолданымыз:
Імаусым=Уі/У0*100;
онда, Імаусым=У1/У0*100 = 312,5/327,6*100 = 95,4
Імаусым = У2/У0*100 = 335,5/327,6*100 = 102,4
Імаусым =У3/У0*100 = 347/327,6*100 = 105,9
Імаусым =У4/У0*100 = 315,5/327,6*100 = 96,3.
ВЫВОД ИТОГОВ
Регрессионная статистика
Множественный R 0,100184
R-квадрат 0,010037
Нормированный R-квадрат -0,15496
Стандартная ошибка 16,57888
Наблюдения 8
Дисперсионный анализ
df SS MS F Значимость F
Регрессия 1 16,72024 16,72024 0,06083 0,813407
Остаток 6 1649,155 274,8591
Итого 7 1665,875
Коэффициенты Стандартная ошибка t-статистика P-Значение Нижние 95% Верхние 95% Нижние 95,0% Верхние 95,0%
Y-пересечение 324,786 12,918 25,1418 2,61E-07 293,1761 356,4 293,18 356,4
Переменная X 1 0,63095 2,5582 0,24664 0,813407 -5,62868 6,8906 -5,629 6,891
3. Темір жол көліктерінде жүк тасымалдау бойынша келесі жылға болжам жасау.
Маусымдық индексті есепке ала отырып келесі жылдың тоқсандарына болжам жасаймыз. Маусымдық индекспен болжам жасағанда екі әдісті қолданамыз. Олар мультипликативті және аддетивті.
Мультипликативті әдіс төмендегі жолмен шығарылады:
Уболжам=f(x)(Iмаусым)орт=тренд теңдеуі*тоқсан бойынша орташа маусымдық индекс;
Біздің есептің берілгені бойынша 2002 жылдың:
У(9)= 315,2629
У(10)= 337,7171
У(11)= 351,298
У(12)= 320,0599
Аддетивті әдіс төмендегідей жолмен шығарылыды:
Уболжам=f(x)+(Уі+Утеор)орт= тренд теңдеуі+тоқсан бойынша орташа ауытқу.
У(9)= 345,5893
У(10)= 323,1952
У(11)= 312,3262
У(12)= 344,4571...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 6 | 8.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар темір жол саласы жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар т, Курстық жұмыс: Темір жол саласы | Темір жол көліктерінде жүк тасымалдаудың көрсеткіштері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін