Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар

 Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар

Мазмұны
I. Кіріспе ......................................................................................... 3 - 9
II. Негізгі бөлім
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар......... 10 - 12
Мәдениетаралық қарым-қатынас.................................... 12- 17
Жобалау тәсілін мәдениетаралық қарым қолдану........ 18- 27
Екінші бөлімге қорытынды............................................ 27- 28
III. Практикалық бөлім
3.1.......................................................................................................... 29 - 31
IV. Қорытынды……………………………………......................... 32 - 33
V. Әдебиеттер тізімі........................................................................ 34 - 36

Кіріспе
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да басты назарда тұрады. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде тілдің басты қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шет тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процессімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуі салдарына байланысты.
Шетел тілі біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогресінің іс жүзіндегі факторына айналып, бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан кезде ендігі жана буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдерін жақсы білуі — уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі немесе бірнеше адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбтелеу пәнді оқытуды түбегейлі түрде өзгерту, жаңарту арқылы іске асады. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат әдіскерлердің, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп өткізу және оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқыту пән ретінде көптеген мүмкіндіктерге ие. Е. Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа бүгінгі күн талаптарына сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде (неміс тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде жобалау тәсілін қолдану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде оқытудың белсенді түріне жататын жобалау тәсілін қолдану әдістемесін жасау және сонымен бірге жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
• дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен танысу, оларды талдау;
• шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды анықтау;
• шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;
• жалпы білім беретін орта мектептерде жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде оқытудың белсенді түрі болып табылатын жобалау тәсіліне сипаттама беру;
• жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде жобалау тәсілін қолдану жолдарын көрсету;
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері:
• Диплом жұмысының тақырыбы бойынша жұмыс істеуде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді сын көзбен оқу және оларға талдау жасау.
• Қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде тиімді және тиімсіз әсер ететін психологиялық факторларды айқындау мақсатымен педагогикалық үрдісті бақылау.
• Қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларында неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасау барысында болатын қиындықтарды анықтау мақсатымен оқушылармен анкета, әңгіме жүргізу.
• Жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде жасалған әдістеменің тиімділігін тексеруді көздей отырып, тәжірибелік оқыту жүргізу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретудің жаңа әдістемесі беріледі, жоғары сынып оқушыларын неміс тілін оқытуда жобалау тәсілін қолдана отырып, мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрету тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы:
• Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде (неміс тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде мәдениетаралық қарым-қатынастың психологиялық, лингвистикалық, психолингвистикалық ерекшеліктерін ескерудің теориялық негіздері беріледі.
• Жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде жобалау тәсілін қолдану жолдары көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы:
• Жоғары сынып оқушыларын неміс тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда мәдениетаралық қарым-қатынастың әртүрлі (психологиялық, лингвистикалық, психолингвистикалық) ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау тәсілін қолдансақ, мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйрету неғұрлым тиімді болады.
Зерттеудің методологиялық негіздері:
Зерттеудің методологиялық негіздерін жалпы дидактиканың және лингводидактиканың теориялық қағидалары, шетел тілін оқыту әдістемелерінің теориялық тұрғыдан негізгі қағидалары, соның ішінде коммуникативтік , танымдық және әлеуметтік лингвопсихологияның теориялық қағидалары,мәдениетаралық қарым-қатынастың теориялық қағидалары қалайды. Шетел тілін оқыту әдістемелерінің теориясы мен практикасын құрайтын жоғарыда аталған ғылым салаларын біріктіретін концептуалды базис көрнекті ғалымдар (Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, И.А. Зимняя, Б.Ф.Ломов, Н.Ю.Шведова, Н.И. Гез, Г.В.Колшанский, С.С.Кунанбаева, Н.Д. Гальскова, ....және т.б.) еңбектерінде зерттеледі.
Диплом жұмысының практикалық құндылығы:
• Диплом жұмысының нәтижесіне сүйене отырып жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде (неміс тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуге нұсқаулар беріледі;
• Диплом жұмысында берілген әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде ғана емес, сонымен қатар жаңа типтік мектептерде (лицейлер мен гимназияларда, шетел тілін тереңдете оқуға арналған мектептерде) қолдануға болады;
Диплом жұмысы бойынша келесі қағидалар қорғауға ұсынылады:
Диплом жұмысында ғылым жетістіктерін негіздей отырып, тәжірибелік байқаудан өткізу нәтижесінде сарапталып, жүйеге келтірілген мынадай негізгі тұжырымдар қорғалады.
• Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде жоғары сынып оқушыларын шетел тілінде (неміс тілінде) мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде жобалау тәсілін қолданудың тиімділігі.
• Шетел тілін оқытуда жобалау әдістемесін пайдалану оқушылардың сабақта да, сабақтан тыс уақытта да жұмыс істеуіне жақсы әсерін тигізеді
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Бұл диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, пәні, нысаны, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық құндылығы, практикалық құндылығы, ғылыми болжамы туралы сөз қозғалады..
Негізгі бөлім үш тармақтан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тармағында шетел тілі сабағына қойылатын басты талаптар туралы айтылады. Екінші тармақта тілдің әлеуметтік қызметіне, яғни адамзат қоғамына қатынас құралы ретіндегі қызметі, шетел тілін оқытудың басты мақсаты – тіл үйренушілердің шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру мәселелеріне тоқталамыз. Бұл тармақта теориялық мәселелер қарастырылады, диплом жұмысының тақырыбына сай ғалымдардың ой-пікірлері беріледі. Үшінші тармақта жобалау тәсіліне сипаттама беріліп, жобалық сабақтарды ұйымдастыруға, арналған нұсқаулар беріледі, ғылымдардың ой-пікіріне талдау жасалады. Оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға үйретуде оқытудың белсенді түрі болып табылатын жобалау тәсілін қолданудың тиімділігі жайлы сөз болады.
Практикалық бөлімде педагогикалық практикада жүргізілген тәжірибелер, неміс тілі сабағында қолданылған жобалық сабақтың жоспарының үлгілері беріледі.
Бұл диплом жұмысының барысында міндетті түрде әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып жаздық, сонымен бірге шетел тілін оқыту әдістемелік журналдарда жарияланған мақалалармен танысып, талдадық. Бұл әдебиеттер саны дипломдық жұмыстың қолданылған әдебиеттер тізімінде берілген.
Негізгі бөлім
Бұл бөлімде біз алдымен шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқауларға тоқталамыз.
2.1. Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Біз шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және жүргізуіміз үшін алдымен шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды білуіміз қажет.
Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович, Т.Е. Сахарованың ойынша, шетел тілі сабағы нақты талаптарға сай жүргізілуі міндет. Сабақ сол пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек (1). Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету стратегиясын анықтайды.
Н.Д. Гальскова, Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович еңбектерінде шетел тілі сабағына қойылатын келесі талаптар жайлы айтылады (1, 2).
1) Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әр-бір сабақ практикалық, білімдік, тәрбиелеі, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жетуді қамтамасыз ету керек.
Мысалы: оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету, диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету. Белгілі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету т.с.с.
2) Сабақтың маңыздылығы: Мұғалімдер мен оқулықтың аторлары ұсынған үлгілен мен мысалдары жағдаятты және коммуникативтік сипатқа ие болуы керек. Мысалы: неміс тіліндегі перфектті (Perfekt) оқушылар диалог түрінде жақсы қабылдайды.
- Hast du dieses Buch gelesen?
- Ja, ich habe es gelesen............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?