12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес

12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес

Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.

Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.

Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз. Жасөспірімдердің өзін салыстыра бастайтын өз сұлулық эталоны болатынын естен шығармаңыз. Кейде тіпті сырт келбеті оның келешек өміріне де әсер етуі мүмкін. Сондықтан олар көпшіліктен ерекшеленіп, көзге түсуді ойлайды.

Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы өзгереді. Жасөспірім үшін өзінің ересек замандастарымен қарым-қатынас жасау маңызды. Өзіне сенімді тұлғалар қоғамда өз орнын таба алады. Ал жұрттың ыңғайына жығылғыш, біреудің рөлін ойнап жүрген жастарды әдетте замандастары қабылдай қоймайды.

Жасөспірім кезінде түрлі рөлдерде болып көргеннен кейін баланың алғашқы «өзін-өзі бағалауы» қалыптасады. Егер осы кезде бала өз ата-анасынан дұрыс баға ала алмаса, онда мұндай бағаны балаңыз тап болған өзгелей бір топ немесе көшедегі достары қалыптастырады. Кім өзін табиғи қалпында қабылдаса жасөспірім сол адамға қарыздар болып, соның жанында қалады. Арақ ішу немесе темекі шегу көптеген жасөспірімдер үшін ересек өмірдің белгісі (символы) болып саналады. Кейде тіпті темекі шегу қарым-қатынас жасау атрибутына айналады.

Осы кезеңде балаңызға үлкендер тарапынан неғұрлым көп шектеу қойсаңыз, соғұрлым өзіңізге зиян екенін естен шығармаңыз. Сондықтан балаңызға оның іс-әрекетіне деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Ата-анасы неғұрлым сабырлы болса, баланың өтпелі кезеңі де соғұрлым қиындықсыз жайлы өтеді. Осының нәтижесінде бала өтпелі кезеңнен есейіп, дербестікке ие болып шығады.

Жасөспірімнің өтпелі кезеңінде ата-анасы баласын қолдап, оны сыйлап, жақсы көрсе балаға бұл жағымды әсер етері сөзсіз. Шешімталдық пен бір қалыптылық - ата-ананың маңызды қасиеттерінің бірі. Егер балаларымыздың мейрімді, туыстарын жақсы көретін адам болып өсуін қаласақ, өзіміз де оларға мейіріммен қарап жақсы көргеніміз жөн.

Баланың тәуелсіздікке ұмтылуы – қалыпты жағдай. Егер бұл әрекеті сіздің көзқарасыңызға сай келмейтін болса, онда оған әсіре сезімталдық білдірмеңіз. Ашуланып, дауыс көтеруден аулақ болыңыз, бала өз ата-анасының өз сезімін бақылай алмағанын көрген сайын оған деген сыйластығы әлсірей түседі. Егер жағымсыз эмоциядан арылғыңыз келсе, мұны жасаған өзіңіздің балаңыз емес, көршінің баласы деп ойлаңыз. Сонда сіз болып жатқан нәрселерді жүрегіңізге тым жақын алып жүргеніңізді түсінесіз. Көбіне бұл ашу емес, таңдану не өкініш сезімі болуы мүмкін.

Кей ата-аналарда өз балаларына үлкен кісілерше, өз қатарласынша қарау қажеттілігі пайда болады. Бұл әрине жақсы, бірақ егер мұның артында ата-ананың өзінің психологиялық қиындығын баланың мойнына іліп тастау мақсаты тұрмаса. Баламен өзіңіздің ересек проблемаларыңызбен бөлісіп, жылып-сықтамаңыз. Мұныңыз жасөспірімге мына өмірде өзінің қорғансыздығын сездіргенмен бірдей. Баламен ақылдасқан дұрыс, бірақ шешім қабылдау немесе эмоциялық көмек сияқты қолдау жүктемеңіз. Баладан өз қайғыңызды бөлісуді сұрамаңыз. Бұл жағдайда балаңыздың алдындағы беделіңіз төмендеп, ол теріс ықпалға мойынсұнғыш болады.

Егер ата-ана баласының тәуелсіздігін назардан тыс қалдырып, өз айтқанына бағындырса, онда бала әке-шешесінің айтқанынан аспайтын, өзіндік пікірі мен еркі жоқ болып өседі. Мұндай балалардың өмірден өз орнын табуы қиын. Кейде мұндай балалар өзінің дербес дамуын тұншықтырған шектен тыс қамқорлығы үшін ата-анасынан кек алуы мүмкін.

Ата-аналар баласының өз бетінше әрекетін құптап, оны қолдайтынын және сенім артатынын білдіріп отырғаны дұрыс. Балаңызды үнемі ақыл-кеңес айтып отыруды қажет ететін қорғансыз адам деп есептемеңіз. Өз ойыңызды өзгертіп, барлық ісіңізді баланың өз бетімен әрекет етіп шешім қабылдауына мүмкіндік беруге бағыттаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады