Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс казакша Декреттегі әйелдерге құлаққағыс на казахском языке
Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ ауа райы тікелей нәзік жандының мықтылығын қажет етеді. Декреттегі әйел отбасын да, өзінің денсаулығын да сақтап қалғысы келсе мына бір ескертпелерді естен шығармағаны шарт:

• Ақша үнемдей отырып, өзіңізге киім, косметика, қысқасы қажет заттарды сатып алып отырыңыз. Үйде отырсаңыз да өзіңізді жақсы көріңіз.

• Сыртқа шығып тұрыңыз. Дос-жараныңыз бар болса, тіпті жақсы. Басқосулардан қалмаңыз. Қалада достарыңыз болмаса, жаңа дос табуға тырысыңыз.

• Демалыс күндері бала қарауды жолдасыңыздың мойнына жүктеңіз. Өзіңіз де басқа шаруаларды бітіресіз әрі бала әкенің тәрбиесін алады, мейірім-шапағатына бөленеді.

• Егер сіз ата-енемен бірге тұрсаңыз, баланы олардан қызғанбаңыз. Қайта бағуға беріп қойыңыз. Баққысы келмесе, мәжбүрлемеңіз. Бала өзіңіздікі. Сізден артық оған ешкім қарай алмайды.

• Балаңыздың аман-саулығын ойлап, бүгінгі тіршілігіңізге тәубә деңіз. Ауру баласына қарап, күні-түні Алладан дертке дауа тілеп жүрген қанша ата-ана бар. Бала денсаулығы, оның тыныш ұйқысы ата-ана үшін басты байлық екенін түсініңіз.

• Үй жиналмай, тамақ жасалмай қалды деп уайым шекпеңіз. Бастысы бала қараусыз қалмау керек. Тамақты күйеуіңіз келгеннен кейін ақ жасауға болады. Бәріне уақытылы үлгеру міндет емес.

• Сіз әйелсіз, сіз анасыз. Балаға ең бастысы дені сау ана керек. Ешкім ана орнын алмастыра алмайды. Сол себепті кейде қолды бірақ сілтеп, аяқты көтеріп демалыңыз. Рухани да тынығыңыз.

• Күйеуіңізді патшадай күтіңіз. Алайда өзіңіздің патшайым екендігіңізді ұмытпағайсыз. Күйеуіңіздің де соны естен шығармауын қадағалаңыз.

• Сіз дүниеге жаңа адам әкелген анасыз. Одан асқан ұлылық жоқ. Өзіңізбен, бөпеңізбен мақтаныңыз. Бала сүйе алмай жүрген жандарға қарап барыңызды бағалаңыз.

• Күліп жүріңіз. Көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Ең бірінші кезекте балаңыз үшін. Бала бәрін сезеді. Оның келешек өмірі жарқын болуы үшін сіз жайдарлы болуыңыз қажет. Бұл да тәрбие.

ZHARAR | 1 014 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
Еркекті ер ететін әйел
Еркекті ер ететін әйел
Әйел әдептері
Әйел әдептері
Декреттегі әйелдерге құлаққағыс
Декреттегі әйелдерге құлаққағыс
Еркекті ер ететін әйел
Еркекті ер ететін әйел
Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар
Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар
Декреттегі әйелдерге құлаққағыс
Декреттегі әйелдерге құлаққағыс
Қазақша ертегі: Ақ тышқан мен нәресте
Қазақша ертегі: Ақ тышқан мен нәресте
Қазақша ертегі: Тышқан мен нәресте
Қазақша ертегі: Тышқан мен нәресте
Күйеуімнің көңілінен қалай шығамын?
Күйеуімнің көңілінен қалай шығамын?
Жүкті әйел қалай тамақтану керек?
Жүкті әйел қалай тамақтану керек?
Құрсағыңызда бала болса…
Құрсағыңызда бала болса…
Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйел)
Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйел)
Жақсы күйеу қандай болуы керек?
Жақсы күйеу қандай болуы керек?
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Әйел - сенің ақылшың)
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Әйел - сенің ақылшың)
Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері
Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері
Мақал - мәтел: Әйел, қатын
Мақал - мәтел: Әйел, қатын

KZ / Пайдалы кеңес жинағы / Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы, қажет, болады, Декрет, энергиясынан, араласпау, шаруасынан, ашпау, жүйкені, біраз, жұқартады, Ғалымдар, еркектің, дәлелдеген, алатындығын, бұрынғыдай, болса, жүріңіз, естен, жақсы, анасыз, қажет болады Декрет энергиясынан араласпау шаруасынан ашпау жүйкені біраз жұқартады Ғалымдар еркектің дәлелдеген алатындығын бұрынғыдай болса жүріңіз естен жақсы анасыз, Декреттегі әйелдерге құлаққағыс пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге