» » » Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі

Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі

Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі казакша Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі на казахском языке
Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған
жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
– Оян! – депті.
– Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады.
Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертөленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып:
― Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам – тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние – ай, бала шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, - деп қиялдайды.
Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса – бір ділдә, екі ашса – екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып, Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген Сағат мың, он мың, жүз мың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: ZHARAR | 36 456 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Ертегі: Түлкі мен бөдене
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен бөдене
Ертегі: Әуез ханның қырық ұлы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Әуез ханның қырық ұлы
Ертегі: Тырнаның тапқырлығы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тырнаның тапқырлығы
Ертегі: Жолбарыс жеген түлкі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жолбарыс жеген түлкі
Ертегі: Көжек
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Көжек
Ертегі: Құмырсқаның қанағаты
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Құмырсқаның қанағаты
Ертегі: Үш аю
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Үш аю
Ертегі: Жапалақ көрсең атып ал
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жапалақ көрсең атып ал
Ертегі: Жарлы Сүлеймен
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жарлы Сүлеймен
Ертегі: Өнеге
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Өнеге
Ертегі: Жаһанша
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жаһанша
Ертегі: Түс көрген патша
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түс көрген патша
Қазақша ертегі: Өнеге
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Өнеге
Қазақша ертегі: Түлкі мен Бөдене
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Түлкі мен Бөдене
Қазақша ертегі: Бір үзім нан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Бір үзім нан
Қазақша ертегі: Алтын, күміс
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Алтын, күміс

KZ / Қазақ халық ертегілер жинағы, Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі, қазақ ертегілер оқу, қазақ ертегілерін оқу, ертегілер жинағы, қазақша ертегілер жинағы, қазақша ертегілер онлайн, сказки на казахском языке, Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі қазақ ертегілер оқу қазақ ертегілерін оқу ертегілер жинағы қазақша ертегілер жинағы қазақша ертегілер онлайн сказки на казахском языке, Қазақша Ертегі: Алтын санаған аштан өледі ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн