Экономика | Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және талдау

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және талдау

Мазмұны

КІРІСПЕ............................................................................................................3

ТАРАУ 1. КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕПЗДЕРІ................................................................................................5
1.1. Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері.........5
1.2. Кәсіпкерліктің қаржылық іс-әрекетінің мәні...........................................13
1.3. Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі..................................................................22
1.4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерліктіктің мемлекеттік реттеуші заңдарының аяққатұруы.........................................................27
1.5. Кәсіпкерліктің қызметті мемлекет тарапынан баскару туралы шетелдік тәжірибе......................................................................................29

ТАРАУ 2. КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЗІРП
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ..........................................................................35
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының ———
тенденцияларын талдау.......................,...............................>.....................35
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуын талдау......44
2.3. Кәсіпкерлікті қаржыландыруды және несие ресурстарының қайтарымдылығын талдау.......................................................................54

ТАРАУ 3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТШЩ
ТИІМДІЛІПН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ........................................66
3.1. Кәсіпкерлікті несиелендіру жетілдіру жолдары.................................66
3.2. Кәсіпкерлік іс-әрекетте мемлекеттік қаржыларды пайдалану тиімділігін жоғарылату...........................................................................70

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................75
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................76

Қазақстанда тұрақтанып келе жатқан"~ әкімшіліктік-бюрократиялық модельдің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолында реттеу функцияларының сақталуы аркылы әрекет ететін әкономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделеді.
Философиялық көзқарастан кәсіпкерлікті адам жанының ерекше күйі, іскерлік романтика формасы, адамға тән қабілеттіліктерді іске асыру құралы ретінде сипаттауға болады. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өз бизнесін үйымдастыра алу, сонымен байланысты функцияларды табысты жүзеге асыру деп қарастырылады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі кезде қайта жандануы болып өтуде. 1917 жылға дейін елде кәсіпкерлік орын алған, бірақ өндіргіш күштердің дамуының әлсіз деңгейінің салдарынан ол кезде айтарлықтай тарамады.
Кеңес үкіметінің жылдарында кәсіпкерлік түсінігі әкономиклық сөздіктен мүлдем шығарылып тастаған, ал кәсіпкерлік термины теріс қабылданантын. Енді біз бүрыңғыдай «кәсіпкерлік», «іскерлік» деген терминдерді басты қолданамыз.
Нарықтық әкономиканың дамуы кәсіпкерлікті колдануды және кәсіпкерді тәрбиелеуді қарастырады. Айтарлықтай күрделі қиындықтар мен психологиялык кедергілерді жеңумен байланысты болатын бүл міндетті шешу оңай емес. Қазақстанда жүргізіліп жатқан әкономикалык реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-әкономикалық маңыздылығының өсуінің себептері - ол нарықтық әкономикаға икемділік береді, халықтың қаржылық және өндірістік ресурстарын қатыстыруға себепші болады, ол өзінде монополияға қарсы күш алып келеді, жүмыс бастылық және басқа да нарықтық шаруашылық мәселелерін шешеді.
Қазіргі кезде республикамызда кәсіпкерлік әкономиканың жаңа сфералары мен әлеуметті топтарын қамтып, күш алуда. Кәсіпкерлік динамикасы мен әкономикалық нәтижелері көбінесе соған сәйкес келесі алғы шарттармен анықталады: институционалдык кәсіпкерлік ортасының қалыптасуымен, заңдылық базасымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаудың деңгейімен және т.б.
Республикамызда кәсіпкерліктің дамуы үшін түракты әкономикалык негізін құрайтын меншіктің жекешелендірілуі бойынша үлкен жүмыс жүрпзілуде. 90-шы жылдардың басында Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік іс-әрекеттің заңдылық тү_рақтандыру және дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңдар, заңдылық және басқа нормативтік-қүқықтық актілер қабылданып, әрекет етуде.
Сонымен қатар, республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде кең көлемді шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан Республикасы Президнтінің «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандырудьг күшейту жөніндегі шаралар туралы» Үкіміне сәйкес шағын кәсіпкерлікті колдау және дамытуды мемлекеттік әкономикалық саясаттың басты саласы деп санау қарастырылады.
Дегенмен, отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық кедергілер толық жойылған деп айтуға болмайды. Олардың негізгілері - несиелеу мәселесі, салық салу мәселесі және т.б. Дамыған елдер әкономикасында ірі, орта және шағын кәсіпорындар іс-әрекеті бір уақытта жүргізіледі. Қазіргі әкономика монополиялық құрылымдарға икем - ірі өндіріс пен көптеген факторлар есебінен қалыптасатын шағын кәсіпорындарды күрделі комбинациялаумен сипатталады.
Бір жағынан, ғылыми-техникалық прогрестің түрақты тенденциясы ретінде өндірісті шоғырландыру болып табылады. Сондықтан ірі кәсіпорындар көп мөлшерде материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарына және білікті мамандарға ие. Ірі кәсіпорындар күрделі масштабта ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуге қабілетті және олар негізгі технологиялық өзгерістерді анықтайды.
Екінші жағынан, соңғы кездері көп мөлшерде күрделі қаражаттарды, жабдықтарды, жүмысшыларды қажет етпейтін сфераларда шағын және орта кәсіпкерліктің пайда болуы және қарқынды дамуы байқалады.
Шағын кәсіпорындардың тиімділігі: жергілікті нарыққа жақын орналасуы және осыған байланысты клиенттер сүранысына бейімделуі, бәсекелестікті дамыту, өнім сапасын және сервистік қызмет көрсету деңгейін* жоғарылатады, басқарушылық сатылардың аз болуы, нарықты тауарлар мен кызметтерге толтыру, әкспорттың потенциалын жоғарылатуға әкеледі және т.б. Шағын кәсіпкерлік көптеген елдердің әкономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Еуропалық Қауымдастық елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда жүмыспен қамтылған адамдар санының 50%-і шағын кәсіпорындарда еңбек етеді, ал оның Жалпы Ішкі Өнімдегі үлесі 50% қүрайды, шағын кәсіпорындардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 50-60% қүрайды.
Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің нәтижелеріне жету максатында Қазақстан республикасының Президенті елдің әкономикасының басымды бағыты ретінде және орташа кластың негізгі буыны ретінде шағын кәсіпкерлікке барынша мемлекеттік қолдау көрсету кажеттігін айтты. Қазақстан республикасын инновациялық-индустриялық дамыту бағдарламасында да шағын кәсіпкерліктің дамуы қарастырылған.
Елімізде кәсіпкерлікті әкономиканың барлық салаларында түрақты дамыту үшін каржыландыру мәселесі өзекті болып отыр.
Дипломдық жүмыстың негізгі мәселесі - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті бағдарламаға сәйкес дамыту үшін қаржылық-несиелік қолдаудың тиімділігін жоғарылату жолдарын үсыну болып табылады.
ТАРАУ 1 КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастырушылық-құқықтық
түрлері

Нарықтық әкономикаға бет бұрып, мемлекет пен қоғам меншік формалары мен қатынастарын қайта қүруға тиісті болады. Нарықтық механизмді қалыптасқан базистік қатынастарға - меншік қатынастарына араласусыз жүргізу әкономикалық түрғыдан аңғырт болып көрінеді. Нарық -бү_л көп түрлі, өз әкономикалық қүқықтарын іске асырудағы тең меншік иелерінің өзара әрекеттесуі. Нарық дамыған қатынастар мен меншік формаларының әр түрлі болуынсыз мүмкін емес, себебі:
- біріншіден, нарықта ең алдымен капитал, өндіріс қүралдары, мүлік, жүмыс күші, ақпараттық өнім меншігінің иелері арасындағы қатынастар дамиды;
- екіншіден, меншік қатынастары әр бір меншік иесі іс-әрекетінің жоғары әкономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізу нәтижелерінде шын мәнінде ынталы болу принципінде жатыр; >
- үшіншіден, әкономиканың дамуына өсіңкілік беретін әкономикалық механизм кажет. Өзара бәсекелесетін меншік иелері мен меншік формаларының көп түрлілігі бар жерде туындайтын бәсеке осындай механизм болып табылады.
Меншік механизмның әрекеті ең алдымен меншік субъектілерінің ынталылығы арқылы айқындалады. Нарықтық әкономика жағдайында меншік субъектісі өз меншігін тауар ретінде нарықта үсынуға мәжбүр болады. Тауарларды өткізу кепілдемесінің жоқтығына байланысты ол сатылатын меншік объектісінің қүнының көлемінде ақша сомасымен тәуекелге барады. Бірақ, басқа жағынан, табысты болған жағдайда ол өз меншігін калдық пайда көлеміне арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда ол өз меншігін калдық пайда көлеміне арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда әкономикалық өмір сүруге қызығушылық пайда болады.
Меншік иесінің тәуекелінің деңгейі және оның табысының көлемі меншік объектісінің қалыптасуына қосқан үлесіне пропорционалды болады. Меншік иесі өзінің бар мүлкімен тәуекел ететін жеке басты мүлік жағдайында ынталандыру деңгейі жоғары болады, ал бірлескен меншікке қатысу ынталандыру деңгейін төмендетеді. Бірақ, белгілі бір, бүрыннан анық нөлдік емес ынта бар екендігі негізінде маңызды болып табылады.
Меншік объектісінің егесі бола тұрып, меншік иесі осы объектіден жақын арада мүмкін болатынның барлығын алуға ғана ынталы болмайды. Нағыз меншік иесі мезгілдік мүдделерді басшылыққа алмайды, ол объект болашақта оныкі болса, оның перспективасы жайлы ойлану керектігін жақсы түсінеді. Перспективаға деген ынталылық - меншік объектісі, оның бүкіл өмірлік циклының бойында тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы қамқорлығының стимулы және ең әсерлі ынталандырушы себеп. Мүндай ынтаның болмауы
ұқыпсыздыққа, немқұрайдылыққа, қүндылықтардың тозуына, үлкен шығындарға алып келеді. '""
Нарықтық қатынастарға өтуді адамдарда қожа сезімдерін қайта жандандырумен, меншік иелік мүддені ынталандырумен нығайтпаған жағдайда әкономиканы тиімді шаруашылық жүргізу жолына шығару мүмкіндіктері аз болады. Біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын бір сатыға көтеріп, жаңа әлемдік әкономикалық парадигмаға сәйкес болу үшін жеке сектор мен үлттық капиталдың белсенділігіне көмектесіп, ынталандырып, толықтыруымыз
тиіс. [1] ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?