Экономика | Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

 Экономика | Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

Мазмұны


КІРІСПЕ
3
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық тұжырымдамасы
Шағын кәсіпкерлік қызметінің мазмұны және қажеттілігі
Шағын кәсіпкерліктің қызметін стратегиялық қалыптастыруының құқықтық аспектісі

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары

Шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР

Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.
Шағын кәсіпкерліктің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі:
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.
Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі.
Экономикалық теорияда "кәсіпкерлік" түсінігін өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі "кәсіпкерлік теориясының" классигі Р.Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруіне тура келеді.
А.Маршалл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиімді деп есептеген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуында Й.Шумпетердің "тиімді монополия" концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер- экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші. Сондай-ақ, Й.Шумпетер классиктерге қарағанда кәсіпкерліктің жаңашылдық қызметін капиталистің қызметінен бөліп көрсетеді. Капиталистің қызметі: кәсіпкер барлық уақытта таза күйінде қандай да бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәуекелге бармайды. Кәсіпкер ол менеджер емес,оның міндеті – жасаған жаңалығын жүзеге асыру және оның экономикалық дамуына септігін тигізу. Кәсіпкер – бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді1-8б.
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерінің экономикалық мазмұнының тарихи қалыптасуын зерттеуге ТМД елдерінің В.Автономов, В.М.Воробьев, Л.Колесникова, С.К.Никитина және т.б. еңбектері үлес қосты. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде ресейлік кәсіпкерліктің даму тәжірибесінің негізіндегі тұжырымдары ұсынылған.
Қазақстан зерттеушілері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға ұмтылыс білдірді. Олардың ішінде О.Ж.Әлиев, Р.Т.Дуламбаева, Б.А.Жакупова және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. «Кәсіпкер» термині туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі теориялар мен тұжырымдамалардың генезисіне О.Ж.Әлиев зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсетті. Кәсіпкерлік - кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұдттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады. Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі улкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке келеді.
2009 жылда республикада 741 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік тіркелді. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны – 1.8 млн. адамды құрады2.
Қазакстан Республикасы Президенінің 2001 жылғы 7-мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бекітілуі еліміздегі шағын кәсіпкерліктің дамуында маңызды қадам болды. Оның басты мақсаты - Шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқандалған және олар мыналар:
- Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелерінің рөлін күшейту;
- Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
- Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріннің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Бүгінгі күні бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр деуге болады, әйтсе де бұл процесс баяу қозғалуда, себебі оған кері әсерін тигізіп, аяқ асты шалыс қылып отырған кедергілер баршылық. Олардың қатарында кәсіпкерлік қызметтің жеткілікті дәрежеде құқықтық реттелмеуі, қабылданған заңнамалардың іс жүзінде жүзеге аспауы, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік қорғалмауы, қаржылық жағдайдың сын көтермеуі тәріздес факторлар да кездеседі, айта берсем мұндай кедергілердің әлі елу шақтысын санамалап шығуымыз болады. Әйтсе де, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайтын болсақ, сайып келгенде аталмыш кедергілер туындауына себеп болып отырған күрделі фактор – ол кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тұрғыда қолдаудың жеткіліксіздігі.
Жұмысымның басты мақсаты Қазақтандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау, оны бағалау және соның негізінде шағын кәсіпкерлік қызметінің даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Осы қойылған мақсаттарға байланысты төмендегідей мәселелер қозғалды:
- Қазақстан еспубликасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау;
- Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау;
- Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары;
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік негіздер – Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Елбасы бағдарламалары4.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақсан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметі құқықтық реттеу». Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазіргі заманға сай шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық және әдістемелік негізі». Бұл бөлімде «кәсіпкерлік» терминінің эволюциясының калыптасуына, шетелдік, ТМД және қазақстандық ғалымдардың пікірлеріне, шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны мен қажеттілігіне, еліміздегі шағын кәсіпкерліктін стратегиялық қалыптасуының құқықтық аспектісіне жеке тоқталдым.
Екінші бөлімнің аты «Қазақтандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау және бағалау». Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау туралы, қазіргі замандағы құқықтық жағдайының бағалануы туралы жазылған.
Үшінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің даму проблемалары» деп аталады. Бұл бөлімде шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемаларын, сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесін қарастырдым.
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

1.1 Шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық тұжырымдамасы

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
- 1723ж.: Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш "кәсіпкер" ұғымы, яғни "обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам" пайда болған;
- 1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
- 1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;
- 1797ж.: К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
- 1803ж.: Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
- 1876ж.: Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
- 1934ж.: И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
- 1964ж.: П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
- 1975ж.: А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Жоғары монополияландырылған бұрынғы одақтас республикалардың экономикасында бірінші дәрежеге ие болатын бәсекелестік ортаны қалыптастыруда шағын кәсіпорын елеулі үлес қосады. В.Афанасьевтің пікірі бойынша “шағын кәсіпорын” өзінің табиғатынан монополияға қарсы, бұл оның әрекет етуінің әртүрлі аспектілерінен көрінеді, ол өзінің элементерінің көптігінен және олардың жоғары динамикалылығынан монополияға өте аз дәрежеде ырық береді. Екінші жағынан, тар шеңберде мамандану мен жаңа техниканы қолдануда шағын кәсіпкерлік бәсекеге ірі корпорациялардың монополиялық позициясын бұзатын байсалды сапада түседі. Нақ осы аталған сапа өнеркәсібі дамыған елдерде монополияның әлсіреуіне және тоқтап қалған техникалық прогрестің жылжуында елеулі роль атқарады. Батыс экономистерінің есебі бойынша “...белсенді бәсекелестік бөлу үшін, біртекті өнім шығарушылардың саны 8-15, ал кем дегенде 4-5” болу керек..
Кәсіпкерлік ұғымы жоғарыдағы сипаттамалардың өзінен көрініп тұрғандай өте күрделі ұғым болып табылады. Сондықтан да, әлемдік экономист ғалымдар да, заңгерлер де, саясаттанушылар да және т.б. мұның негізгі анықтамасын беруге ұмтылған болатын. Отандық заңгер ғалым Қ. Битеміров өзінің “Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері” атты зерттеуінде кәсіпкерлік қызметінің түсінігін беруге байланысты мынандай қорытындыға келеді: “Кәсіпкерлік қызметтің түсінігін әзірлеу бірнеше кезеңнен өтіп, соңында жаңадан қабылданған ҚР азаматтық кодексінен көрініс тауып отыр. Осы жұмыста кәсіпкерліктің (оның ішінде шағын және орта) түсінігі шаруашылық қызметтің түсінігі арқылы ашылып көрсетілген, сонымен бірге мынандай келесідей кәсіпкерліккке тән ерекшеліктер: өз еркімен талаптану, пайда табуға тырысу, соны мақсат ете отырып қызмет атқару, дербестілік және тәуелділік арқылы сипатталу және т.б. айқындалған. Бұл жерде баса назар аударатын бір жәйт, кәсіпкерлердің тікелей-шаруашылық дербестігі. Ал дербестілік мүліктік ерекшеленуге байланысты болады, яғни жеке меншіктің арқасында немесе дербес мүліктік жауапкершіліктің болуы, өз атынан қызмет атқарып өзін-өзі реттеуі негізінде. Тәуелділіктің кәсіпкерлік қызмет аясынан орын алуы субъективтік және объективтік факторларға байланысты болады. Осыған орай кәсіпкерлік тәуелділіктің құрамдас элементтері мүліктік (кәдімгі) тәуелділік және коммерциялық тәуелділік болып саналады”[5, 122 б.]. Кәсіпкерлік қызметтің ұғымын беруге байланысты Ресейлік ғалымдардың да көптеген ізденістері баршылық. В.С. Белых кәсіпкерлік қызметін былай айқындайды: “Предпринимательская деятельность - вид хозяйственной активности индивидов, их объединений по производству, распределению, перераспределению и потреблению материальных благ в рамках товарно-денежного обмена, предпосылкой которой является владение, пользование и распоряжение данными благами для удовлетворения собственных и чужих материальных (финансовых) и духовных потребностей.
Однако предпринимательскую деятельность отличают от иных видов экономической деятельности специфические только для нее признаки. Их выделение предполагает раскрытие семантики разбираемого термина, анализ существующих теоретических воззрений на предпринимательскую активность, нормативной ее модели. При этом надо иметь в виду, что категория предпринимательской деятельности (предпринимательство) рассматривается в разных аспектах: организационном, экономическом, юридическом, психологическом и др.” [6, 129-132 б.]. Бұл анықтаманың өзі кәсіпкерлік қызметті әр түрлі аспектіде қарауға болатындығын көрсетіп тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметін белгілі, белсенді қызмет тұрғысында да бағалау бар. Оны былай береді: “предпринимательская деятельность не сводится к простой совокупности действий, а состоит из связанных и последовательных ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!