Экономика | Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы

 Экономика | Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы

Мазмұны


1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. 1 Кәсіпкерліктің экономика жүйесінде қалыптасуы және
кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері
1. 2 Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері.

2. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму беталысы, кемшіліктері және оны шешу жолдары.
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуда жүргізіліп жатқан шаралар мен қайшылықтары
2.3 Өндірістік кәсіпкерліктің тәжірбие жүзінде дамуы

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Сол кезде елімізде экономикалық жүйемізде « кәсіпкерлік » түсінігі пайда болды. Әлемдік тәжірбие мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылуы әлемдік экономиканың кең өріс алуына және де дүние жүзі бойынша сауданың дамуына бет бұрыс жасады.Соның нәтижесінде индустриялы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны айқын. Осыған орай елімізге инвесторларды тарту , сол арқылы кәсіпорындарды дамыту жүйесі көзделді. Алайда, ол өз жетістігі бола тұра, көптеген қиыншылықтарға тап болды. Сол қиыншылықтардың шешімін табу үшін елімізде көптеген шаралар қабылданды. Бірақ ол шаралар бізге ешқандай жетістіктер бере алмады. Кәсіпорындарды дамытуда оның құрылу негізін, бәселестерін, нарықта сұранысын зерттеу қажет. Бұл факторлар бізге қажет болғанмен де , әлемдік ақпарат жүйесінің жоғарғы қарқынмен дамуы бізге көптеген мүмкіндіктер беруде . Сол үшін де кәсіпорын қызметін жетік меңгергеніміз жөн .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін , оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің даму практикасында теориялық дәйекті ұсыныстар қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: дипломдық жұмыстың мақсаты- қазіргі кәсіпкерлік жүйесінің ел экономикасына сапа және сан жағынан әсер ету бағыттарын белгілеу, қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді :
• Кәсіпкерлік ортаның қазіргі заманғы қағидаларын анықтау,
• Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуының бастапқы жағдайларына сипаттама беру және атқаратын рөлін анықтау;
• Кәсіпкерлік формалары мен оның ерекшеліктерін қазіргі Қазақстан жағдайында қалыптасу жолдарын ашу;
• Қазақстан экономикасындағы бәсекеге қабілетті орта, және шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру бағытттарын белгілеу,
Жұмыстың іс-тәжірбиелік мәні:
1. Отандық бизнес – жоспарлау мен қазіргі заманғы кәсіпкерлік құрылымдарды дамытуды тереңдетуден:
2. Аймақтық жағдайда кәсіпкерлік формаларды өркендету үшін тәжірбиелік ұсыныстар жасаудан көрінеді.
Оның жаңалығы мен нәтижелелері: экономика жүйесінде кәсіпкерлік теорияның бағыттары, кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері және кәсіпкерлік қызметтің формалары мен қызмет ету механизмін зерттеу және оның нәтижелілік белгілері болып мыналар танылады:
• Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері және оны Қазақстан Республикасында ынталандыру жолдары толықтырады.
• Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерліктің жаңа формалары талданылады.
• Кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жұмыс екі бөлімнен және бес бөлімшелерден тұрады. Бірінші бөлімде – кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары мен
көрсеткіштері айтылған. Кәсіпкерлік теориясының экономика жүйесінде қалыптасуы мен даму бағыттары көрсетілген . Бұл бөлімде кәсіпкерлікті ең алғаш рет ғалымдардың зерттегені және кәсіпкерлік қызметтің әр елде өз ерекшеліктері мен кемшіліктері бойынша даму жүйесі болғандығы , оның басқа да ойшылдардың қөзқарас пікірі бойынша дамығандығы көрсетілген . Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен формалары , көрсеткіштері белгіленген. Ал, екінші бөлімде кәсіпкерлік қызметтің даму жүйесіндегі шаралардың тиімділігі мен қайшылықтары айтылған. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікке байланысты қолданылған шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері , кәсіпкерлік қызметті дамытуда алдыға қойған мақсаттарды талдауда нендей мәселеге жете мән беру керектігі көрсетілген және де елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылған ұйымдардың несие беру прогроммасында жіберілген қателіктері.
Дипломдық жұмыс бойынша анықталған мәселелер , ол: кәсіпкерлік ұзақ уақыт дамудан өткен және қазіргі экономика дамуының негізі болып табылатын елдер тәжірбиесі, кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мазмұнына үлкен мән бере отырып , оны экономика дамуының стратегиялық факторы ретінде таныған жөн. Жұмыста қарастыратын кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мазмұны Қазақстан Республикасының экономикасы дамуындағы кәсіпкерліктің алатын орны мен маңызын айқындайды және кәсіпкерлік теориясын ел экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипат береді.
Жалпы кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы: концерндердің, холдингтердің , қаржы топтарының , траст компанияларының құруылуының дамуынан көруге болады.
1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары мен
көрсеткіштері.

1. 1 Кәсіпкерліктің экономика жүйесінде қалыптасуы және
кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері

Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің ең маңызды түрі. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтық және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкелердің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделік өсіп отыр. Экономикада «кәсіпкерлік» түсінігі өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р. Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет 1725 жылы кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. «Кәсіпкерлік-дегеніміз белгілі бір бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам» [1,30-бет] «Кәсіпкер-ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам деп пайымдаған» Дэвид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.[]
Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестірулеріне тура келеді. Бірақ кейбір зерттеулерде, Контильион кәсіпкерлікке ең бірінші болып анықтама бергеніне күмән келтіріледі. Тарихтағы бірінші касбаның ( арабша «касб» - кәсіпкерлік) теориялық концепциясы. Сонау орта – ғасырда арабтың шығыста пайда болған деген пікір бар. Ибн Хальдунның (1332- 1406) «касб» дегеніміз – «адам өз қабілетіне өз еңбегі арқасында жеткен билік», - деуі осыған дәлел. Сонымен қатар ол кәсіпкерлікті өмір сүру құралы, «маом» және баю құралы (райаш) ретінде қарастырған. [2, - 8-б] .
Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым –кәсіпкерлікке тән тәукелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бода кәсіпкер-іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген.
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңінің ерекшелігі ұйымдасқан және кәсіпкерлік икемділігінен қосымша фактордың бөлінуі. А.Маршалл өз кезіндегі « кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиіледі» деп есептеген. [3.87-б].
Адам Смит «кәсіпкер» терминін кәсіпорын иесі түсінігі ретінде қолданған. Кантильион пікіріне қосыла отырып, А.Смит кәсіпкер капитал иесі бола отырып, қандайда бір коммерциялық максаттарды жүзеге асырып, пайда табу үшін тәуекелге барады деп көрсетеді.
Жан Батист Сэй кәсіпкерлік туралы өте кең түсінік берген. Ол кәсіпкерлік қызметті жоғарғы бағалаумен қатар, оның өнім жасаудағы белсенді ролін мойындайды. Ал Джон Милль пікірінше «кәсіпкерлік» терминін қарастыруда кәсіпкерліктің негізгі қызметтеріне: басқару, бақылау өзіне, тәуекелділікті қабылдау деп жатқызады. [ 5,427-б].
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңінің ерекшелігі кәсіпкердің ұйымдастырушылық және кәсіптік икемділігінің қосымша факторы ретінде саналуы. XIX-XX ғасыр Альффред Маршалл «кәсіпкерлік қызмет технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиімді» деп есептеген. [ 3,87-б ].
Осы уақытан бастап, кәсіпкерлік түсінігі де, қызметтері де кеңейді, неміс социлогтары М. Вебер , В. Золбарт кәсіпкерлікті рух категориясы арқылы қарастырады. Бұл авторларда рух терең философиялық , таза психологиялық сипат тұрғысынан емес, экономикалық әлеуметтік сатысына және шаруашылық обьектісіне тән тұрақты психикалық белгісінің жиынтығы ретінде көрінеді.
Кәсіпкерліктің рухтық негізін орыстың ұлы кемеңгері Л.Н. Гумилев басқаша түсіндіреді. Ол кәсіпкерліктің технологиясы экономикалық ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік және психологиялық көрініс деп қарастыра отырып «кәсіпкерлік рухы» деген түсінікті енгізді. [ 6,17-б ].
«Кәсіпкер – экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық еңгізуші». Кәсіпкер таза күйінде сондайда бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан белгілі бір тәуекелге бармайды. Кәсіпкер- деп біз жаңа конбинацияларды іске асырып және соның белсенді элементі болып табылатын шаруашылық обьектілерін айтамыз. [7, 84-б ].
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму теориясында 1964 жылы Питер Друкердің, Б. Карлоффтың тұжырымдары көңіл аударуға тұрарлық. Олар кәсіпкерлікті инновациялық менеджементпен байланыстырды. [ 8,28 -б].
Питер Друкер экономикалық ғылымға және шаруашылықтың тәжірибеге «кәсіпкерлік кәсіпорын»; «кәсіпкерлік қоғам», «кәсіпкерлікті басқару» түсініктерін енгізе отырып, кәсіпкерлікті инновациялық прогресс ретінде көрсетті, сондықтан кәсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болып табылатын кәсіпкерлікті қоғамдық қалыптастыру идеясын ұсынады. [9, 36-б ]
Оның дәлелдемесі ретінде -кәсіпкер қандай болмасын мүмүкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.
Б. Карлофф -кәсіпкерліктің бизнеспен басқарумен байланыстырмай кәсіпкерліктің мәнін бизнесті жүргізу үшін мүмкіндікті анықтау және жүзеге асыру қабілетімен байланыстырады. «Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн.
Сөз болып отырған әртүрлі ағымдардың тұжырымдары түсінікті, ғылыми көзқарас тұрғысынан қарағанда өте маңызды. Белсенді ізденушілік жұмыстарын жүргізгендіктерінің дәлелі. Кәсіпкерлікке берілген анықтамалар, оның мазмұнын барынша жақсы ашып көрсеткен. Сондықтан, кәсіпкерліктің барлық аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым шығуына себеп болды. Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік –белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер –осыған бар күші мен уақыттын жұмсай отырып орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық , психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам
Кәсіпкерлік сөзінің аржағында «іс» және жай ғана «іс» емес, «кәсіпорын» , яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады.
Р. Хизрич берген соңғы анықтамада кәсіпкерлік нақтылы бір нәрсені жасау үрдісі, яғни, тікелей нақты қызмет екенін түсінеміз.
Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда олардың «кәсіпкер» мен «бизнестің» жүйелі анықтамаларына сүйенетінін көреміз. Бизнес - іс жүргізу жүйесі. Бизнес- адамдарға қажетті өнімнің өндірілуі және ол біздің әлеуметтік -экономикалық жүйеміздің орталық магистралі. «Бизнес» және «кәсіпкерлік » түсініктерінің ұқсастығымен қатар айырмашылықтары бар. Мысалы, «бизнес», «кәсіпкерлік» түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді.Кәсіпкерліктің субьектілері – жеке немесе заңды тұлғалар, басқаша айтқанда, кәсіпкер. Ал бизнес субьектілері:
• Кәсіпкерлердің өздері және кәсіпкерлер ұжымы.
• Жеке және ұжымды тұтынушылар.
• Жалдамалы еңбек қызметімен айналысатын жұмысшылар
• Мемлекеттік құрылымдар
Бизнестің негізгі түрлері:
1. Кәсіпкерлік бизнес-
2. тұтынушы бизнес
3. еңбек ету бизнесі
4. мемлекеттік бизнес
Кәсіпкерліктердің жеке қасиеттерін көптеген теоретиктер қарастырды. Бірақ 1934 жылы Йозеф Шумпетер ғана оларды жүйелеуге тырысты. Кәсіпкер – бұл ойлап табушы да емес, тек сол ойлап тапқандарды экономикалық түрде жүзеге асырушы адам.Ол кәсіпкерлікті-жаңа техналогияларды өңдеуші жаңашыл ретінде суреттеді.
Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды роль атқарады. Нарықта экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Негізгілері икемді нарық жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қытынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.
Ал, кәсіпкерліктің Қазақстан өңірлеріндегі қалыптасуы мен дамуы, сонау ерте замандағы алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар-тауар) формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді. Елімізде кәсіпкерліктің пайда болу тарихы міне осыдан басталды.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты – жаулап алу нәтижесіңде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар. Кәсіпкерліктің пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!