Дипломдық жұмыс: Психология | Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс

Дипломдық жұмыс: Психология | Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс казакша Дипломдық жұмыс: Психология | Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................3-5
I. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері……………………………………........................................................
1.1Девиантты мінез –құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде зерттелуі....................................................…..............................................6-13
1.2 Жасөспірімдердің әлеуметтену процесі...........................................14-17
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез- құлықты болуының әлеуметтік-тұрмыстық себептері...............................................................................18-25

II. Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары.............................................
2.1 Девиантты мінез – құлықтың алдын – алу барысындағы мектеп тәжірибесі................................................................................................26-34
2.2 Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу жолдары.......35-41
2.3 Девиантты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
технологиясы..........................................................................................42-46

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................47-48
СІЛТЕМЕЛЕР.................................................................................................. 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ................................................ 50

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық және т.б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антиәлеуметтік сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жасөспірімдер арасында кең таралған.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез – құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды.Содан девиантты мінез – құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез – құлықты балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан дүниесін түсінуге, ынта – ықыласына, жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.
Белгілі психологтар (Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, А.А.Бодолев, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, М.М.Мұқанов, Ж.Н.Намазбаева т.б) зерттеулерінде жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез - құлқына, дүниетанымына қалыптастырып, күнделікті жүріс – тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарының алатын орны айқындалған.
Л.К.Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке – дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс - әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен.
Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез – құлықтың әлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген.
Ал, Д.Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез – құлық болады деген сұрақты қарастырған. Сонымен қатар девиантты мінез – құлықтың болу себептерін және мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен.
Демек, бұл мәселенің шешімін табу, әлеуметтік – педагогикалық мүмкіндіктерін белгілеп беру тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді. Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс” деп белгіледік.
Мақсаты: Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықты әлеуметтік, педагогикалық талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдерің ортасындағы девиантты мінез-құлықтың жалпы күйін, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың дамуындағы факторлар мен бағыттарын сипаттау.
Зерттеу обьектісі: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу тәрбие үрдісіндегі жасөспірімдерді девиантты мінез – құлықтан арылтып, тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік, педагогикалық жұмыстар жүргізу процесі.
Міндеттері:
- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер туралы зерттелген ғылыми еңбектерді талдау;
- жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;
- девиантты мінез – құлықты болу себептерін анықтау;
- девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге арнайы әлеуметтік әдістер мен технологиялар қолдану.
Болжамы: Егер девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен мектепте, отбасында, үнемі ағартушылық, танымдық жұмыстары жүргізілсе девиантты мінез – құлықты балалардың тәрбиесіне игі әсер етуге болады, яғни алдын – алу жұмыстары тиімді болса, онда жасөспірімдерде қоғамдағы жат қылықтарға деген өзіндік түсінік қалыптасып, болдырмаудың алдын алуға ынта көрсетеді.

I. ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде
зерттелуі

Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты жақсартуға бағышталған қызмет айрықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесінде әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз бар. Олай болса баланың шәлкім – шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер жеткенсін өзі –ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне жүрдім бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік , оның ертеңгі күнін ойламаушылық демеске лаж жоқ.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
Жасөспірімдік кезең – ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік- экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы болып табылады.
Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала ретінде 18-ге толмаған әрбір адамды сипаттаймыз. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және социологиялық даму стадиялары тұрады, негізінде бұл стадиялар әрқашанда және әрқашан толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді [1].
Зерттеушілердің көбі психикалық кризиске әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субьективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс -әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады.
Сонымен адамның дамуындағы биологиялық басымдылықты жақтаушылар жыныстық жетілуді ескере отырып жасөспірімдік жасты ұл балалар үшін 13 – 16 жас және қыз балалар үшін олардың жыныстық жетілуіне байланысты 12 –15 жас деп анықтайды.
Жасөспірімдік жас – тұлғалық қалыптасудың кризисті этапы болып табылады. Ол өзіндік ерекшеліктер қатарымен мінезделеді. Бұл этап адамның тез өсуімен, жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Жаңа психологиялық және тұлғалық сапалардың қалыптасу негізін қарым – қатынастың әртүрлі оқу, өндірістік, шығармашылық, сабақтық тағы басқа кезеңдерінде құрастырады. Бұл жаста ересектіліктің көріністері, өзіндік сананың дамуы және өзіндік бағалау, өзінің тұлғасына, өзінің мүмкүндіктері мен қабілеттеріне деген қызығушылық қалыптасады.
Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды [2].
Г. Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі кризистің болу мазмұны балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Менінің” ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.
Р. Кулен жасөспірімдердің дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік - этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды.
Бірдей көзқарастың болмауына қарамастан, бүгінгі күнгі ғалымдар жасөспірімдік шақты 10 –11 және 14 –15 жас аралығы деп қарастырады. 15 –17 жасты әдебиеттерде ерте балалық шақ деп атайды. Бірақ та көптеген зерттеушілер ерте балалық шақты баланың даму кезеңіндегі жасөспірімдік кезеңге қосады. Оның өзіне де толық негіз бар, себебі өзіндік психологиялық мазмұнда бұл кезең – 15 пен 18 жас аралығы – жасөспірімдік кезең мен өзіндік жастық шақтың арасындағы “аралық жас” болып табылады.
Жасөспірімдік кезең алғашқы әлеуметтенуде маңызды кезең болып табылады. Жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай тұлға мынадай мінездемеде сипатталатын әлеуметтік рольдер мен функцияларды орындауға дайын болады, олар:
1. биологиялық кемелдену бүкіл биологиялық рольді орындауға қабілеттілік және адам функциясы мен қалыпты жыныстық қатынасқа физиологиялық дайындық;
2. психологиялық кемелденудің аяқталуы және адам негізінің қалыптасуы;
3. негізінен өзінің дүниетанымының қалыптасуы;
4. парасаттылық кемеліне жету;
5. қоғамда және әлеуметтік топтарда бар құндылықтар мен нормаларды қабылдау;
6. деңгейіне және рольдер мен функцияларды игеруіне байланысты шығатын қарым-қатынас шарттары мен әрекетін орындау қабілеті;
7. қажетті жағдайда арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін еңбек ролі мен функцияларын орындауға дайын болу.
Жасөспірімдік кезең (11 –15 жас) негізінен биологиялық жағынан өтпелі болып табылады, яғни бұл кезең жыныстық жетілу сонымен қатар басқа да биологиялық ағза жүйелерінің жетілуі болып табылады. Әлеуметтік жағынан қарастырғанда жасөспірімдік шақ –бұл бірінші әлеуметтендірудің жалғасы. Сәйкесінше олардың әлеуметтік дәрежесі балалардан ерекшеленбейді. Психологиялық жағынан бұл жас өте қайшылықты кезең.
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді; жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді.
Балалалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімдердің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгеруіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп жататын, не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге тырысады. Әсіресе мұндай көңіл –күй психологтардың көрсетуінше ер балаларда 11 –13 жаста, қыз балаларда 13 –15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер жасөспірім кезіндегі еліктеуі орынсыз болса қалмаушылық және “мен” бейнесі мына өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.
Жасөспірім кезінде өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез –құлық пайда болады. Қалыпсыз мінез –құлықты девиантты мінез – құлық деп атайды.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипло, Дипломдық жұмыс: Психология | Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін