Дипломдық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері казакша Дипломдық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ
I. ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтенудің феномендері, механизмдері және бағыттары
1.2 Жасөспірімдік жаста тұлға дамуының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы
1.3 Тұлға әлеуметтенуіне топтық әсер ету әдістерін қолданудың психологиялық ерекшеліктері
II. ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ТОПТЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Психологтың жасөспірімдердің әлеуметтенуіне байланысты жүргізетін жұмысының негізгі бағыттары
2.2 Зерттеу жұмысының интерпретациясы және нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.
Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар.
Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады.
Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне. Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам пайда болады.
Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет, атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану, қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын туыстарының сүйіспеншілігі..
Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне, ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне тәуелді болады.
Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған..
Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы.
Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып, психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады.
Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып келеді.
Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және еліктеу.
Эмоция- басқалардың бәрінен ерте пайда болады. Баланың психикалық өмірге қабілеттілігі эмоцияның арқасында болатындығын айтты, себебі олар баланы әлеуметтік ортамен байланыстырады.
Қозғалыс-кішкентай сәбидің дене қозғалысының өзі психикалық өмірдің бар екендігін білдіреді. Импульсивті, жіктелмеген қозғалыстар кезеңі эмоциялық кезеңге ауысады. Моторлық қызметтің жіктелуі балалардың қажеттілігін қанағаттандыратын ересектердің іс-әрекеттерінің әсерінен пайда болады.
Психиканың онтогенезінде тағы бір үлкен ауысу- қозғалыстан ойлауға көшу болып табылады. А.Валлонның тұжырымдауынша ол еліктеудің арқасында ғана мүмкін болады. Басқаларға еліктеу инстинктивті-еліктеу реакцияларынан негізгі айырмашылығы- олар үлгі бойынша әрекет етіп, әлеуметтік модель ретінде құрылады.
Ал социум өз бетінше ештеңе істей алмайтын бала үшін аса қажет. Сол себептен ол адам баласы әлеуметтік генетикалық, биологиялық тіршілік иесі деп есептелінеді. Адамның балалық шағы міндетті түрде эволюция жемісі, бірақ ол баланың өсетін ортасымен де түсіндіріледі.
Жаңа технологияның дамуына байланысты, осы жеке тұлғаға ойлауға және сезінуге әсер ететін, бала қашан да болса цивилизациямен бірдей дамиды, бұл жерде биогенетикалық заң іске аспайды. А. Валлонның концепциясы тұлғаның бірнеше даму сатысын ұсынады:
1. Ұрықтың ана ағзасына толықтай тәуелді болатын құрсақтағы даму кезеңі.
2. Моторлық импульсивті кезең (туғаннан 6 айға дейін). Баланың тамақтану қажеттілігі мен қимылдық белсенділігінің негізінде пайда болатын қарапайым шартты рефлекстер.
3. Эмоциялық кезең (6 айдан 1 жасқа дейін). Дамуға негізгі стимул болып табылатын қоршаған ортадағы адамдармен, анасымен қатынас орнату кезі.
4. Сенсомоторлық кезең (1 жастан 3 жасқа дейін). Жақын ересек адамдар қатынасының шекарасынан шығатын сыртқы ортаға қызығушылықтың артуы. Бұған баланың тік жүруі мен тілінің шығуы тікелей әсер етеді.
5. Персонализм кезеңі (3 жастан 5 жасқа дейін). 3 жастағы дағдарыстың, «Мен» сезімінің пайда болуымен, барлық назарды өзіне аудартумен байланысты кез.
6. Айыра білу кезеңі (6 жастан 11жасқа дейін). Қарым-қатынас аясының кеңеюімен, өзінің мәртебесін сезінумен, басқалардың баланы мойындауымен, ақыл-ой қабілетінің дамуымен байланысты кез. Араласатын орта ұлғайып, өз орнын сезіне білу, ой-өрісінің даму кезі.
7. Жыныстық жетілу және жасөспірімдік кезеңі. Тұлғаның тепе-теңдігімен, ішкі қайшылықтармен, сыртқы ортадан түсініспеушілікті сезінумен сипатталады. Өзіндік сын мен өзіндік баға ерекшелене түседі.
Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу сандық өзгерістер нәтижесі ретінде қарастырылмай, қайта құру ретінде қарастырылады: бір кезең үшін мәнді іс-әрекет жанама іс-әрекетке айналады немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін.
Осы даму сатыларының бірінде белгілі себептермен бала отбасылық жағдайда игеретін қатынас тәжірибесін ала алмай қалуы әбден мүмкін [4].
Дұрыс дамып келе жатқан қарым-қатынаста бала өмірінің алғашқы жарты жылдығында ересектер тарапынан көңіл бөлушілік пен тілектестікке деген қажеттілік қалыпты болып табылады. Ол экспрессивті ым-ишара деңгейінде қанағаттандырылады: сәбилер ересектермен денелік қатынасқа түсуге (сипалау, құшақтау), еркелеуге тырысады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қарым-қатынаста біршама күрделі формалар тиесілі болып табылады (бірлесе әрекеттесу, сыйлау, аяушылыққа қажеттілік).
Біріншіден отбасында бала ересектердің назарында көп болады, ересектердің әсер етуі (әрекеттері, көз қиығы ) балаға жеке бағытталады.
Екіншіден, отбасында бала әр сол тұрақты ересек адамдармен қарым-қатынасқа түседі және соған орай мінез-құлықтың бір бағдарламасымен кездеседі.
Үшіншіден, отбасындағы қарым-қатынастың эмоциялық тұрғыдан қанық болады.
Төртіншіден, отбасылық тәрбиеде баланың қылықтарына жұмсақ, шыдамды қатынас тиесілі.
Жасөспірім өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі зор.
Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып келеді. Осымен байланысты жасөспірімтің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер қорын қолдану ұсынылады.
Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік – белгілі бағалы бағдардың және жасөспірімнің үрейлену деңгейінің көрінуімен түсінеміз.
Зерттеу такырыбы: «Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері»
Зерттеу мақсаты- жасөспірімнің үйлесімді әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістерді анықтау.
Зерттеу нысанасы- жасөспірімнің әлеуметтену процесі.
Зерттеу пәні- жасөспірімнің әлеуметтенуіне топтық әдістердің психологиялық әсері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: тұлғалық өлшемдегі тренинг жасөспірімдердің үрейлік деңгейін түсіруі мен әлеуметтік-белгілі бағалы бағдардың қалыптасуына әсер етеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Жасөспірім жаста әлеуметтену процесін қарастыру.
2. Әсер ететін топтық әдістердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын біліп, оларды жастармен жұмыс істеуде қолдануды үйрену.
3. Әсер ететін топтық әдістерге әлеуметтік психологиялық сипаттамасын құрастыру.
Зерттеудің теориялық- әдіснамалық негізі – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мәдени-тарихи теориясы Л.С.Выготский;
іс-әрекет теориясы А.Н.Леонтьев;
мотивациялық процесс Дж-Арткинсон, Х.Хекхазуент негіздерінен алынды. Ал психикалық даму ерекшелігі Е.Е.Климов, М.Р.Гинзбург, Э.Штрангер еңбектері колданылды. Тренингті топтық жұмыс Ф.Ферлз, В.Саттир, М.Эриксон, Р.Дилтс еңбектері құрайды.
Зерттеу әдістері:
- Психология ғылымының принциптері мен категориялық аппаратты қолданумен байланысты зерттеу мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық шығу тегінің жалпыламасы мен анализі.
- Әсер ететін топтық әдістерге, сондай-ақ нәтижесін белгілеп алуға бағытталған белгілеу және бақылау эксперименттер;
- Эмпирикалық берілгендердің сандық және сапалық анализ әдістері.
Зерттеудің теориялық мәнділігі-– жасөспірімтің әлеуметтенуіне әсер ететін топтық әдістерден анықталған мәселелермен байланысты теориялық шығу тегін жүйелеуге тырысып көру. Бізде өңделген материалдар жалпы білім беру мектептерінде оқу процестерінде, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар үшін әдістемелік ұсыныстар ретінде қолдануға алады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы-
Зерттеу жұмысының құрылымы дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бөлім бойынша тұжырымдар, қорытынды әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады
Зерттеу базасы. атындағы № жалпы білім беру мектебі.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең – зерттелініп жатқан мәселе бойынша маңызды психологиялық-педагогикалық шығу тегін үйрену мен маңызды ережелерінің талдауы қарастырады.
Екінші кезең – жасөспірімтің әлеуметтенуіне әсер ететін топтық әдістердің диагностикасы бойынша эмпирикалық материалдың жинақталуы, эксперименталды кезең.
Үшінші кезең – эксперименталды зерттеулердің мазмұны мен жүргізуді өңдеу, эмпирикалық материалдарды интерпретациялау процесі.

I. ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Әлеуметтенудің феномендері, механизмдері және бағыттары

Тұлғаның әлеуметтену процесі жайында қоғамның дамуының түрлі кезеңдерінде көптеген ғалымдар қарастырып өтті. Олардың ішінде З.Фрейд, Ж.Пиаже, Б.Ананьев, Б.П.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова – Славская, И.С.Кон, Д.И.Фельдштейн, Н.В.Дельин, М.П.Дубинина, А.Ф.Помес бар. Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай «әлеуметтену» түсінігіне түрлі анықтамалар беріп өткен. Психологиялық сөздікте келесі анықтама берілген: «Әлеуметтену – бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің әлеуметтік тәжірибені қайта жасау мен меңгерудің қорытындысында бағдарлармен байланысты, яғни субъектінің өзі индивидуалды іс-әрекетте, коммуникация факторында өзі жүзеге асырады».
Жай сөзбен айтқанда, әлеуметтену – бұл индивид әрекет үлгісіне, әлеуметтік нормалар мен бағалыларды түсіну процесі. Әлеуметтену процесінде индивидтің қоршағандарының барлығы қатысады: отбасы, көршілер, бала бақша, мектептегі құрдастары, көптеген ақпараттар және т.б. Д.Смензер бойынша әлеуметтену үшін үш фактордың әрекеті қажет: күту, әрекеттің өзгеруі және осы күтулерге сәйкес ұмтылыстар. Оның ойынша тұлғаның қалыптасу процесі 3 түрлі сатыда болады:
- үлкендердің әрекетіне балалардың еліктеуі мен соны қайталау сатысы;
- ойын сатысы, егер балалар жүріс-тұрысты рөлдердің орындалуы ретінде екенін түсінген жағдайда;
- топтық ойындар сатысы.
«Әлеуметтену» түсінігі «тәрбие», «оқу», «тұлға дамуы» түсініктерімен байланысты.
Күтпеген жердегі әлеуметтік әсер ету кез келген әлеуметтік жағдайда екі немесе одан да көп индивидтер өзара әрекеттескенде орын болады. Мысалы, үлкендердің өздерінің мәселесі жайындағы әңгімелер балаға жеткілікті түрде қатты әсер етеді, бірақ мұны тәрбиелеу процесі деп айтуға жеткіліксіз.
Бала түрлі әсерелерге енжар қабылдамай, ал субъекттің белсенді позициясына объекттің әлеуметтік әсеріне біртіндеп қосыла отырып әлеуметтенеді. Бала белсенді, өйткені ол балада қажеттіліктер бар, егер тәрбие осы қажеттіліктерді ескеретін болса, онда бұл баланың белсенділігін дамытуға икемдейді. Егер де тәрбиешілер баланың белсенділігін «тыныш отыр» деп төмендететін болса, онда деформацияланған, енжар тұлғаны қалыптастыруы мүмкін. Баланың белсенділігі толығымен жоғалады, соның нәтижесінде тұлға әлеуметтік бейімделмеген, үрейленген болып қалыптасады немесе белсенділік түрлі компенсаторлық амалдар арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Баланың әлеуметтенуінің элементтерін З.Фрейд көрсетіп өткен. З. Фрейдтің тұжырымы бойынша тұлға құрылымы үш элементтен тұрады:
«ид» - қанағаттануға ұмтылуға түрткі болатын энергияның шығу тегі;
«эго» - тұлғаның бақылауын шынайы принцип негізінде орындайды;
«супер эго» немесе өнегелі бағалы элемент.
Әлеуметтенуді З.Фрейд тұлғаның үш құрастырушы элементінің нәтижесінде болады деп айтқан. Бұл процесте Фрейд 4 сатыны көрсетеді, олардың әрқайсысы эрогенді зонадағы дененің белгілі бір бөліктерімен байланысты: оральды, анальды, фалликалық және жыныстық кемелденген фаза.
Психолог Ж.Пиаже тұлғаның дамуындағы түрлі сатыдағы идеяларды сақтай отырып, индивидтің танымдық құрылымының дамуына акцент жасап, олардың тәжірибеге және әлеуметтік әсерлерге байланысты келесі құрылымды жасады.
Көптеген психологтар мен социологтар әлеуметтену процесі адамның өмір сүру барысында жалғаса беретінін көрсетеді. Ал бұл дегеніміз адам өмір сүру барысында әлеуметтік қатынасқа түседі, және мұның арқасында оның психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Алайда «психиканың дамуы» және «әлеуметтену» түсініктері ұқсас емес.
Әлеуметтену дегеніміз психиканың өзгеруі мен тұлғаның қалыптасуы. Психика дамуының әлеуметтік процестерге қатысы болғанымен, тұлға дамуы тек әлеуметтенуге ғана ұқсас емес. Мұндай дамулар кем дегенде екі процестің көмегімен жасалынады.
• Әлеуметтену
• Тұлғаның өзінің дамуы.
Баланың ата-анасы әлеуметтенгендіктен, индивидке әсер етуден әлеуметтену басталады, ал бала алғашқыда тек биологиялық болмыс ретінде әсер етсе, кейін ол үлкендермен әрекеттесе алуға икемделіп және кейін өзіндегі іс-әрекетіндегі әлеуметтік тәжірибесін қайталау.
Тұлға дами отырып басқа адамға әсер ете алатындай әлеуметтік қатынастағы субъект ретінде қалыптасады, бірақ рефлексияның, сананың биологиялық күшіне адам өзін әлеуметтік объект ретінде әсер етеді. Мұндай әсерлер әлеуметтену болып саналмайды, бірақ тұлғаның дамуына негіз бола алады.
Тұлғаның әлеуметтену құрылымын қарастырайық:
Тұлғаның әлеуметтену құрылымын анықтау екі аспектідегі анализден тұрады: статикалық және динамикалық әлеуметтенудің статикалық және динамикалық құрылымын сәйкесінше шартты түрде белгілеуге болады. Сонымен қатар олардың жеке ішкі өзгерістерінің түрлі дәрежелері ескерілмейді. Осыларға ең алдымен тұлға мен қоғамды жатқызу керек, сондай-ақ сол әлеуметтік білімдер олардың өзара қарым-қатынас жасау процесіне икемдейтіндерді де.
«Тұлға» түсінігі адамдағы әлеуметтік белгілерді, яғни бір жағынан табиғат бөлігі, екінші жағынан индивид болып келетін белгілерді көрсетеді. Бұл оның қоғамдық болмысы, ол тек қоғаммен бірге немесе тек оның негізінде дамиды. Әлеуметтену процесін анықтаушы факторы микроорта - өмір сүруде тұлғаға тікелей өзара әрекеттесетін әлеуметтік-саяси, идеологиялық, саяси, экономикалық факторлардың бірігуін көрсететін объективті шынайылық.
Тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымы қоғамның даму кезеңіне қатысты анализге нақты жақындауға мүмкіндік береді. Алайда, жоғарыда аталған статикалық құрылымның элементтері дамудың өзгерістің үнемі анықтаулары болмайды. Сондықтан тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымының негізгі элементтердің талдауы олардың қозғалысы, өзгерістері, өзара әректтесуі бұл процестің динамикалық құрылымын зерттеуге алып келеді. Динамикалық құрылым статикалық құрылымның элементтерінің өзгерістерін мойындауына негізделеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском , Дипломдық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін