Жақсы иттің атын - "Маймақ" деп қояды

Жақсы иттің атын -

КТК телеарнасының кезекті жаңалықтар легінен хабардар бола отырып төмендегі көріністен аттап өте алмадым. Атауын - "Ақмола облысында 2 жасар бөбек итті құшақтап ұйықтап жатқан жерінен табылды" деп қойған екен. Кішкентайымнан ит атаулысына құмар өскенімнен болар, мен үшін бұл уақиға - интригага толы болды. Бір сәт аялдамастан ішіне жүгінгенім сол - жүрек тебірентер жауапқа кезіге кеттім..

● Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты елдімекендердің бірінде үй шаруасымен айналшықтап қалған анасы - 2 жасар Мәдина есімді қызынан көз жазып қалған көрінеді. Аталмыш жағдайда аянып қалмай, сабылып іздеген тәртіп сақшылары - Мәдинаны тек таңсәріге жақын тұста орман ішін күнелтіп жүретін бейбақ иттің қойнынан тапқан. Таң атқанша балаға қамқорлық қылған иесіз ит - тіпті қызды іздеп келген адамдарды да бірден жолатпағанын айтады. Ал төрт аяқты жануарды құшақтап, алаңсыз ұйықтаған Мәдинаның дені аман-сау. Көзсіз батырлығы мен жүрек елжіретер мейірімділігіне тәнті болған ата-анасы ойланбастан "ұрғашы" итті асырап алып, аздап ақсаңдап жүретініне байланысты есімін - "Маймақ" деп қойыпты.

● Бұл жануардың адам баласына мұншалықты адалдығы мен мейірімділігін ескере отырып халық аузындағы "Жаман иттің атын - Бөрібасар қояды" делінген мақалды жалғастырып : "Жақсы иттің атын - Маймақ қояды" дегім келді. Әр адам - өз кейіпкерін қойсын.)

© Сағым Матқали, дереккөзі

KZ



KZ, жасар, Ақмола, қалған, құшақтап, жүрек, иттің, анасы, отырып, елдімекендердің, қарасты, бірінде, шаруасымен, Бурабай, жауапқа, тебірентер, кезіге, кеттім, айналшықтап, облысының, ауданына, жасар, Ақмола, қалған, құшақтап, жүрек, иттің, анасы, отырып, елдімекендердің, қарасты, бірінде, шаруасымен, Бурабай, жауапқа, тебірентер, кезіге, кеттім, айналшықтап, облысының, ауданына, Жақсы иттің атын - "Маймақ" деп қояды, Жақсы иттің атын - "Маймақ" деп қояды