Бумеранг » ZHARAR © 2017 | Бумеранг, баланы, берді, мүмкін, салып, еткендей, үнмен, селқос, орындатуды, жетегіне, ойдың, қалайда, шартын, шыдамсыздана, талап, қайталай, қарай, қалған, Аурухананың, дәрігердің, айттым




  • »

Бумеранг

Бумеранг казакша Бумеранг на казахском языке

Аурухананың ішін әлдебір қиғылыққа салып екі кісі отыр.
- " Аға, бүлдіршінді аясаңыз етті. Абайсызда жол бойына шыға қалып , ғаріп баланы қағып кетіп ем.. Шұғыл түрде көмек көрсетпесеңіз кеш қалуымыз мүмкін ғой?! Бір сәт мейірімділікпен қараңызшы.."-, деп кінәлі кейіп танытқандай қыпылықтады кеп. Әзәзіл ойдың жетегіне еріп, қалайда шартын орындатуды талап еткендей селқос үнмен шыдамсыздана дәрігерде де қайталай берді :
- "Жо-жо-жоқ! .. Сізге әлгінде ғана түсіндіріп айттым.. Мен баланы қазір қарай алмаймын. Өзіміз де дәрі атаулысына мұқтажбыз.. Ақшаңызды тездетіп жеткізіп салыңыз. Өйтпеген күнде, сіздің өтінішіңіз аяқсыз қалуы мүмкін.. ". Әлгінің жауабына тосырқап қалған жігіт, мүшкіл хәлдегі баланы ойлап, ақша алып келу үшін үйіне жөнеле кетті.

Араға сүтпісірім уақыт салып, келісілген соммадағы ақшаны емшіге табыстағаны сол еді, жасыл құмартқан құдірет - бүткіл дәрігерлерді аяғынан тұрғызып, пациентті тексере бастады. Көлік астында қалған жас баланың жүзін алғаш көргенде - аға дәрігердің өңі бұзылып, тұтығып, бөлмеден ағыла қашты. Әліптің артын бағып, уайым үстінде отырған көлік жүргізушісінің алдына келіп әлгіндегі алған ақшасын ұстатты да, тасаға шығып егіле жылай берді. Емге мұқтаж болған әлгі сәби - дәрігердің ұлы екен. Ажал аузынан алып қалуға да дәрмені жетпеді. Тым кеш..

"Күлді досына, келді басына.."

© Сағым Матқали


Санат: KZ портал | | 1 303
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .