Күйлердің шығу аңызы


Күй аңызы
Салық өлген
...бірде Баламайсаң (күйші) үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар» деген жерге арнайы іздеп келеді. Шамасы жас күйшінің атағы шыға бастаған шағы болу керек. Таныстықтан соң Құрманғазы өзі отырған жер атауымен «Сарыкөл-Самар» деген күй шығарып, тартып беріпті.

Шымырауыл құс
Шымырауыл аңғал құс екен. Даладан тауып алған қарақұстың жұмыртқасын өзінің жұмыртқаларына қоса басып шығарып, балапандарымен бірге асырайды. Қарақұстың тойымсыз балапаны жиде жемістерді місе тұтпай, бірде қызыл ет сұрап, шешесіне тап беріпті. Жыртқыштан әрең құтылған шымырауыл: «Жидек бердім жемедің, жеміс бердім жемедің, мені анам демедің» деп күйініпті. Осы аңызды Қазанғап домбыра сазына салып, күй тілімен сөйлеткен.

Қосбасар, 2-түрі
Қаршыға Ахмедияровтың күйі. Қызы АҚШ-та скрипкашы ретінде симфониялық оркестрде қызмет істеп жүргенде, әкесінің Қазақстанда отырып сағыныштан туған күйі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу