Үйленуге 10 себеп » ZHARAR © 2017 | Бірақ, жақсы, дұрыс, тұста, жатады, болса, керектігін, үйлену, болады, ішінен, адамды, қажет, деген, жасап, келеді, сізге, сүріп, сезінесіз, батыр, Әрине




  • »

Үйленуге 10 себеп

Үйленуге 10 себеп казакша Үйленуге 10 себеп на казахском языке

Әрбір ер отбасысыз жақсы өмір сүріп жатады. Бірақ, өмір өз дегенін жасап, біртіндеп әлгі адамды сенімінен айырады. Егер сіз төменде келтірілгендердің ішінен төрт белгіні өзіңізден тапсаңыз, демек, сізге өте-мөте батыл қадамға бару қажет деген сөз, нақтысын айтар болсақ (тек шошып кетпеңіз) - үйлену.

* * * * *


1. Үнемі үй ішінің шашылып жатуы. Үйді үлкен бір тостаған ретінде қарастырайық. Егер сол тостаған ернеуіне дейін жуылмаған шұлықтарға, тазаланбаған ыдыс-аяқтарға, желінбеген пиццаларға, бос бөтелкелерге толып кетсе, ойлануға тура келеді: бұл жақсылық па?

Әрине, үйде сіз бар жан-тәніңізбен рахаттанарсыз, алайда, күн өткен сайын жұмысқа тұру да қиындай түседі – пицца көгеріп кетеді, жаңа шұлық таусылады, ал шкаф ішінен киімдер төгіліп жатады. Осы бір беймазалықпен айналысу үшін супер-батыр керек. Немесе қарапайым келіншек.

Оның (екіншісінің) артықшылығы неде? Егер ол артыңыздан тазалап жүрмейтін болса, онда оқтаудың көмегімен сізге неге супер-батыр болу керектігін және тіршілікті дұрыстаудың қажеттілігін тәтпіштеп түсіндіре бастайды.

2. Сіз ата-анамен кеңесуге мүмкіндік болмаған тұста, өзіңізді сенімсіз сезінесіз. Ер адам үшін бұл жат нәрсе. Әрине, жақындармен санасып тұрған дұрыс, алайда, өмірді олар үшін емес, өзіңіз үшін сүресіз ғой. Ата-анасы толық тізгіндеп алған адамды алыстан тануға болады – түр-реңкі мардымсыз келеді. Оның бәрі кешегі күнді еске сала беретін шешесінен ақылынан. Жаңа адам болғыңыз келе ме? Жас келіншекпен өмір сүріңіз.

3. Достар бос уақытын сізбен бірге өткізгісі келмейді. Уайымдамаңыз –әңгіме сізде емес, оларда. Жай, олар өз таңдауларын жасап қойды және әйелі мен бала-шағасының ортасында отыруды қалады. Ал сізбен кездесіп қалған тұста мысқылмен сұрақ тастайды: Әлі күнге өзің үшін өмір сүріп, ақша тауып жатсың ба? Былай алсаң, олардың мақтанарлық ештеңесі жоқ секілді. Бірақ, үйленбеген адам ешнәрсені де түсінбейді.

4. Ішімдіктен қиындықтардың туындауы. Иә, ішімдіктің көл ортасына батып кетпеу үшін бөлісіп тауысқан дұрыс. Ішімдік тастауда отбасын құрудан артық амал-айла болмай тұр. Тегі, көбі солай ойлайды.

5. Біреудің баласы іш-бауырыңызды елжіретті. Бұл тұста бәрі түсінікті. Егер ересек адам өзін мұндай жағдайға жеткізген болса, онда шұғыл бірдеңе істеген дұрыс. Біреу бұл тұста ит-күшік асырап алып жатады, біреу телесериалдарға отырады. Бірақ, ең дұрысы, сонда да үйлену және толыққанды өмір сүру.

6. Ұйқсыздық мазалайды және түсіңізде қорқынышты мақұлықтар жүреді. Сізге қолайсыз болар, өйткені, жаныңыз бос жатқан шығар. Тек әйеліңіздің қасында жатып қана шаршау дегеннің не екенін сезінесіз. Үйленген адамның ұйқысы тәтті болады деген сөз бар. Кім сенбейді, байқап көрсін.

7. Сырт-тұлғаңызға алаңдай бастадыңыз. Шамасы, әңгімелескенді қатты жақсы көретін жас әрі емен-жарқын қыздар сізді құрметіңізге лайық бағалай алмайтын болып отыр ғой. Мейрамхана, бильярд және тағы да басқа сауық-сайран орталықтары. Ал шаш арасындағы жатқан даналықты, жарасымды дене сымбатыңызды түсіну олардың қолынан келмеді. Нағыз ердің мұндай қасиеттеріне олар күліп қана қоя салады. Қандай ұйғарым? Мұндай достардан құтылу қажет. Әйел алатын уақыт келді.

8. Келіншек тұрған күнтізбені табалдырыққа іліп қойдыңыз. Шамасы, сіз кешке қандай да бір жақсы әрі сұлу біреудің күтіп алғанын қаларсыз. Күнтізбедегі қызға қол жеткізу үшін, ой-ой, біршама тер төгуге тура келеді. Ең дұрысы, өз ортаңыздан келісті бір келіншекті табыңыз. Ал, табалдырық алдына Жан-Клод Ван Дамм мен Джеки Чанның күнтізбесін іліп қойғандар, сіздерге әлі асықпау керектігін ескертеміз. Әлі ер кісіге тән мінездеріңіз шыға қоймаған.

9. Асқазан мәселесі мазалай бастады. Асқазанның ауруы дұрыс тамақтанбау дегенді білдіреді. Адамзатқа сорпа ішу керектігін, ал ерлерге айран ішіп, көкөніс жеуге кеңес беретін кім бар екен? Жарнама? Мүмкін, сіздікі дұрыс та шығар. Бірақ, жарнамада да ақылман үй келіншегінің образы (қолына неке жүзігі бар) ең басты орында емес пе?!

10. Боевиктер мен детективтерді жақсы көресіз, оған қоса шектен тыс көп шегетініңізді байқап жүрсіз. Бұл жүйкеңіздің орнында емес екенін білдіретін белгі. Жаңа қоғамдық ортада ашу-ызаға қарсы денсаулық сақтап қалудың ең сенімді әрі қауіпсіз түрі - айналаның қатігездігіне өз үйіңнің жылуы мен мейірімін қарсы қою.

Мұндай атмосфераны өзіңізді түсінетін, небір қысылтаяң шақтарда қол ұшын созатын және сізді сүйетін әйелмен құруға болады. Егер ондай жан кезіккен болса, еш ойланбастан, неке үйіне жол тартыңыз. Кейін кеш қаласыз.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек, Дереккөзі: Массагет сайты


Санат: KZ портал | | 1 462
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .