Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе? » ZHARAR © 2016 | дұрыс шешім қабылдау, дұрыс шешім , дұрыс шешім кабылдау, Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе, дурыс шешим кабылдау керек




  • »

Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе?

Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе? казакша Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе? на казахском языке

Өз уақытымызды, энергия мен ақшамызды қалай жарату керектігін бізден басқа ешкім шешпейді. Алайда, кез келген күш салынып істелген іс, жаратылған ақша мен энергия бізді бақытты ете бермейді.

Бірдеңені бастамас бұрын немесе сатып алмас бұрын төмендегі сұрақтарға шынайы жауап бере отырып, шешім қабылдауға тырысыңыз.

1. Егер мұны істесем, өзім үшін маңызды адамдармен қарым-қатынас жасай алам ба? Басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас бізді бақытты етеді, осы маңызды шешімді қабылдасам, сол адамдармен қарым-қатынасым жақсара түсе ме? Тренинг, семинарларға сапар, қызығушылық бойынша қауымдастықтарға жазылу – бәрі шығын талап етеді, бірақ нәтижесінде жақсы адамдармен танысып, жалпы қарым-қатынас орнатуға септігін тигізсе, шығын өзін-өзі ақтап алады.

2. Бұл шешім маған жаңа пайдалы дағды алып келе ме? Жаңашылдық, жаңа мақсат адам бойына өмірге деген құштарлық пен жаңа дем береді. Бірақ сонымен қоса, сенімсіздік пен өзгерістен қорқыныш тууы мүмкін. Бұны жеңу үшін жаңа шеберлігімді игерген соң, өзімді қалай сезінемін, қандай мүмкіндіктерге жол ашылады, соны ойлау керек. Мысалы, көп уақыттан бері бір бағдарламаны үйренуге кірісе алмай жүрсеңіз, кейін ол сіздің өміріңізді қалай жеңілдететінін, уақытыңызды үнемдейтінін ойлаңыз.

3. Бұл шешімнің баламасы не болмақ? Бүгінгі күні уақытымыз, күшіміз бен ақшамыз шектеулі. Көбіне бір нәрсемен айналысу үшін басқа бірдеңеден бас тартуға мәжбүр боламыз. Шешіміңіз сізді бақытты етсе де, оның есесіне қанша төлеу керек болады? Бәлкім, сіз тоқымамен айналысқыңыз келетін шығар, бірақ ол үшін кешкі серуендер мен басқа да жұмыстардан бас тарту керек болады. Сол қажеттілігіңіздің бағасын дұрыстап ойлаңыз да, таңдау жасаңыз.

4. Шешім қабылдаған соң, өзіңізді қалай сезінесіз: уайым ба, әлде жеңілдік пе? Өзіңізді күштеп кірістіресіз бе, әлде қуана кірісесіз бе? Бұл өте маңызды, өйткені ішкі түйсігіңіз жұмыс істейді, ал оны міндетті түрде тыңдай білу керек.

5. Осы шешімді қабылдаған басқа адамдар бақытты ма? Әрине, әркімнің өз жолы бар. Бірақ сіз қолға алып жатқан істі басқалар қалай іске асыруда? Солармен ақылдасып көріңіз.

6. «Бақытты өмір» деген сіз үшін не? Әр адам өз қызығушылықтары мен бақытты өмірді өзінше түсінеді. Әрдайым өзіңізге сауал тастап отырыңыз:

Жаңа Айфон сатып алайын ба?

Достардың жиынына барайын ба?

Суретке түсірумен айналысайын ба?

Шетелге оқуға кетейін бе?

Бұның анық дұрыс, не бұрыс шешімі жоқ: тек өзіңіз үшін ғана дұрыс шешімі бар екені ләзім.



Дайындаған: Анар Мұстафина, дереккөзі


Санат: KZ портал | | 825
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .