1 айдың ішінде қалай өзгеруге болатынын білесіз бе? » ZHARAR © 2017 | қалай өзгеруге болады , адам қалай өзгеруге болады, өзіңді қалай тәрбиелеуге болады, мінезді қалай өзгертуге болады, 1 айдың ішінде қалай өзгеруге болатынын білесіз бе




  • »

1 айдың ішінде қалай өзгеруге болатынын білесіз бе?

1 айдың ішінде қалай өзгеруге болатынын білесіз бе? казакша 1 айдың ішінде қалай өзгеруге болатынын білесіз бе? на казахском языке

Кез келген әдетті 30 күнде, яғни 1 айда қалыптастыра аламыз. Бүгінгі тақырыбымыз жақсы әдеттерді қалыптастыру туралы болмақ. Ол үшін ең алдымен алға қойған мақсатқа ұмтылуға көмектесетін ерік-жігер қажет. Осы ерік-жігердің көмегімен өзімізді 30 күн бойы қайрап отыратын боламыз. Иә, оңай емес. Іске кіріспес бұрын өзімізге «5 жылдан кейін кім болғым келеді?», - деп сұрақ қояйық. Бұл үшін бізге қандай әдеттер көмектеседі? Өзгерісті бүгінгі күннен бастасақ, өміріміз де өзімізбен бірге өзгереді. Ештен кеш жақсы! Сол себепті өмірімізді өзгертетін бір емес бірнеше әдетті таңдайық. Және өзіміздің прогрессіміз туралы жазбалар жазып, достарымызбен бөлісіп отырайық.

1. Күн сайын өзіңізге жақын адамға қошемет сөздер айтып отырыңыз. Оны сөзбен де, хат арқылы да жеткізуіңізге болады. Бұл ол адамның сіз үшін маңызды екендігін білдіреді. Осылайша өзге біреуге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыз. Көп жағдайда назарымызды жамандыққа бұрып, жақсы сөздер айтуды ұмытып кетеміз.

2. Күн сайын жаңа бейтаныс адаммен сөйлесіңіз. (Қиынға соғады). Біреумен бірінші болып сөйлесуге үйреніңіз. Біреумен сөйлескіңіз келсе де, оның жанына бара алмаған кезіңіз болды ма? Бұл қорқыныштан мәңгілікке арылыңыз. Бейтаныс адамдармен 30 рет сөйлескен соң, олардың да қарапайым өмір иесі екендігін түсінесіз.

3. Күн сайын суретке түсіңіз. Әр күніңізден хабар беретін фото күнделік жасай аласыз. Қызықты әдет.

4. Күн сайын өзіңіз айтқан пікірлерді бағалап отырыңыз. Өзіңізге тиесілі көзқарасыңызды сараптау арқылы өміріңізге өзгеріс енгізе аласыз.

5. Күніне жарты сағат серуендеңіз. Денсаулыққа пайдасы мол. Мұнымен қатар серуендеп жүріп, өзгелерді бақылауға болады. Өзіңізбен қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін талдайсыз.

6. Өзіңізді мақтау үшін уақыт бөліңіз. Өзіңізді жақсы көресіз бе? Қателіктер жасаған соң өзіңізді жұбатасыз ба? Мүмкін өзіңізден тым көп нәрсені талап ететін шығарсыз. Көп жағдайда қол жетпес мақсаттарға ұмтылып, өзімізге жамандық жасаймыз. Әдетте мұндай қол жетпес мақсаттарды қоғам қояды. Кемшіліктерімізді қабылдай білгеніміз өзімізге жақсы.

7. Әр күн сайын жаңа тағам жасаңыз. Құрамындағы азық-түлік қол жетімді болсын. Осылайша өзіңізді жаңа істерге баулисыз.

8. Бір айға болса да ішімдік пен шылым секілді зиянды әдеттерден арылыңыз. Көңілді бұларсыз да көтеруге болады.

9. Бір айдың ішінде 50 000 сөзден тұратын әңгіме жазып көріңіз. Кітап жазуды армандағансыз ба? Ұзақ жылғы арманыңызды бір айда жүзеге асырыңыз.

10. Бір айдың ішінде адамның бетін салып үйреніңіз. Ол үшін күнделікті сурет салып тәжірибе жинауыңыз керек. 30 күнде қандай нәтиже беретіндігін өзіңіз байқайсыз.

11. Күн сайын деректі фильмдер қараңыз. Дүниетанымыңыздың кең болғанын қалайсыз ба? ХХІ ғасырдың интернет секілді мүмкіндіктерін пайдалана отырып, үлкен жетістіктерге жетуге болады. Интернет желісінен түрлі деректі фильм таба аласыз.

12. Кітапты толықтай оқып шығуға қиналсаңыз, күн сайын кітаптың бір бөлімін оқып отырыңыз. Оны жайлы жерде оқығаныңыз жөн.

13. Өзіңіз қызығып жүрген пәнді бір айдың ішінде меңгеріп алыңыз. Мүмкін әдебиетті ұнататын шығарсыз? Әлде психология ма? Алдымен тақырыпты таңдап, артынша іске кірісіңіз.

14. Күн сайын ЖОО-ға немесе үйге жаңа жолмен келіңіз. Осы әдістің көмегімен қалаңыздың қыр-сырын меңгеріп, автобустардың қалай жүретінін де біліп аласыз. Қалаңыздың құпия жерлерін ашасыз.

15. Күн сайын интернет желісінен бір мақала оқып отырыңыз. Бұл жаңа идеялардың тууына септігін тигізеді.

16. Бір айға БАҚ-қа шектеу қойыңыз. Яғни ақпараттық сайттардан, теледидар мен газеттерден бас тартыңыз. Әлеуметтік желілерге де көп кірмеңіз. Өзіңізді ақпараттар легінен босатыңыз. Уақытыңыздың көп екенін бірден байқайсыз.

17. Жағымсыз әдетіңізден бір айға арылыңыз. Мүмкін сабақтан шыға салысымен көше самсасы мен дөнерін жейтін шығарсыз? Немесе өзіңізді төмен бағалайтын боларсыз?

18. Күн сайын шабыттаныңыз. Зерттеулер шабыттанып жүретін адамдардың өзін барынша бақытты, кез келген қиындыққа төтеп бере алатын мықты болып келетіндігін айтады. Сондықтан да өзіңізге ұнаған ұлылардың бір дана сөзін қағазға жазып, айнаның бетіне жабыстырыңыз. Шабыт сыйлайтын видеолар көріңіз. Яғни өмірлік ұстанымдарыңызды анықтаңыз.

19. Күн сайын салқын душқа түсіңіз. Салқын душ иммунитетті нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Күйзелістен арылуға септігін тигізеді.

20. Күн сайын алдағы 30 жылдың ішінде жеткіңіз келетін жетістіктеріңіз туралы ойлаңыз. Яғни күніне бір жетістікті талдап отырыңыз. Мұны «нағыз шокотерапия» деп атайды. Бұл өзіңіздің осы күнге дейін жасаған іс-әрекеттеріңізді саралап, ненің дұрыс-бұрыс екендігін анықтауға көмектеседі. Және назарыңызды жаңа арнаға бұрады.

21. Күн сайын бір нәрсемен шұғылданыңыз. Ол би мен спорттың түрлері болуы мүмкін. Қиялыңызға ерік беріңіз.

22. Лифт пен экскалатордың көмегінсіз баспалдақпен жүріп көріңіз. Бұл іс денсаулығыңызға өте пайдалы.

23. Ерте оянуға дағдыланыңыз. Аристотель күн шыққанға дейін оянудың денсаулық пен ақылға берер пайдасы мол екенін сонау бағзы замандарда айтып кеткен.

24. Күнделік жүргізіңіз. Істеріңізді сараптап қана қоймай, өзіңізге естелік қалдырасыз. Біраз уақыт өткен соң алтын күндеріңізді еске аласыз.

25. Бір ай бойы өтірік айтпаңыз. Аузыңызбен айтылған әрбір сөз жүрегіңіздің түкпірінен шықсын. Өзіңізді де, өзгені де алдамаңыз. Тұлға ретінде қалыптасып, жақсыны ғана ойлауға көмектеседі.

26. Төмендегілердің барлығын жүзеге асырып көріңіз. Қыдырып барған жерлеріңізде немесе кітап оқып отырған сәттеріңізді суретке түсіріңіз. Күн сайын жаңа бейтаныс адаммен сөйлесіп, жаяу 10 000 қадам болатындай жерлерге барыңыз. Ұйқыдан тұра салысымен өзіңізді мақтап қойыңыз.

27. Бұрын-соңды жасауға қорқып жүрген іспен айналысып көріңіз. Қорқыныш атаулысы әрдайым аяғыңыздан шалып отырады. Одан құтылу үшін бетпе-бет кездесуіңізге тура келеді.

28. Шағымданбаңыз. Бұл әрекеттің бірінші күннен бастап қолыңыздан келмейтіні анық. Қанша жерден позитивті адам болсаңыз да, күні бойы күлімсіреп жүру қиын. Бар болғаны сүрінген сәттеріңізді тәжірибе деп біліңіз. Шағымданбау арқылы өз ойыңызды тізгіндеп отырасыз.

29. Медитация жасап көріңіз. Денсаулыққа тигізер пайдасы мол.

30. Қайтарымы жоқ жақсылықтар жасаңыз. Үлкен кісілерге автобуста орын беріп, ауыр жүктерін көтерісіңіз. Қайыр сұрағанға тиын беріңіз. Қысқасы қолыңыздан келетін жақсылықты аямаңыз.


Санат: KZ портал | | 3 520
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .