Қой сою дәстүрі (видео)

Қой сою дәстүрі (видео)

Қазақ халқының басты тағамы ет болғандықтан мал бордақылау, мал сою рәсімі өз алдына дәстүрге айналған. Қазақ халқы ең сыйлы адамдары үйге қонаққа келгенде қойдың басын ұсынады. Оны “бас көрсету” деп атайды. Қойды соймас бұрын қонаққа бата бергізеді және өткір пышақпен дұға оқып сояды.

Әрбір қазақ жігіті мал сою және оны жіліктеу дәстүрін жақсы білуі керек. Малдың терісін сыпырғанда теріні тесіп алмай ептіліктерін таныту керек. Ары қарай қой союда орындалатын салт-дәстүрлер мен оған берілетін түсініктермен таныс боласыздар.

Сойылатын қойды таңдау

Сойылатын қой пышаққа жарамды семіз болуы керек. Буаз қой сойылмайды, өсімге қалдырылады. Көбіне қоңы жарамды қартаң қой таңдалынады.

Малға бата сұрау

Сояр қой таңдалынып, іріктеліп алынғаннан кейін үй иесі ақ адал-малын қонағына көрсетіп бата сұрайды.

Қойды бауыздауға дайындық

Үй иесі малын қонағына көрсетіп, оның ризашылығын алып жатқанда қасапшы пышағын сайлап, құманға жылы су құйып, шыптасын ыңғайлап қояды.

Қойды бауыздау

Малды бауыздау үшін қан-жын төгіліп, үйдің маңын шыбын-шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа, көбіне су жағасына апарып, төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға қараьып, “бісміллә” деп бауыздауға кіріседі. Содан соң “сенде жазық жоқ, менде азық жоқ” деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді.

Қойды бауыздаған соң

Бауыздалып жаны әбден шыққаннан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіп алынады. Содан кейін қасапшы құмандағы жылы сумен қойдың алқымын жуып, бауыздау қанынан тазартады, қолын, пышағын жуады.

Бауыздалған қойды екі түрлі тәсілмен сою

Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі төселген шыптаның үстіне жатқызып сою, ал екіншісі артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою немесе асып сою.

Қойдың терісін іреу, түю

Қойды сою үшін алдымен терісін ірейді. Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәрітппен қойдың терісін бауыр жағынан кесуді айтады.

Бас пен төрт сирақты үйту

Тері сыпырылмас бұрын бөлектеніп алынған бас пен төрт сирақ үйтілуге жіберіледі. Өйткені ет бұзылып қазанға салынғанша бас пен сирақ та үйітіліп дайын болуы керек.

Терісі сыпырылған қойдың денесін мүшелеу

Тері сыпырылып болған соң қойдың денесі мүшелеп бұзылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі