Қашықтықтан оқытудың орта мектептерде оқытудың маңызы


Қашықтықтан оқытудың орта мектептерде оқытудың маңызы

Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту – қазіргі таңдағы үлкен прблемалдардың бірі болып саналады. 

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыруда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласының қойылатын талаптар: 

  • білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
  • білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану;
  • электрондық оқулықтар жасау, мультимедиялық технологияларды пайдалану;
  • телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. Оқыту үрдісінде мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлік техниканы пайдаланудың локальді және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар және т.б. оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым қатынасы үшін бірден бір мүмкіндікті бүкіләлемдік   компьютерлік интернет жүйесі береді. Сондықтанда оқу тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда мұғалім жұмысы мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы керек:

- әдістемелік-пәндік Web–сайттар ашу, компьютерлік желілерді пайдалану;

-    қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып өздігінен қосымша білім алу.

Қашықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білім жетілдірудің бұрынғы дәстүрлі жүйесіне елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Оқу ақпаратын шалғайдағы елді мекендерге жеткізуде қашықтан оқыту технологиясын қолданудың ерекше маңызы бар. Оқытудың қашықтық формасы оқушыларды даярлауда білім берудің маңызды формасына айналып отыр. Қашықтан оқытуды дамытудың қажеттілігі, біріншіден қашықтан оқыту студенттер  мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, себебі дәстүрлі оқытуда жұмыста болуына байланысты немесе тағыда басқа себептерге байланысты сабаққа қатыса алмай қалу сияқты қиыншылықтар жиі кездеседі. Қашықтан оқитындардың құрамында физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), оларды күтуші адамдар, яғни бірыңғай үйде отыратын адамдар, жасы ұлғайған адамдар, денсаулығына байланысты күндізгі оқу сабақтарына қатыса алмайтын адамдар, алыс аудандарда тұратын адамдар оқи алады. Екіншіден жоғары, арнайы оқу орындарында аз шығынмен неғұрлым көп адамдарды оқыта балады. Үшіншіден, адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруына немесе өміріндегі әр түрлі өзгерістерге қарамастан білім алуды жалғастыра алады. 

  Осындай артылықшылықтар көптеген оқу орындарында эксперимент түрінде болсада қашықтан оқытуды ендіруге мәжбүр етіп отыр. Бұл тенденция қоғамда білім алуға мүмкіндігі бар адамдар санын арттыруға мүмкіндік береді. Тек қана Құрама Штаттың өзінде 60%  пайыздан жоғары мемлекеттік колледждер төрт жылдық оқыту мерзімімен Интернеттің көмегімен оқытуды ұсынып отыр. 1992 жылдан 1995 жылдар аралығында АҚШ-та қашықтан оқытудың өсуі 150%  пайызды құраса, ал 2000 жылдардың басында - 200% пайыз құрап отыр.

Қашықтан оқытудың аймақтық жүйелері жекелеген аймақтардың алып жатқан территорияларының ерекшеліктерін ескере отырып, осыған орай білім беру ісіндегі маңызды міндеттерді іске асырады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтан оқытудың құрамына енуі керек. Осыған орай оларды құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау қажеттілігі туындайды. Ал, қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала, ауыл шеңберінде жұмыс атқаратыны, оның құрамына тек жоғары оқу орындары кіріп қана қоймай, мектептер, гимназиялар мен колледждер де жататыны бәрімізге белгілі. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін іске асыру қажет. Осыған орай обылысымыздағы мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде көптеген жұмыстар атқаруда.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент – сервер, мультимедия, компьютерді оқып үйренуші жүйелері, электрондық оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар, қашықтан оқыту жүйесінің   технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулық, бағдарламалардың кілтін тауып, еркін кірулеріне болады. 

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, тапсырмаларды орындау барысында, өз қашықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл күй психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерің жетік біліп, олармен іс жүзінде істей білуі шарт. 

Қашықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушылар және осы істе басқа да мүдделі адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
  • Қашықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және  коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет. 
  • Қашықтан оқыту технологиясын жетік білетін білім саласындағы қызметкерлерді, оқытушыларды таныстыра білуі қажет. 
  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануы қажет.
  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыру қажет. 
  • Жинақталған түрде оқу бағдарламысын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет. 
  • Оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.  

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогиялық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда. 

Жоба ауыл мектебі оқушыларының үлгерім сапасын арттыруға, олардың ашық ақпараттық білім беру кеңістігіне енуін қамтамасыз етуге, ауыл мұғалімдері мен оқушылардың технологияны игеруіне бағытталған. Бұл технология – білім беру үрдісі субъектілерінің (оқытушылар мен оқышылардың, электрондық басылымдарының авторлары мен тұтынушылар) пәндік білім саласындағы ғалымдармен және жетекші мамандармен арақашықтыққа қарамастан өзара әркет етуін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-қарым-қатынастық технологияның жаңа сапалы түрі. 

 Қашықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және басқа байланысу орталықтар көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген және де бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту технологиясының артықшылғы – оқыту барысында қолданылатын мультимедия жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламалар оқушылар тез қабылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі. 

Қашықтан оқытуды жүзеге асыру кезеңдеріне тоқталсақ: 
- электрондық оқыту басылымды өңдеу және қолдау;
- оқу бағдарламаларын басқару;
- қолданушыларды құру, өзгерту және жою;
- оқыту үрдісін қолдау;
- электронды кітапхананы және тест қорын құру, толықтыру, динамикалық жаңарту;
 - жалпы жүйеге, оқыту бағдарламасына сын пікірлер, ұсыныстар алу және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында барлық қолданушылар үшін кері байланысты қамту.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. .«Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
  2. .Симонович С. Евсеев Г. Алексеев А. «Специальная информатика». Учебное пособие.
  3. .Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж.
  4. .Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.» 242 – 380 бет. 2003 ж.
  5. .Гаврилов Н.А. Методология структурного агализа учебного текстового материала для целей дистанционного обучения / материалы ХVI Всероссийской конференции «ТЕЛЕМАТИКА-2009».СПб.,2009.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту: Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Блім,1997,93-бет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі