Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында емдік дене шынықтырудың ерекшеліктері


Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында емдік дене шынықтырудың ерекшеліктері


 Мақала авторы:   Ақтөбе қаласы, №60ЖББОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  А.Е. Тубирова


 
        Инклюзивті білім – бұл ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуы мен кедергілердің жойылуына және олардың сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.

      “Инклюзив” сөзі латын тілінен аударғанда – «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. 

Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім бере отырып, оларды оқытып-үйретудің бір формасы. 

    Инклюзивті оқыту – барлық балаларға, мектепке дейінгі оқу ұйымдарында және білім беру  мекемелерінде, балалардың тең құқығын анықтай отырып,   ұйым өміріне белсене қатысуға, ұжыммен тіл табыса білуге, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

       Инклюзивті білім алуға жатқызылатын балалар:денсаулығында ақауы бар мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалар. Қоғамда әлеуметтік бейімделуі қиын балалар. Әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық төменгі деңгейдегі отбасылардан шыққан девианттық мінез-құлықты балалар

       Инклюзивті сыныптардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМС 1.4.002-2012 және ПМПК  психологиялық-медициналық-педагогикалық ұсынымдарына сәйкес іске асырылады.

        Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету барысында ең әлсіз санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған инклюзивті сыныптарда арнайы білім беру ұйымдарының сәйкес түріндегі типтік оқу жоспары негізінде жеке оқу жоспарлары және баланы оқытуға ұсынылған болжалды бағдарламалар негізінде оқу жоспарының әрбір оқу пәні бойынша жеке оқу бағдарламалары әзірленеді. Мұндай жеке оқу бағдарламалары – оқушылардың даму деңгейінің өзектілігін ескере отырып, оқытылатын пәндердің өткізілу ерекшеліктеріне, баланың білім алуына, және оның жан-жақты дамуымен қатар сауығып түзелуіне ықпал ететін  дағдылардың жүзеге асуына басты назар аударады.

           Инклюзивті білім беру барысында белгілі бір арнайы топтағы оқушыларға жеке білім беру бағдарламаларына сәйкес, «Емдік дене шынықтыру» сабағын өткізген дұрыс. Арнайы курстан өткен, оқыған білікті маманның нұсқауымен емдік дене шынықтыру сабағында,  емдік –сауықтыру жаттығулары, арнайы әзірленген дене жаттығулары, массаж т.б. жүргізіледі..           

          Мысалға оқушының белгілі бір дене бөлшегінің, буынының, аяқ-қолының тартылып немесе бөгеліп қалушылық қасиетін жою үшін арнайы әзірленген жаттығуларды жасай отырып, осы емдік дене шынықтыру сабағының тигізер пайдасы зор. Сонымен қатар емдік дене шынықтыру қозғалыстың шектеулілігін,  қозғалыстың жеткіліксіздігін және бұлшық еттің сезімінің  байланыссыздығын түзету, емдеу және қалпына келтіру, қозғалыс біліктілігін жетілдіру, моториканы дамыту мүмкіндіктері жүзеге асырады.. Мұндай сабақтар топта, дербес және кіші топта өткізілген дұрыс. Сабақ ұзақтығы 30 минуттан аспағаны жөн. Ауруының мәліметтері ескеріліп, кешенді  дәрігерлік тексеруден өткен балаларға емдік дене тәрбиесі, арнайы әзірленген дене жаттығулары тағайындалады.        

       Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында  барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыты жүзеге асырылады, сонымен қатар дене және танымдық, сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. 

         Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, сонымен бірге бала дамуындағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады.           

       Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылатын жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуындағы медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқудағы арнайы емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылған  жөн. Мысалы ЕДШ емдік дене шынықтыру. Бұл балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық арнайы жаттығу сабағы десе де болады.. Әр оқушыға арналған арнайы емдік жаттығулар, гимнастикалық жаттығулар және  қол-аяқ, саусақ моторикасын түзету жұмыстарының жоспарын  дене шынықтыру мұғалімі мен дәрігер бірлесе отырып құрастырған дұрыс. Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы немесе мұғалімі әр оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізе отырып, оның ішіне баланың қимыл-қозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелерін жазып отыру керек. Әр тоқсанның аяғында дене шынықтыру және түзету жұмысының қорытындысы шығарылып, қол жеткен нәтижелерді ескере келе жоспарға толықтырулар енгізгізіліп отыру қажет. Сабақтар емдік дене  шынықтыру бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізілгені дұрыс. Алынған нәтижелер дене шынықтыру және сабақтан тыс жалпы дене шынықтыру шараларында бекітілетін болады. 

         Жалпы білім беретін орта мектептердегі  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ерекше топтағы оқушыларды оқыту барасында, тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударып, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған балалардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына бағытталған арнайы жаттығуларды жоспарлауы керек. Сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескере отырып,  анық және нақты командалар беріп, әрекеттерді арнайы көрсетіп,  емдік дене шынықтыруларды ұйымдастыру қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!