Малика Мұқтарова

 Малика Мұқтарова

Малика Муктарова – арбада отырып билеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Ол 2000 жылы қарапайым отбасыда дүниеге келген. Туыла сала дәрігерлер оған ДЦП екенін айтып, мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне өткізу керек дейді. Бұл нұсқа оның әке-шешесін ешқалай қанағаттандырмайтын еді. Көптен күткен сүйікті қыздарын үйіне алып кетеді. Оған барлық махаббаттарын беріп, аялап өсіреді.

– Маған өте керемет отбасы бұйырған. Анам әрқашан ақылын айтып, алға жетелесе, әкем менің арбамды жөндеп жүреді, – дейді Малика.

Ол 8 жасынан бастап, сахнаға шығып, ән айта бастайды. Бала кезінен өнерлі екенін білген ата-анасы қызды көптеген үйірмелерге қатыстырып, жан-жақты болғанын қалайды. Ал арбада билеу қайдан шықты?
Малика Қостанайдағы Дүйсенғали Оспанов пен Аруна Жақсағұлова негізін қалаған «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестікке барғанда өзінің осы өнермен айналысқысы келетінін түсінеді. Бірақ, ол үшін әртүрлі қимылдарға шыдас беретін арба керек еді. Оған ата-анасының мүмкіндігі жетпейтінін түсініп, Малика еш қысылмастан көмек сұрай бастайды.

– Билегім келетінін барлық жерде айтып, ақыры қалаған нәрсеме қол жеткіздім, ал бүгін мен өте бақыттымын, – дейді ол.
Жақсы нәтижелер де көп күттірген жоқ. Ол 2015 жылы Қостанай облсының 5 дүркін чемпионы атанды. Ал 2016 жылдан бастап, Малика халықаралық жарыстарға қазақ елінің атынан шыға бастады. Әлем кубогы мен құрлықтық кубоктық сындарда ол жүлделі орындардан көрінді. Күш-жігері мықты қыз күн сайын жалықпай жаттығып, Азия чемпионатында да Қазақстанның абыройын асқақтатып, бірінші орынды ұтып алған еді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?