Ақыл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 323
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 196
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 258
Баталар: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 1

 Ақылдың өлшемi –  парасат.
Парасат өлшеміне нелер, қандай қасиеттер сай келеді?
Ақылдың нәтижесі, көрінісі парасат болғаны ма?..
©  Гүлтас Құрманбай
Ағаттық өткен соң,Ақыл-кеңестен не қайыр?!
Ай түнде керек,Ақыл күнде керек.
Ақыл өлшемі-парасат.
Ақылдан айырылғанша, аяқтан айрыл.
Алтыныңа сенгенше, ақылыңа сен.
Адам баласы тек өзіне, өзнің біліміне, ақылына, күшіне сену керек. Біреулерден жақсылық болса, ол – жақсы...
©  Гүлтас Құрманбай
« Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар»
 
Білімді тар ұғымда, білімі бар..
©  Гүлтас Құрманбай
Ақыл деген алтын тәж,Әр басқа қона бермейді.
Болымсыз ақыл бұра тартар.
Ақыл көптің азығы.
Қалам жазбайды, ақыл жазады.
Біреудің шаңырағына ақыл айта барма.
Шарап кірсе, ақыл шығады.
Қысқалық – ақылдың жүрегі.
 Тыңдаудан – ақыл, сөйлеуден – пұшаймандық туады.
 Киімге қарап қарсы алып, ақылға қарап шығарып салады.
 Жазадан соң ақылды – дана болады, ақымақ – бала болады.
Атағы шыққан жақсыға,Ақылды байлап қылма құл. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи
Ашу қысса - ақылың ғайып болады. 
©  Махмұд Қашқари
Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
©  Бауыржан Момышұлы
Ақылың барда адамдарды танып ал.
Бұрын қонғаннан қоныс сұра,
Бұрын туғаннан ақыл сұра.