Қ әрпі туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 73

Қырбақ қар құрғақ па,Құрғақ қар құрғақ па?Қырбақ қар да құрғақ,Құрғақ қар да құрғақ.
©  Сұлтан Қалиұлы
Қодар ожар болды ма,Ажар ажал болды ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Құр дарақты құрт, араққа берді ме,Ұлтарақты ұл – қараққа берді ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Қажымұрат Қожамұратов па,Қожамұрат Қажымұратов па,Қажымұрат пен Қожамұрат – Қазымұратов па?
©  Жәди Шәкенұлы
Қарғалдаққа адал ақ қар нақ қар болар,Қарға адал, ақ гүл қарғалдақ болар.
©  Жәди Шәкенұлы
Құлдар құр алақан тұрар ма,Құлдарды күң Гүлнар мен қу Құмар құр алақан қылар ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Қарға ақ емес, тарғақ қара емес,Қарға тарғаққа пар емес.
©  Жәди Шәкенұлы
Қара атқа мінген қалақтай бала ма,Қалақтай бала қаратпай бара ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Қара таудың қарлы басынан қарлығаш ары асты ма,Қара басып қарлы басында қарлығыш адасты ма.
©  Жәди Шәкенұлы
Қызылорда мен Қостанай, Қарағанды
Қ дегенім – Қорғалжын,Үйрек ұшып, қаз қонған.Қарағандыда «қара алтын»,Қаратауда кен қазған.Қордайда шырқап асқақ ән,Думанмен таңын атырған.Қызылорда..
©  Нұртан Төлепбергенұлы
«Қ» ӘРПІ
Көзге түсер қашанда ерекшелер,Түнге сіңіп кетеді өлекселер.Бұлақ көзін аша алмас терең қазып,Қыл-қыбырды жинайтын күрекшелер.Күн сүйетін маңдайлар..
©  Айсырға Қилыбаева
Бiлетiн бар кiм?«Қ» əрпiн,Қайсы құсАйта алар айқын?(Қарға, қарқылдап)
©  Ескен Елубаев
Тоқта бар,Ашта жоқ.Шоқта бар,Шашта жоқ.(Қ)
©  Ескен Елубаев
«Қ»Қастерлi құс – қоқиқазҚорығында Қорғалжын.Қарақшы, қаныпезерденҚамқорлықпен қалайда,Қоқиқаздар қорғалсын.
©  Ескен Елубаев
Л-дан бастасаң – Лақ. Қ-дан бастасаң не?(Құлақ)
Қ әрпі: Қазақша – орысша – ағылшынша сөздік
ҚАБАТ І (ҚАТПАР) напластование bedding, deposition, stratificationбастапқы ~ первичное ~ primary [original] bedding диагоналды ~ диагональное ~ false..
©  МҰНАЙ МЕН ГАЗ: ҚАЗАҚША-ОРЫСША-АҒЫЛШЫНША СӨЗДІК
ҚандаладаҚан бола ма?КамбаладаҚан бола ма?
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қонды құстар,Қондырты құштар.Қонды құс таОңды күш бар.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қоралықтағы,Қор анықталды.Қор анық болдыҚора қозыға лық толды.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қожаш қонды,Қозы аш болды.Қожашқа оңды,Бозащы жолы.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қазықты тоқпақпен тоқпақтағандаТоқпақты тоқтатпай тоқпақта.
Қаңбақ-тоңғақ!Тоңғақ-қаңбақҰшты иық қомдап!
Қапты ап, мақта ап,Мақта қапталап,Қақтап аптап,Теріміз ақты-ақ.
Қара бояу да,Ақ бояу да бар менде.Қара бояуларАқ бояудан кем бе?
Қарақат терген рахат па?Тұра қап қарақат жеген рахат па?Тауықтар да қарақатқа құмар ма?Тарысы бар ала қап та ұнар ма?