Достық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Достық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Достық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Достық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Достық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 76
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 99
Нақыл сөздер: 59
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 7
Аңыздар: 2
Эсселер: 6

Достыққа дұшпандық қылған адам оңбас. 
©  Жалаладдин Руми
Достық, ең алдымен — еркіндік. 
©  Асқар Сүлейменов
Махаббат достықтан да күшті. 
©  Бернияз Күлеев
Мінсіз дос іздеген доссыз қалады.
©  Әл-Фараби
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
©  Әл-Фараби
Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып.
©  Әл-Фараби
Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.
©  Мұхтар Әуезов
Әрдайым достықты да, қастықты да сезіну керек. Керісінше, біріншісі қауіпті болып, екіншісі өршуі мүмкін. Ертең не болатынын ешкім білмейді.
©  Филип Честерфилд
Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.
©  Тоқсары
Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.
©  Тоқсары
Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.
©  Тоқсары
Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.
©  Тоқсары
Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.
©  Тоқсары
Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.
©  Тоқсары
Құдалық та - достықтың дәнекері.
©  Тоқсары
Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.
©  Тоқсары
Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.
©  Тоқсары
Сейсенге сенсең - маған сен.
©  Тоқсары
Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.
©  Тоқсары
Тұрақтылы болмаса, достықтың да, махаббаттың да құны жоқ.
©  Джозеф Аддисон
Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.
©  Омар Хайям
Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.
©  Омар Хайям
Нағыз шынайы достар алмаз сияқты, аса қымбат әрі сирек кездеседі. Жалған достар күзгі жапырақ тәрізді, аяқтың астында.
©  Брюс Ли
Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.
©  Далай-Лама
Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.
©  Далай-Лама