Ашу туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ашу" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ашу" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ашу" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ашу" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 77
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 45
Нақыл сөздер: 37
Әңгімелер: 6
Анекдот, әзілдер: 1

Ашулыдан алты табан қашық тұр.
Аюды жеңген — жарты ер,
Ашуды жеңген — бүтін ер.
Ашу — пышақ, ақыл — таяқ.
Ақылы аздың — ашуы көп,
Таяз судың тасуы көп.
Ашу түбі — кейіс,
Ақыл түбі — кеніш.
Досың аз, дұшпаның көп болса —
Зор боласың.
Ақылың аз, ашуың көп болса —
Қор боласың.
Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер.
Ашу — шабыстырады,
Ақыл — табыстырады.
Ашу — садақ,
Ақыл — таяқ.
Ақыл — дос, ашу — дұшпан.
Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді.
Ашу дұшпан, ақыл дос-
Ақылыңа ақыл қос.
Ашумен басталған іс
Абыройсыз аяқталады.
Ашу — дұшпан, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Қайсы бірде қайырымды да ашуланар.
Ашу келсе - ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса,
Ашу не етер?
Сөзің тәтті болсын,
Ашуың қатты болсын.
Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Орынсыз ашу — от шашу.
Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.