Денсаулық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Денсаулық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Денсаулық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Денсаулық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Денсаулық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 138
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 13
Нақыл сөздер: 68
Туындылар: 4
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 10
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 5

Айран ішсең ас болады.
Шымырдың сезімі сергек.
Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.
Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.
Сергектің сенімі нық.
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.
Жаман ауруға жақсы ас.
Көкірек ауру күле кетер.
Ауру аздырады,
Суық тондырады.
Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Айналдырған ауру алмай қоймас,
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
Жанымды алмаған ауру,
Жанымның садағасы.
Шірік шірітеді,
Бұзық бүлдіреді.
Шірікке шыбын айналар.
Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
Ас — елдің құты.
Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.
Шынықсаң – шымыр боласың.
Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Ауру атанды да шөктірер.
Бас ауырса жан қорқады.