Түйе туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Түйе" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Түйе" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Түйе" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Түйе" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 12
Мақал-мәтелдер: 78
Жұмбақтар: 46
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 4
Аңыздар: 9
Эсселер: 1

«Мойның неге қисық?» десе түйеге:
«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.
Түйе жүкті тарта алмаса да,
Түңіліп бақыруын қоймайды.
Түйе тұрғанша, күрмеп қал.
Түйе қараған мылжың,
Қатыны өлген мылжың.
Бота беріп, түйе қалады.
Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.
Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.
Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
Ат - биеден, аруана - түйеден.
Түйе мінген адам үш бүктеле алмайды.
Атан-түйе ойнаса жұт болады.
Түйенің танығаны жапырақ.
Түйе байлық, жылқы мырзалық.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.
Жебір түйе жабуын жер.
Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Досыңнан түйе сұрасаң,
Ұялғанынан бие берер.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.
Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір.
Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.
Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
Түйе қашып, жүктен кете алмас.
Түйе өлген жерде жүк қалады.