Алғыс айту туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Алғыс айту" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Алғыс айту" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Алғыс айту" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Алғыс айту" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 4
Тақпақтар: 92
Өлеңдер: 45
Құттықтау, тілектер: 72
Баталар: 23
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 13
Эсселер: 12
Алғыс айту күні бұл
Алғыс айту күні бұл,Бірінші наурыз кеп жеткен.Араздықтар жойылар,Самал жел кеп тербеткен.
© Алғыс айту күні
Рахмет саған, жан досым
Рахмет саған жан досым, Өзіңе көп алғысым. Әрбір наурыз, әр көктем, Сәтті болсын әр ісің...
© Алғыс айту күні
Рахмет құрбым, мың алғыс
Рахмет құрбым, мың алғыс, Айтамын шын жүректен. Әр наурызда шаттана, Құлпыра бер әр көктем.
© Алғыс айту күні
Жиенім саған мың алғыс
Рахмет саған, жиенім, Алғыс айтам өзіңе. Амандықта, саулықта, Бақытты бол, сезіне.
© Алғыс айту күні
Рахмет апа, алғыс көп
Рахмет апа, алғыс көп, Айтамыз шын жүректен. Әрбір наурыз шаттықта, Қарсы алсын гүл көктем.
© Алғыс айту күні
Көке сізге, мың алғыс
Біздері ойлап жүретін, Көке сізге рахмет. Алғыс айтып қашанда, Қып жүреміз біз құрмет.
© Алғыс айту күні
Рахмет саған сіңілім
Табылатын қасымнан, Рахмет саған сіңілім. Алғысым көп өзіңе, Ұзақ болсын ғұмырың.
© Алғыс айту күні
Рахмет інім, бауырым
Рахмет інім, бауырым, Алғысым көп өзіңе. Жүрші аман жан інім, Рахметімді сезіне.
© Алғыс айту күні
Әпке сізге мың алғыс
Әпке сізге мың алғыс, Рахметім көп менің. Саулығыңды тілеймін, Жаным әпкем, тек сенің.
© Алғыс айту күні
Жан анашым, рахмет
Әлпештеген, аялап, Жан анашым рахмет. Алғысым көп өзіңе, Рахметімді қабыл ет.
© Алғыс айту күні
Рахмет әке, алғыс көп
Еркелетіп, жетелеп, Өсірдің әке, рахмет. Әрқашанда жасаймын, Өзіңізге мен құрмет.
© Алғыс айту күні
Рахмет әже, әжетай
Рахмет әже, әжетай, Ертегі айтып бересіз. Алғысым көп әжетай, Көңілге гүл себесіз.
© Алғыс айту күні
Ата сізге мың алғыс
Ата сізге мың алғыс, Бата беріп жүресіз. Рахмет ата сізге тек, Алғысым көп білесіз.
© Алғыс айту күні
Бауырларым мың алғыс
Бауырларым, рахмет, Алғысым көп сіздерге. Амандықта болыңдар, Жол көрсетіп біздерге.
© Алғыс айту күні
Алғыс айтам бас иіп
Ағайын-туыс сіздерге, Алғыс айтым бас иіп. Рахмет, көп алғысым, Айтарым сол басты иіп.
© Алғыс айту күні
Бірінші наурыз күні бұл
Құтты болсын қазағым, Алғыс айту күні бұл. Көктемнің күні бірінші, Бірінші наурыз үні бұл.
© Алғыс айту күні
Алғысым көп, рахмет
Қазақ елім, Отаным, Қазақ тілім мың алғыс. Рәміздерім, байрағым, Берер бізге толғаныс. Жаратқаным жар болып, Бола берсін оңнан іс.
© Алғыс айту күні
Ағайын-туыс мың алғыс
Ағвйын-туыс мың алғыс, Туысқандар барыңа. Рахмет айтам тағы да, Атар әрбір таңыма.
© Алғыс айту күні
Отаным, жерім мың алғыс
Отаным, жерім мың алғыс, Сенде туып, сенде өстім. Рахмет саған туған жер, Алмасын бізден сені ешкім.
© Алғыс айту күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Алғыс айту күні бұл. Туған елім мың алғыс, Қабыл ал шаттық үнім бұл.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту күнімен
Алғыс айту күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Жаратқанға мың алғыс, Аман еткен біздерді.
© Алғыс айту күні
Алғыс айту сөздері достарға
Рахмет саған, жан досым, Барыңа сенің қасымда. Алғысым көп өзіңе, Жас қосылсын жасыңа! Қуанышын сыйласын, Келіп жеткен әр көктем. Рахмет саған, жан..
© Алғыс айту күні
Рахмет саған, құрбыжан!
Сырласып бір болатын, Рахмет саған құрбыжан! Алғысым көп өзіңе, Айтатұғын, құрбыжан! Қолдап мені жүресің, Қандай жағдай болмасын. Рахмет құрбым, мың..
© Алғыс айту күні
Мың алғыс саған, жиендер!
Нағашыға еркелер, Мың алғыс саған, жиендер! Бар болыңдар, нар болып, Амандықта жиендер! Көңілдерің түспесін, Жаратқаным жар болып! Күлімдей түс..
© Алғыс айту күні
Мың алғыс саған, нағашы
Жиендерді қуантар, Мың алғыс саған нағашы. Рахмет көп біздерден, Жол бастайтын нағашы. Сіздер барда жоқ мұң да, Нағашылар аман жүр. Әрбір көктем..
© Алғыс айту күні