Әже туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Әже" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Әже" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Әже" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Әже" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 8
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 59
Өлеңдер: 106
Жаңылтпаштар: 10
Нақыл сөздер: 1
Құттықтау, тілектер: 29
Әңгімелер: 28
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Аузында дана сөзі бар
Аузында дана сөзі бар, Барша адамды баурайтын. Әжетайым осындай, Үзілген жіпті жалғайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жаратқаным жар болып
Әжетайым жүрші аман, Жаратқаным жар болып. Жүріңізші саулықта, Қасымызда бар болып... Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ойлап жүрер біздерді
Ойлап жүрер біздерді, Амандықта болсын деп. Әжетайым болшы аман, Әр уақытта күлімдеп. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүзі жылы жан ізгі
Жүзі жылы жан ізгі, Жүрегінде мейрім бар. Әжетайым асылым, Қасымыздан табылар. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым ардағым
Әжетайым ардағым, Бізді ойлап жүретін. Орныменен, жөнімен, Риясыз боп күлетін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем менің асылым
Әжем менің асылым, Ертегімен тербейтін. Қиындыққа қарамай,Жанымызды емдейтін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым болшы аман
Әжетайым болшы аман, Жаратқаным жар болып. Күлім қағып саулықта, Жүрші әжетай бар болып. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжем барда
Әжем барда бар әлем, Құлпырады, жайнайды. Есік алды бақтарда, Бұлбұл құсы сайрайды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әжетайым
Әжетайым ерекше, Жылы, сөзбен үн қатқан. Ертек оқып біздерге, Жақсылыққа құмартқан. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әже
Менің әжем әдеміАлақаны аялы,Біз даладан келгендеКүліп құшақ жаяды.
©  Баянғали Әлімжанов
Асыл әжем
Әнін жазған Еркеш ШәкеевАсыл әжем менің –Асқарлы белім.Сөздеріңді сеніңҚұлағыма құйып келем.Асыл әжем дана,Салған жолың сара,Сол жолыңмен жүріп..
©  Абдрахман Асылбек
Әжемнің көмекшілері
Марал әжем әлі мықты,Таңнан іске аттанады.Мойындамас кәрілікті,Көп жұмысты атқарады:Сары сиыр мөңіресе,Су береді Марал әже.Сауатын кез келді..
©  Абдрахман Асылбек
Немеренің әні
Атамыз бар – «Дедушка»,Әжеміз бар – «Бабушка».Дейді мені: «Внугім»,Түсінеді мұны кім?Әлім деген атымды«Алимок» деп шақырды«Алимогім, Алимок, –Дейді..
©  Абдрахман Асылбек
Ата мен әжеме
Атамыз бар – дедушка,Әжеміз бар – бабушка.Немере деп қарайды,Шашымызды тарайды.Күнде күтіп-баптайды,Кәмпит, құртын сақтайды.Жасай берсін..
©  Абдрахман Асылбек
Ата-әжеге мың алғыс!
Немересін ойнатар, Сәл нәрсені тойлатар.Ата-әжеге мың алғыс,Көңілдерді жайлатар! Жібек Искакова
©  Алғыс айту күні
ƏЖЕМЕ
Алданып, əркімдерге болғандай жем,Өтті ғой біздің бастан қилы кезең.Ақкөңіл бір жанашыр іздегенде,Есіме елден бұрын түседі əжем.Ет-жүрек елжірейді:..
©  Жарасбай Нұрқанов
Асыл әже
Бүгін міне, асыл әжеТуған күнің кеп қалдыМерекеңе орай менӨлең жаздым өзіңеСен алтынсың, ғаухарсыңбіздер үшін заңғарсыңӘрқашанда мен үшінжақұттанда..
©  Жұмабай Арман
Әжемнің зиратында
Тумай жатып мен қанша аза көрдім,Тармағымын шумағы аз өлеңнің ...Ақ әжеме орнатқан мынау күмбез —Кимешегі тәрізді ақ әжемнің.Шыққан тұңғыш әйелден..
©  Светқали Нұржан
Зоопаркте
Әжесі:– Қарашы, Бек, мына аңға.Немересі:– Ұзынтұра шұбар ма?..Әжесі:– Неге ұқсайды сеніңше?Немересі:– Мойны ұқсайды кранға.Әжесі:– Аты не оның..
©  Бейсебай Кірісбаев
Мектепке өзім барамын
Мыж-мыж етіп тастаған,Киімімді өтектеп.Әжем бұрын бақшаға,Апаратын жетектеп.Ерсілігім аз енді,Бүгінде есті баламын.Мазаламай әжемді,Мектепке өзім..
©  Жеңіс Қашқынов
Түзетіп беремін
Қисық біткен о бастан,Қарт әжемнің бармағы.Көріп бірде болмастан,Інім әлек салғаны.Көнбей қойды еш жанға,Көрдіңіз бе өнерін.Алып келіп төс-балға,Деп..
©  Жеңіс Қашқынов
Жеті ата
– Баласының баласы –Көздерінің қарасы,Атасына немене?Әжесіне немене?– НЕМЕРЕ!– Немеренің баласы –Көңілінің санасы,Атасына немене?Әжесіне немене?–..
©  Серікбай Оспанов
Баба әжем
Баба әжем – киелім:Басымды иемін.Жаулығын иіскеп,Жанымдай сүйемін.
©  Ертай Ашықбаев
Отбасы
Атамнан басталар,әжемнен қосталарОтбасым мыналар:Ең жақын адамдар –Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар,Бір туған апам бар...Бәрін жаұсы..
©  Ермек Өтетілеуов
Білмейді
Атасы да әбігер,Әжесі де әбігер.Қылығына ҚасенніңҚынжылады кәрілер.Мінезі тым жаңғалақ,Ізінен тұр шаң борап.Дәптері мен қаламынТаба алмай жүр он..
©  Болат Үсенбаев