Құдық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Құдық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Құдық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Құдық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Құдық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 28
Жұмбақтар: 7
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Дүниеден бір құжыра көресің бе,
Жалғыз көзі көрінер төбесінде?
Өзіне барған мақұлық құр қайтпайды,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

Жауабы:..
Көзі — төбесінде,
Көлі — түбінде.

Жауабы: Құдық
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
Әрбіреуге құдық қазсаң,
Түсерсің өзің.
Базардан әкелген бұлымыз,
Жон терісін тіліңіз.
Еті арам, сорпасы адал,
Мұны не деп біліңіз.

жауабы
Құдықтың суы, топырақ
Жаңбыр өзін селге санайды,
Құдық өзін көлге санайды.
Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Қинау үшін құйын шығарып алады.
Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар.
Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Үстінен құм жауар.
Құдықшы құдық түбінен шықпайды.
Шұқырдан шығып,
Құдыққа құлады.
Құдыққа түкірме ішерге керек болады.
Дария жанынан құдық қазба.
Терең құдықтың суы тәтті.
Оттың қасынан от жақпа,
Елді бұзады.
Құдық қасынан құдық қазба,
Жерді бұзады.
Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер,
Су мен отын
Ошақ басында кездесер.
Су ішкен құдығыңа түкірме!