Әдебиет туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Өлеңдер: 12
Нақыл сөздер: 43
Әңгімелер: 13
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 2

Дүмшеден дәріс алған дүмше болады. Әдебиеттегі дүмшелер көркем дүниеге барынша кесірін тигізіп келеді.
©  Аймақ Әбілда
ТҮБІНДЕ ӘДЕБИЕТ БІЗДЕРДІ ІЗДЕЙТІН БОЛАДЫ...
©  Жанна Елеусіз
Құс қуған бала
Сәтжанның ителгісі үйрек алғаннан бері, өзіне де бұрынғысынан өзгеше тәрізді. Ерекше тұлғалы қыран бейнесіне ұқсағандай. Тұғырда отырса, құм қайрақ..
©  Сапарғали Бегалин
Журналистика — жол үстіндегі әдебиет. 
©  Оралхан Бөкей
Қазақтың қара өлеңі түрлі түске құбылмау қажет. Ол сол қалпында сақ­талған жөн. Қара өлеңмен келесі ғасырға да еркін кіреміз. Әдебиет –..
©  Қалқаман Сарин
Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публицистика - жеңіл кавалерия. 
©  Шерхан Мұртаза
Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.
©  Шерхан Мұртаза
Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі..
©  Ғұмар Қараш
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп… 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл - әдебиет
(Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды) 
Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. 
©  Ғабит Мүсірепов
Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз. 
©  Ғабит Мүсірепов
Әдебиет атомнан да қуатты, бірақ оның күшін отын жаруға қолданудың қажеті жоқ. 
©  Абдулла Қаһар
Жазба әдебиет тілі - мемлекеттіліктің бірінші айырым белгісі. 
©  Олжас Сүлейменов
Мен әр халықтың ертегілерін оқуды ұнатамын: бұл ғажап ғадет - халықтар дүниетанымын ежелгі авторлар метафоралары арқылы тануға жатады. 
©  Олжас Сүлейменов
Әдеби шығарманың мазмұны қоғамдық санадан нәр алып, тіл арқылы жүзеге асады. 
©  Олжас Сүлейменов
Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер..
©  Мұхтар Әуезов
Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.
©  Мұхтар Әуезов
Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті.
©  Мұхтар Әуезов
Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
©  Мұхтар Әуезов
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
©  Мұхтар Әуезов
«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды.
©  Мұзафар Әлімбаев
Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды.
©  Сағатхан Әшімбаев
Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.
©  Сағатхан Әшімбаев