Үй туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 147
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 268
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 25
Құттықтау, тілектер: 48
Баталар: 10
Туындылар: 2
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 1

От жақпаған үй — қорамен тең,
Кісі кірмеген үй — моламен тең.
Ұлы жол,
Үйіңнің табалдырығынан басталады.
Үйде атан, түзде бурамын.
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпейді.
Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жала тастама.
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
Қызым үйде, қылығы түзде.
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Үй баласымен базарлы,
Қонағымен ажарлы.
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.
Бала тентек болатыны — үйінен,
Ердің тентек болатыны — биінен.
Тойған үйге тоғыз бар.
Үйіңе қонақ келсін,
Алыстан сұрап келсін.
Үй болған соң,
Белбау да керек,
Желбау да керек.
Үйден ұзап шықпасаң
Қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң
Жақынға қадірің болмайды.
Түтін шыққан үй — жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Қуыс үйден құр шықпа.
Үйі бірдің — күйі бір.
От басында ұйтқы болмаса,
Үй ішінде түрткі түлейді.
Тату үйдің
Табағы салдырламайды.
Жақсы да болса — өз үйім,
Жаман да болса — өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім.
Құм үстінде ине сабақтама,
Түсіп кетсе, табылмас.
Қонар үйді бір күнде адақтама
Қоналқы ертең табылмас.
Үй болған соң,
Шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.