Ит туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Ит" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ит" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ит" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ит" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 171
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 94
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 27
Туындылар: 2
Әңгімелер: 36
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 5
Эсселер: 1
Алжыған төбет айға қарап үреді.
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
Ит құйрығын жұмсайды.
Түлкі алған итте сын болмас.
Табаны қышыған ит керуенге өреді.
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.
Иттің жатқан жері — төсегі.
Иттің ішіне сарымай жақпайды.
Итті тепсең — ырысыңды тебесің.
Ит әлі жеткенін талар.
Ит қорыған жерге өш.
Жаман күшіктің атын
Бөрібасар қояр.
Бөрібасар қояр.
Итке үкі жараспайды.
Ит — жеті қазынаның бірі.
Есіктен ергенек кетсе,
Иттен иба кетеді.
Иттен иба кетеді.
Жеңген ит желкесінен талайды.
Аш иттің құйрығын
Сұқ ит жалайды.
Сұқ ит жалайды.
Иттің құны — бір күшік.
Иттің басын алтын табаққа салсаң
Шоршып түсер.
Шоршып түсер.
Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.
Иттен ұят кетеді.
Иттің ұлығанын бөрі есітпес.
Ит те киімге қарап үреді.
Ит аузы тигенмен
Дария суы арам болмас.
Дария суы арам болмас.
Итін жамандасаң,
Иесіне тиеді.
Иесіне тиеді.
Ит үрген жерде ауыл бар.
Көп жортқан ит
Күшәлаға кездеседі.
Күшәлаға кездеседі.