Жұлдыз туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 10
Жұмбақтар: 40
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 217
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 14
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 12
Поэмалар: 3
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3
Эсселер: 1

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
©  Лев Толстой
Жеті қат көктен
Жарты жұлдыз таппаған.
Жаяудың жұлдызы болмас,
Қалың құлан жаусыз болмас.
Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ,
Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Күнді айналып қозғалады,
Артында жарық жол қалады.
жауабы - Құйрықты жұлдыз
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.
Жылт-жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
Байладым бір қазыққа екі жылқы,
Екі жігіт ала алмай болды күлкі,
Жетеуі бір қызға ғашық болып,
Ағарды қасіреттен сақал-мұрты.

жауабы ..
Алтын бәкі,
Күміс сәкі
Қырық қысырақ,
Бір сәуірік.

жауабы - Күн, Шолпан, жұлдыз, ай
Қиырсыз бір теңіз бар ол немене,
Құбылып қалқиды алтын бір тегене,
Сансыз құс жүзеді ортасында,
Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене.
Оқшау жүр ақ..
Шым-шытыр, шиедей қотыр,
Оның ішінде әкем отыр.

жауабы - Жұлдыз бен ай
Күн батқан соң жайылдық,
Таң атқанша тойындық.
Таң атып жарық түскен соң,
Тойынып алып жойылдық.
Көкте күлімдейді,
Қолға ілінбейді.
Бірінен бірінің
Қашықтығы білінбейді.

жауабы - Жұлдыз
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
Атасы мен анасы,
Миллионнан көп баласы.
Бір байдың мың қойы қоздайды екен,
Біреуі біреуінен озбайды екен.
Болғанмен алтын астау, күміс күндеу,
Болғанша қиямет қайым тозбайды екен.
Бірталай тары шаштым там басына,
Әуре болып толтыра алмай қамбасына,
Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым,
Ойлағандар мәнісін аңдасында.
Таң атқанша тары шаштым.
Біз, біз, біз едік,
Отыз арба қыз едік,
Бір тақтайға жиналдық,
Таң атқанда жоқ болдық.
Шым-шытыр,
Шиедей қотыр.
Тақиям толған сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.
Етегім толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ.
Біреуде отряд көп сан жетпейді,
Күндіз олар ешкімге көрінбейді.
Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп,
Тұруға бір орында ерінбейді.
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.