👈 қаріп өлшемі 👉

Жұлдыз туралы Нақыл сөздер ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 39
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 200
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 11
Құттықтау, тілектер: 1
Әңгімелер: 12
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3
Эсселер: 1

«... Ымыртта тауды тасалап,арқамнан аққан жұлдыздай».
—  Төлеген Айбергенов
Дүниенің қызуы күннен,Киімнің жылуы жүннен.Қараңғыны қаралап қайтеміз,Жұлдыздың жарқырауы түннен.
—  Балпық би
Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді.
—  Шерхан Мұртаза
Артқы жағынан қара мата ұстап тұратын адам табылмайынша, ешқандай да жұлдыз жарқырай алмайды.
—  Уинстон Черчилль
       Мияулағанның бәрі мысық емес, ол «жұлдыз» болғысы келетіндердің де қолынан келеді.
—  Әбдінағым Көшер
Егер күн болмаса, барлық басқа жұлдыздар қараңғылықты жеңе алмас еді. 
—  Гераклит
Ғарыш кемесі адамдармен бірге жерді тастап, сапарға шығатын уақыт келеді. Жерден ғарышқа сенімді көпір кеңестік жасанды спутниктердің ұшырылуымен..
—  Сергей Павлович Королёв
Жұлдыздар оттар ретінде қабылданады деп қорықпайды.
—  Рабиндранат Тагор
Ол аспан парағында жазулы тұр. Ол әр жұлдыздан сығалап қарайды. Ол — біздің жан дүниемізді рахатқа бөлейтін Табиғат поэзиясы.
—  Джон Рескин
Надандық дегенiмiз ақылдың түнi: айсыз және жұлдызсыз түн.
—  Цицерон
Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
—  Лев Толстой

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы