Жақсылық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жақсылық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жақсылық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жақсылық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жақсылық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 83
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 79
Нақыл сөздер: 70
Құттықтау, тілектер: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Нұрдың суы - нудың суы.
Жамандық жақын, жақсылық алыс.
Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.
Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
Жамандық қылғанға –
Жақсылық қыл.
Жақсылық таудың басында,
Жамандық табан астында.
Жақсы да, жақсылық та жалпыға ортақ.
Жақсылық жар басында,
Жамандық жастық астында.
Жаманшылық пен
Жақсылық егіз.
Жақсылықты қызғанба,
Бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең,
Дүние қызық өтеді.
Жақсылық терек басында,
Жамандық тізең астында.
Жақсылық қылсаң өзіңе,
Жамандық қылсаң өзіңе,
Аспанға қарай оқ атсаң
Қайтып тиер көзіңе.
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Жақсылық етсең, жарты етпе.
Жақсылық ұмытылмас.
Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.
Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.
Жақсылыққа жерік кісі —
Уәдесіне берік кісі.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.