Ажал туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ажал" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ажал" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ажал" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ажал" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 44
Өлеңдер: 118
Нақыл сөздер: 36
Әңгімелер: 39
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Ұйқы — ажал ағайыны.
Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.
Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.
Ажалдан басқаға араша көп.
Ажалдан ақырет артық.
Ажалдан ақша беріп құтылмас.
Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
Сынбайтұғын шөлмек жоқ,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Ажалды киік ашыққа қашады.
Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер.
Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Аңшының ажалы аңынан.
Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
Ажал ажарға қарамайды.
Ажалды жылан, жол үстінде жатады.